Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже


Сабақты зерттеудің мұғалімдерге тиімділігі



Pdf көрінісі
бет3/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Сабақты зерттеудің мұғалімдерге тиімділігі:


 Жинаған ақпаратымен бөлісе отырып, кәсіби қоржыны молаяды. 
 Бірлесіп жұмыс жасау сапалы жұмыстың кепілі болады. 
 Мұғалім зерттеу жұмысына тартылады. 
 Кіріктірілген сабақтар жүзеге асады. 
 Мұғалім сыни ойлаудың жоғары деңгейіне жетеді. 
 Мұғалімнің кәсіби дамуына мүмкіндік береді. 
 Бірлесіп жоспарлау – мұғалімнің біліктілігін жетілдіреді.
Оқушыларға тиімділігі:
1. Оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік туады. 
2. Кері байланыс арқылы өзіндік пікірі қалыптасады. 
3.“Оқушы үні” арқылы өз ойын айтып, ұсыныс жасай алады. 
4. Бақылайды, салыстырады, ой қорытады. 
5.Сыни ойлауы дамиды. 
Зерттеу сабағын Ақтау қаласындағы № 12 жалпы білім беретін мектептің 7
Д (орыс) сынып оқушыларымен бастадық. Сабақты зерттеу (Lesson Study)
жапондық тәсілмен сыныптағы түгел 28 оқушыны зерттедік. 
2023 жылы 26 қаңтар (бейсенбі) күнгі қазақ тілі пәнінен өткізген зерттеу
сабағы бойынша алған әсеріме тоқталғым келеді. 
Зерттеу сабағында оқушылардың қызығушылығы артып, жеке, жұптық,
топтық жұмыстарды жасауда өзара бәсекелестік пайда бола бастады.
Сыныпта ұжымдық мәдениет қалыптасып, оқушылар арасында бір-біріне
деген сенім артты. Төмен оқитын оқушыларда қол көтеріп, сабақ барысында өз
білгендерін айтуға тырысты. Оқу мақсатына сай берілген тапсырмалар бойынша
жұмыстар жасалды. 
Ерекше білімді қажет ететін оқушыда өз бетімен жеке, жұпта, топта жұмыс
жасап, өзін жақсы жақтарымен көрсете білді. Топтық жұмыста постер жасап,
өзінің идеяларын айтып, сынып алдына шығып постерді қорғай білді.
Жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың суретшілік, ізденушілік,
зерттеушілік қабілеттері ашылып, сыни ойлау қасиеттерін байқадық.
Зерттеу сабағы оқушыларға не береді?
- Сыныпта жағымды ахуал қалыптастырады;
- Оқушыларды жауапкершілікке үйретеді;
- Оқушылар арасында өзара диалог жүреді;
- Оқушылардың оқуына оң ықпал етеді;
- Функционалдық сауаттылығын дамиды;
- Кері байланыс беру дағдылары пайда болады;
- Мұғалім мен оқушы арасында шынайы байланыс орнайды.
Зерттеу сабақтары арқылы оқушылардың жеке қажеттіліктеріне көңіл
аударып, пән мұғалімі ретінде ертеңгі сабағыма мотивация (уәж) аламыз. Ертеңгі
сабағымды бүгінгі сабақтан да жақсылап, өткізуге жұмыстанамын деген ойда
қаламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет