Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет11/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

10
Көркем еңбек
Бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттар
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып:
• өз беттерінше суретшілердің шығармала-
рындағы заманауи өнердің бағыттарын, 
олардың ерекшеліктерін зерттейді;
• идеяларды, әдіс-тәсілдер мен олардың 
жай-жапсарын талдағанда салалық тер-
миндерді пай даланады.
Ресурстар:
заманауи өнердің бағыттары мен стильдері ту-
ралы еңбектер, зерттеу альбомы, түрлі түсті қарын-
даштар және басқа да көркем құралдар. 
Тірек сөздер:
 абстракционизм, инсталляция, поп-арт.
Оқулық: Бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттар, 10-11 беттер. 
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Оқулықта заманауи өнердің үш бағытымен, яғни абстракционизм, инсталляция және поп-артпен 
танысу ұсынылған. Қазіргі өнер тарихи хронологиялық тұтастықта қарастырғанда шамамен соңғы 
жүз жылды қамтиды. Техникалық прогресс қоғамдық сананы жаңғыртып, заманауи өнер түрлеріне 
тың серпін әкелді. Ол өнерде қолданылатын техникалық тәсілдерге (коллаждарды, принтерді, ком-
пьютерлік графиканы қолдану) жан-жақты әсер етті. 
Заманауи контекстегі өнер классикалық өнер мазмұнынан мүлдем басқаша сипатқа ие. Оның 
рухани-эстетикалық, мазмұндық құндылығы бір қарағанда байқалмауы мүмкін. Шын мәнінде ол
белгілі бір ойдың констатациясы немесе философиясы болуы мүмкін. Кейде тіпті көрермен ойында 
жалпы, бұл өнер ме деген күмәнді ой туындауы да мүмкін.
Абстракционизм ХІХ ғасырдың басында, Еуропа, АҚШ және Ресейде бір уақытта, шамамен 
1910-1915 жылдарда пайда болған. Суретшілер адамзат санасы ішкі әлемінің философиясын бізге 
таныс нысандар арқылы емес, шартты құралдар арқылы жеткізуге тырысты. Олар геомет риялық 
денелердің, дақтардың, сызықтардың, түстер мен пішіндер үйлесімінің көмегімен абстрактілі ойға 
құрылған шығармаларын дүниеге әкелді. 
Инсталляциялар өнер әлеміне XX ғасырдың басында өнердегі авангардпен бірге келді. Ол су-
ретшілер үшін өзін-өзі тану, заттар арқылы өз ойын білдіру жолдарын іздестіру кезеңі болды. Сурет-
шілер бізді қоршаған ортадағы заттар әлемінен белгілі бір мән табуға талпынды. Егер өнер туынды-
ларын сыртынан тамашалайтын болсақ, ал инсталляцияда оларды ішінен көре аламыз. 
Өнердегі поп-арт бағыты Батыс Еуропада және АҚШ-та 1950-60 жылдары пайда болған. Бұл
бағыт абстрактілі өнерге қарсылық ретінде пайда болды. Егер де абстракционизмнің негізі ретінде 
затсыз композициялар алынса, поп-артта заттардың өзіне сүйенеді. Поп сөзі көпшілікке мәлім, тұты-
ну заттарының жарнамасы деген мағынаны білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет