Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет5/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

6
Көркем еңбек
Суретші қолындағы микроскоп 
Оқушылар сабақ тақырыбын меңгере 
отырып: 
• ғылым салалары жетістіктерінің өнердің 
дамуына тигізер әсерін түсінеді;
• шығармашылық идеяларын көрсету үшін 
қоршаған ортаның визуалды элементтерін 
қолдану жайлы білімі мен түсініктерін көр-
сете алады.
Ресурстар:
микроағзалар туралы көрсетілім материал-
дары, микроскоптар, зерттеуге арналған 
материал, микроағзалар туралы қосымша 
материалдар (таныстырылым, брошюралар, 
иллюстрациялар), зерттеуге арналған альбом
түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер. 
Тірек сөздер: микросуреттер, бактериография.
Оқулық: Суретші қолындағы микроскоп, 6-7 беттер. 
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Микроағзалар (микробтар) – тек оптикалық үлкейт арқылы көрінетін жан-жануарлар мен 
өсімдіктерден алынған ағзалар. Роберт Гук (1635-1703) – физик, ботаник, өнертапқыш және астро-
ном. 1665 жылы түрлі ғылыми зерттеулер үшін микроскопты қолдану тәсілдері сипатталған «Микро-
графия» атты трактаты жарияланған. Ғалымның ғылыми еңбегінде өсімдіктердің, жәндіктердің және 
жануарлардың бөлшектерінен жасалған әртүрлі тәжірибелерді бейнелейтін иллюстрациялар мен 
гравюраларды кездестіруге болады. 
Нидерланд натуралисі Антони ван Левенгук (1632-1723) – ғылыми микроскопияның негізін 
қалаушы ғалым, микроскопты құрастырған конструкторлардың бірі. Қоршаған ортаны зерттеуіне
Роберт Гуктың трактаты түрткі болған. 
Эрнст Геккель (1834-1919) – неміс жаратылыстанушысы және философ. Ол нысандар мен акварель 
нобайларын жасай отырып, ағзаларды зерттеген және сипаттаған. Табиғат кемелдігін бейнелеген «Та-
биғаттағы пішіндердің көркемдігі» атты еңбегі ХХ ғасырдың бейнелеу өнері мен сәулетіне үлкен әсер 
еткен. Қазіргі кезде микробиология және өнер бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылып келеді. 
Өнер және микробиология синтезінің нәтижесінде бактериография термині пайда болды. Бұл термин 
бактерия және «графия» (греч. grapho – жазамын) деген сөздердің бірігуінен шыққан. 
Британ бактериологы Александр Флеминг (1881-1955) әлемдегі ең алғашқы антибиотик – пени-
циллинді ойлап тапқаны үшін Нобель сыйлығына ие болған. Ғалым өнерге біртабан жақын жүрген 
және өмір бойы Челси өнер клубының мүшесі болған. Ол тірі бактериялармен сурет салған бірін-
ші ғалым болып табылады. Ол өз жұмыстарында майлы бояу немесе акварель кескіндеме сияқты 
бейнелеу өнерінің дәстүрлі техникаларының баламасы ретінде пигментті бактерияларды қолданған. 
Суретшінің жұмыстары Александр Флемингтің (Imperial College Healthcare NHS Trust) мұражайында 
орналасқан. 
Закари Копфер – тірі микроағзалардан картиналар салатын заманауи микробиолог. Ол көптеген 
танымал адамдардың портреттерін салған. Олардың қатарында Леонардо да Винчи, Чарльз Дарвин, 
Пабло Пикассо және т.б. портреттері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет