Біріншіден– дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.Мысалы: «Жеңіл көйлек тігу» тақырыбын өткен кезде «Түсіну деңгейі»топқа сұрақтар жазылған көйлек мозайкалары таратылады,оқушылардың өз білетіндерін еске түсіріп, жаңа тақырыпқа дайындық жұмысы жүргізіледі.Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.«Қолдану деңгейі» бойынша Әр топ көйлектің бөлшектерінің сызбасын сызып құрастырады Бұл жерде оқушылар «Топтастыру стратегиясы» арқылы постер қорғайды. І топ ұлттық көйлекІІ топ заманауи көйлекІІІ топ тұрмыстық көйлек Әр топ көйлектің бөлшектерінің сызбасын сызып құрастырады.Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.Бұл деңгейде оқушылар шығармашылық тапсырмалар орындайды.Жұптық жұмыс орындайды. Қалдықтармен жұмыс жасап,көйлектің эскизін дайындайды. «Талдау деңгейі»«Реттілік» кезеңі.Топтағы оқушыларға сұрақ парақшасы таратылады.Бұйымды әрлеп үтіктеуүлгі дайындауФурнитураларды (түйме,ілмек,гүл т.б) қадауматериалды пішуСызба дайындаубұйымды тігу.Оқушылар жеңіл көйлек дайындаудың технологиялық реттілігін дұрыс орналастырады.«Жинақтау деңгейі» бойынша Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бір-бірін тыңдау арқылы қорытынды пікірге келеді.«Бағалау деңгейі» бойынша: Не білдік?, Не үйрендік?, Сен қалай ойлайсың? Осы сұрақтар арқылы оқушылар бүгінгі сабақта не біліп, не үйренгендерін ортаға салады.Кері байланыс: Қай тапсырма қиын болды,қайсысы оңай болдыСарамандық жұмыстағы қателіктерге талдау жасауОқушылар смайлик арқылы көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |