Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Сабаққа қатысты ескертулер



Pdf көрінісі
бет6/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Сабаққа қатысты ескертулер
Осы және келесі тақырыптар биология са-
ласымен тікелей байланысты. Сабақты жоспар-
лағанда алдын ала биология пәнінің мұғалімінен 
кеңес алу ұсынылады, ол қандай да бір техника-
лық немесе басқа да көмек беруі мүмкін.
Суреттерге мұқият қара.
Берілген тапсырма оқушыларды ынталандыра-
ды, ойлануға жетелейді. Олар оқулықтағы сурет-
терге назар аудара отырып, өздерінің көргендері 
туралы ойланады, әсерлерімен бөліседі. Оқушы-
лар қоршаған ортадағы көрінбейтін алуан түр-
лі микроағзалар пішіндерінің әсемдігін түсінеді,
қиялы мен ойын дамыта түседі. 


7
Көрк
ем еңбек
1-тарау. Визуалды өнер 
Ықтимал жауаптар:
Оқушылар бірінші фотода лимон жемісі бар 
бұтақ бейнеленген деп ойлауы мүмкін. Лимон 
жемістері мен жапырақтар анық көрінеді. Екінші 
фотода қызыл түсті жіп иірімі бейнеленген. Үшінші 
фотода жарығы жымыңдаған қала көшесінің су-
реті бейнеленген. 
Оқушыларға микросуреттер туралы мәтінді 
оқуды ұсыныңыз және микроағзаларды бейне-
леуге байланысты ғылыми ізденістер туралы әң-
гімелесіңіз. ХХ ғасырда бейнелеу өнері мен сәулет 
өнерінің дамуына өздерінің шығармашылығымен 
ықпал еткен ғалымдар туралы айтып беріңіз. Қы-
зықты микросуреттерді көрсетіңіз. Оқушылардың 
назарын Эрнст Геккельдің шығармашылығына
өнердің әртүрлі саласының өкілдері арасында 
қолдау тауып жүрген оның «Табиғаттағы пішін-
дердің көркемдігі» деген кітабына аударыңыз.
Зертте.
Бұл тапсырма Эрнст Геккельдің суреттерін 
оқушылардың өз бетінше зерттеуіне және ассоци-
ативті ойлауын дамытуға бағытталған. Оқушылар 
бейнелерді зерттей отырып, онда қолданылған 
сызықтарды, пішіндер мен түстерді зерттейді
олардың неге ұқсайтындығын анықтап, өз бетін-
ше өрнектердің нобайын салады. Микроағзалар-
дың осы суреттері оқушыларға жаңадан сәнге ай-
налған өрнектерді салуына көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет