ІV тоқсан 8 сағат
Я, Ф, Ю әріптері "Аю", Е, В,Э әріптері "Элеватор", Ц, Щ, Ч әріптері "Цирк", ь, ъ әріптері "Лагерь", заттың атын білдіретін сөздер, бас әріппен, кіші әріппен жазылатын сөздер, заттың іс-қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер және жылдық қорытындылау ретінде оқушылардан тест алынады.
Тәжірибелік бөлім
Оқушыларға қосымша берілетін тапсырмалар
Жеке тақырыптар бойынша берілетін тапсырмалар
әріптерді бас әріппен көркем жазу;
әріптерді кіші әріппен көркем жазу;
әріп элементін үзіліссіз жазу;
әр түрлі ойындар.
Оқушылардың білім деңгейін бақылау
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да, күрделі жұмыс.
Мектепке алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелейді.
Көркем жазудың ойдағыдай болуы гигиеналық талаптарды орындаудың нәтижесінде болады. Ол мектеп жиһазы партаның оқушыға сәйкес келуі, оның ыңғайлылығы, жарықтың түсуі.
Жазу процесінде оқушы дұрыс отыру керек, қаламсапты дұрыс ұстауы, дәптерді партаға орналастыруы, осының әрі баланың көзіне, жазуына жұмыс қабілетіне әсерін тигізеді. Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек, сол қол дәптерді басып тұрады, ал оң қолдың басы дәптерде жатады. Бала мен партаның арасына жұдырық сыятындай болуы керек. Көз бен дәптердің арасы 30 см болуы шарт. Жарық сол жақтан түсуі керек. Жазу ұзақтығы 1 сыныпта- 5 минут, 2 сыныпта-8 минут, 3 сыныпта- 12 мин, 4 сыныпта- 15 мин. Одан ұзақ жазу баланы шаршатады. Арасында балаларды демалдырып, сергіту жаттығуларын жасаған жөн
Достарыңызбен бөлісу: |