Қорыта келгенде, оқушының танымдықшығармашылық
іс-әрекетінің
табысты өтуі мұғалімге,оның ізденіс әдістерін дұрыс таңдап алуына байланысты.
Олай болса, Ж. Аймауытов «Білімдендіруді жүзеге асыратын - мұғалім» деген
екен. Ендеше, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен
қаруландырып қоймай,
олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады.
Жалпы өз іс-тәжірибемде байқағанымдай, оқу үрдісінде оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру – іс-әрекеттер барысында оқушының
ізденімпаздығы, бейімділігі, жаңа нәрсені жасауда қажеттілікттердің пайда болуы
арқылы дамиды.
Шығармашылық тапсырмаларды орындаудан алынатын нәтиже:
жауапкершілігі артады, қажет
болса көзқарасын өзгертеді, басқаларды тыңдай
біледі, өзін-өзі бағалайды, қарым-қатынас жасауға үйренеді, өз ойын тұжырымдап
қорытынды шығарады. Әр оқушының өзіне деген сенімі нығаяды және өзінің
меңгерген біліктілігінің нәтижесі күнделікті білім
деңгейін көтеруіне ықпалын
тигізеді. Сондықтан қазіргі таңда білім беру
жүйесінде оқушылардың шығармашылық
қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге
үнемі
ізденуге, тұрақты еңбек етуді
міндеттейді. Әрине, артқарылған істер аз
емес. Әлі де
болса бізді ойландыратын,
толғандыратын істер жетерлік.
Атап айтқандай, олар – білім сапасын
арттыру,
оқушылардың біліміне, ойлау
қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-
ізденіс
қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с.
Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры.
Ендеше бізге ой- өрісі жоғары дамыған,
зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек
екенін бір сәтте естен шығармауымыз керек.
Мұнайлы ауданы, №3 ЖББМ
тарих
пәні мұғалімі, педагог-шебер,
облыстық «Үздік педагог-2021»
байқауының жүлдегері
Достарыңызбен бөлісу: