Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет7/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Қамысбай Құралай Нұртайқызы


БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУДА КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Пәндік бағдарламаның стандартты мазмұнын білімалушылардың жақсы
және жоғары деңгеймен меңгеруін білімнің сапалы болуы дейміз. Білім
сапасының жалпы көрсеткіші үлкен мәселе болып тұрғаны да шындық.
Білім сапасының төмен болуына бірнеше ішкі-сыртқы факторларды атауға
болады. Сапаның төмен болуына әсер етуші сыртқы факторлар барлығымыз
үшін түсінікті. Олар: білім беру мазмұнындағы өзгерістер, пән
бағдарламасының күрделілігі, пандемия жағдайындағы оқыту, күнделікті
өміріміздің интернет желісіне байлануы, ата-ана тарапынан балаларды
қадағалаудың бұрынғыдай болмауы т.т. Өкінішке орай, балалардың өз білім
деңгейіне деген жауапкершіліктерін арттырмайтын аталған себептерді біз
қалауымызға қарай өзгерте алмаймыз. 
Білім сапасының төмен болуына әсер етуші ішкі факторлар:
– пән мұғалімінің сабаққа қызығушылықты оята алмауы;
– сабақтың түрленбеуі, яғни бірсарындылық;
– тақырыптың тәжірибелік қызметінің ашылмауы, яғни шынайы өмірмен
байланыспауы;
– білім алушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес зерттеу,
талдау, 
бағалау дағдыларын 
қалыптастыратын 
әдіс-тәсілдер 
мен
тапсырмалардың өз дәрежесінде болмауы;
– жеке, жұптық, топтық жұмыстарды жүргізуде қалыптастырушы бағалау
үшін берілетін тапсырмаларға бағалау критерийлерінің нақты немесе түсінікті
болмауы; 
– маңызға ие ішкі себептер қатарына сабақ барысында оқушыдан алынатын
және оқушыға мұғалім тарапынан жасалатын кері байланыстың алынбауы
немесе мақсатсыз, жүйесіз алынуы. 
Білім сапасының төмен болуына әсер ететін аталған ішкі факторларды
оңды нәтижеге қарай өзгерту біздің қолымызда. Өйткені, бұл себептердің орын
алуына «жағдай жасаушы» әрбір пән мұғалімі.
Кері байланысты тұрақты қолдану-білім беру сапасын арттырудың тиімді
жолы деп айта аламыз. Өнімді кері байланыс мақсат тұрғысынан оқушының қай
жерде тұрғанын және жету үшін оқушыға не істеу қажет екенін, қай жерде
қателескенін және қалайша шыңдала алатынын анықтайды. Тиімді кері
байланыс оқушының оқуы мен өсу мүмкіндігіне көмектеседі. 
Сонымен, кері байланыс жүргізуді үш түрге бөліп қарастырсақ:
Біріншісі, біздің көпшілігімізге белгілі психо-эмоционалды сипаттағы сабақ
соңында алынатын оқушының көңіл-күйін, сабақты қаншалықты түсінгенін,
сабақтың қалай өткенін сипаттауға бағытталған кері байланыс түрі. Мұндай кері
байланыстың мұғалімнің өз сабағына рефлексия жасауы үшін белгілі бір ықпалы


болуы мүмкін. Оқу мақсатына қол жеткізу үшін берілетін күнделікті сабақ
кезіндегі тапсырмалардың орындалу нәтижесіне қарай формативті бағалау
жүргіземіз. Қалыптастырушы бағалау жүйесі – оқушының үлгерімін жақсартудың
үздік тәсілдерінің бірі. Себебі, ол біз бен оқушыларымызға ағымдағы үлгерім
жайында хабардар етеді. Сондықтан оқу мақсатына қол жеткізу үшін орындалған
тапсырмалардың нәтижесіне Роберт Марцаноның (2003) айтуынша, тиімді кері
байланыс ұсыну – оқушылардың үлгерімін арттырудың ең үздік жолдарының бірі
болып табылады. Осы тұста білім беру сапасын жақсартуға ықпал ететін кері
байланыс берудің екінші түрінің, мәніне тоқталайық. Сабақ барысында
орындалған тапсырма кезінде білімалушылардың бір-бірінің жұмыстарын
қадағалауына мүмкіндік жасау керек. Оқушы өзінің және бір-бірінің
жұмыстарына кері байланыс беріп, соңында пән мұғалімі тарапынан әрбір
тапсырманың орындалу барысына жасалатын кері байланысты тұрақты дағдыға
айналдыру оқушыны табысты болуға итермелейді және білім алуға
қызығушылығын оятады.
Үлгерімді бақылау мен бағалау үшін, яғни берілген білімнің нәтижесін көру
үшін аптасына, айына, тоқсанына немесе тарау мен бөлімді бітірген соң бақылау
жұмысын көбіне тест түрінде және практикалық жазба жұмыстары арқылы
жүргіземіз. Орындалған жұмысқа пікір жазу білімнің сапасын арттыруға бірден-
бір ықпал етеді. Ал біздің пікіріміз, яғни алынған нәтижеге жасалатын кері
байланысымыз негізінен көп жағдайда жауаптар дұрыс және қате деп көрсетіліп
баға қоюмен немесе тапсырды/тапсыра алмады, "жауап толық емес", "тапсырма
орындауда қиындықтар бар", "әлі де жетілдіре түсетін тұстары бар" немесе
қателердің астын сызып өту, артық әрекеттерді, грамматикалық қателерді
белгілеу,ескерту жасаумен ғана аяқталады. Мұндай жағдайда біз оқушының
қателерін көрсетумен ғана айналысқанымызды ескермейміз. Негізінде әрбір
бақылау жұмысына берілетін кері байланыс кезінде білімалушыға нәтижені келесі
жолы қалай жақсартуға болатын жолын көрсету басты мақсат болу керек.
Нәтижені жақсартуға бағыттала жасалған кері байланыс оқушының оқуына да
өсуіне де бірден-бір мүмкіндік береді. Ескеретін жағдай пән мұғалімі тарапынан
жасалатын кері байланыс оқу мақсатына тікелей қатысты болуы керек. «Келесіде
мұқият бол» деудің орнына қателікті нақты көрсетіп, кері байланысты түсінікті
тілде ұсыну қажет. Мысалы, 8-сыныптың Қазақстан тарихында 8.3.1.1 қазақ
зиялыларының Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға
беру деп аталған оқу мақсатына Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы
қазақ зиялыларының қызметіне үш бағытта (саяси, әлеуметтік, ағарту) дәлел
келтіріп, өзіндік баға беріңіз тапсырмасына нақты жауап жаза алмаған
оқушыларға нәтижені жақсарту үшін келесі әрекетке бағытталған түсінікті пікір
жазамыз. Мысалы, «Құрметті оқушы, тапсырма орындауыңызда тарихи
жағдайларға дәлелдердің ашылып жазылмағаны байқалды. Бұл олқылықтың
орнын толтыру үшін, сізге ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының барлық
жағдайын еске түсіріп, мына сұрақтарға қайтадан ойланып көруге кеңес беремін. 
– Ресейдегі Мемлекеттік Дума қандай орган, немен айналысатын еді? 
– ХХғ басындағы қазақ зиялылары жер мәселесіне, қазақтың оқу-біліміне,
қоныстандыру мәселелеріне қалай қарады?
– қазақ зиялыларына Думаға сайлану мәселесі маңызды болды ма?


– Думаға сайлану арқылы қазақ зиялылары неден үміттенді?
– патша үкіметі ІІІ және ІV Мемлекеттік Думаға қазақтарды сайлау
құқығынан айырды, оның себебі қандай болуы мүмкін?» 
Мұндайда бақылау жұмысы жақсы нәтиже көрсетсе, ары қарай жылжуды
жалғастырамыз. Ал оқушылар берілген бақылау жұмысын (тест, практикалық
жұмыс т.б.) жақсы орындай алмаса, мұның екі себебі бар деп түсінеміз. Не
бақылау тапсырмалары нашар құрастырылған, не тақырыпты (тарау,бөлімді)
басқаша оқыту керек. 
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау да бізге білімді қаншалықты
жақсы бергеніміздің оны оқушылардың қаншалықты игергені жайлы кері
байланыс жасап тұрғанын түсіну өте маңызды. 
Тарих пәні тарихи ойлау дағдыларын дамытуға бағыттала оқытылады.
Тарихи ойлауы қалыптасқан балада тарихи сана қалыптасады. Тарихи ойлау
дегеніміз, өткен оқиғаларды сол заман үшін қарастыра оның алдындағы және
келесі тарихи оқиғалармен салыстыра көре білу, анықтау, талдау, бағалау
қабілетіне ие болу. Тарихи ойлау дағдысы әр сабақ сайын кеңейтіліп, дамытылуы
керек. Ол үшін тарихты тарихи түсініктермен (тарихи концептпен) оқыту шарт.
Тарихи түсініктермен оқытылған балаларда пәндік білім де, тарихи сана да, түрлі
тұлғалық қасиеттерде, басқа да зерттеу, іздену, сұрақ құрастыру, проблема қоя
білу, оның шешу жолын ұсына білу дағылары толық қалыптасады. Сондықтанда
тарих пәнінен алынатын бақылау жұмысында тапсырма нәтижелі орындалу үшін
критерийлерді осы тарихи концептке негіздеуге басымдық беремін. Мысалы, 8
сыныптың 1-оқу тоқсанында «ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан» деп аталатын
бірінші бөлімі бойынша оқу мақсаттарын тарихи түсініктермен оқыта отырып,
бөлім бойынша бақылау сұрақтарын алты тарихи түсінікке негіздей отырып
құрастырып, 6 бөлімнен тұратын бағалау критерийін жасадым. Әр бөлімді әр
түрлі бояумен шартты түрде белгілеп алып, (өзгеріс және сабақтастық-сары түс,
себеп пен салдар-қызыл, дәйек-көк, ұқсастық пен айырмашылық-жасыл,
маңыздылық-қара, интерпретация-қоңыр) қай тарихи түсініктен қателессе сол
түспен бояп отырдым. Сәйкесінше, қандай түс боялса сол тарихи концептпен
жұмыс жасалу керектігін көрсетеді.Пән мазмұнын игеру тарихи түсінікпен
оқытудың алты сатысына тікелей байланысты болатынын пән мұғалімі бір сәтте
жадынан шығармауға тиісті деп есептеймін. Кері байланыс жасауда оқушылар
назарын ағымдағы сәтті бағалаудан гөрі, олардың нәтижесін жақсартуға, өсуі мен
дамуына жағдай жасауға бағытталғаны дұрыс. Ол үшін әр негізгі тесттен,
тапсырмадан кейін нәтижелер мониторингісін шығарып талдау жасаймыз. Әрбір
алынған бақылау жұмысының нәтижесі төмен болып шықса, көңіл-күйіміздің
түсетіні рас. Бұдан түңілмей-ақ, бұл бізге дұрыс ақпарат деп қабылдаймыз. Біз
тест немесе басқа да бақылау жұмысын алмасақ, балалар әлі түсінбеген күйінде,
бізде бейхабар осылай оқу тоқсанының соңында төмен сапа иесі болып шығатын
едік. Нәтиже төмен болса, оның себебін анықтауға тырысамыз. Материалды
жақсы түсіну үшін әдістерді өзгерте аламыз. 
Білім беру тәсіліміз сапалы болуын қаласақ, кері байланысты
пайдаланамыз! Сапалы білім болады, егер білімді беруіміз сапалы болса ғана! 


Мұнайлы ауданы,
Ш. Мұңалұлы атындағы №5 ЖББМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
республикалық «Үздік педагог-2022»
байқауының жеңімпазы, педагог-шебер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет