Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет10/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Сен білесің бе? 
Бұл айдар оқушыларды шығармашылық жұ-
мысқа жетелейді, өнер мен ғылымның өзара бай-
ланысын іздестіруге қызығушылықтарын оятады. 
Бұл жерде биологиямен айналысатын оқушылар 
ерекше қызығушылық танытуы мүмкін. 
Суреттерге мұқият қара.
Тапсырма оқушылардың шығармашылық қия-
лын дамытуға бағытталған. Оқушылар Роб Кес-
селер интерьер дизайнында микрофотосурет-
терді қалай қолданғанын зерделейді. Мысалы, 
осы тәсілді интерьердегі тоқыманы, қабырғаны, 
үй гүлдеріне арналған ыдысты сәндегенде қалай 
пайдалануға болады? Оқушылар берілген идеяны 
одан әрі дамытып, өздерінің нұсқаларын ұсынады. 
Орындап көр.
Бұл тапсырмада оқушылар дизайнда микро-
суреттерді қалай қолдану керектігі туралы шығар-
машылық идеяларын зерттеу альбомдарында 
дамытады. Олар суреттердің түстері мен пішін-
дері туралы жазады және нобайларын салады.
Тапсырма өз бетінше орындауға арналған. 
Ойлан да сұрақтарға жауап бер.
Оқушылардың қойылған сұрақтарға қайтарған 
жауаптарынан микрофотосуреттер туралы мате-
риалды қалай меңгергендіктерін анықтауға бо-
лады. Оқушылар алған тәжірибесімен бөлісіп,
келешекте оны қалай қолдануға болатындығын 
айтады.
Қауіпсіздік ережелері 
Оқушылар микроскопты пайдалану барысын-
да жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастырулары 
тиіс. Олардың қауіпсіздік ережелерін орындау-
ларын қадағалау қажет. Микроскоптың және фо-
тонысандардың бөлшектерімен абайлап жұмыс 
істеу керек. 
Қосымша тапсырмалар
Сабақта өткен суретшілерден басқа қай қылқа-
лам шеберлерінің ғылыми жетістіктерді өз шығар-
машылығында пайдаланғанын айтыңыз. 
Бағалау
Зерттеу альбомында орындалған жұмыстары-
на топпен немесе жұппен талдау жүргізіңіз және 
бағалаңыз. Дизайнының ерекшелігіне, идеясының 
тереңдігіне, қолданылған визуалды элементтері-
не, жұмыстың эстетикалық тұрғыдан безендірілуі-
не назар аударыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет