Ояну дәуірі әдебиетінің көркемдік-эстетикалық ұстанымдары. Ояну дәуірі еуропа мәдениетінің тарихындағы ғылыммен, философиямен және қоғамдық оймен байланысты ең елеулі дәуірі. Мұның басты бағыты – ой еркіндігі мен рацилнализм болды. 17 ғасырда Англияда бастау алған төңкеріс Францияға, Германияға, Ресейге тарайды. Негізі Америка декларациясы мен адам мен азамат құқығын қорғайтын Француз декларациясына негізделген. Осы дәуірде Америка мен Еуропа этикасында өзгеріс болып, құлдықтан арылуға тырысты. Адамдар өз құқығын қорғау үшін әрекет жасады. Мұнымен қатар аристократтық биліктің беделін түсіріп, шіркеудің қоғамға әсерін өзгертті, мәдение өмір мен адамдардың ой-санасына өзгеріс енгізді. 18 ғасырдың әдебиетін қайта ояну дәуіріне жатқызады. Ояну дәуірі буржуазиялық қоғамға үміт сыйлады. Олар шіркеуге қарсы күрес жүргізіп, барлық адамның заң алдында құқығы бір екендігін айтқысы келді. Осыған сәйкес әдебиеттегі сатира кеңінен дамып, әділетсіздікті әшкерелейтін шығармалар жазыла бастады. Мұнымен қатар театр мен драматургия жанрына ерекше көңіл бөлінді. Өйткені осы екі саланың арқасында көпшілікке бір уақытта үн қатуға болатын еді. Шығармалардың барлығы да реализм бағытында жазылуға тырысты. Буржуазиялық қоғам өз дегеніне жете алмаса да, осы дәуірде тамаша қаламгерлер болды: Вольтер, Дидро, Руссо, Бомарше, Свифт, Дефо, Лессинг, Гольдони. Гете мен Шиллер секілді ағартушылар да болды. Ал Гоцци сынды ержүректер өз туындыларын басшыларға қарсы бағыттады. Ояну дәуірінің эстетикасы Қайта өрлеу дәуірінің дәстүрлерімен тікелей байланысты. Ояну дәуірінің эстетикалық концепциясының лейтмотиві – реализмнің принціптерін қорғау, гуманизімді асқақтату, жеке адамның өнерге деген құлышынысын ардақтау. Ф. Энгельс «Святое семейство» деген кітабында ағылшын-француз материализміне сипаттама беріп, 17-18 ғасырдағы ояну дәуірі идеологиясының философиялық мазмұнын ашып береді. Бұдан өзге Ленин «Қандай қазынадан бас тартамыз?» деген мақаласында осы дәуірге сипаттама береді: 1. Крепостнойлық басқаруына қарсы шығу. 2. Оянуды жақтап, өзімізді басқару, тәуелсіз болу. 3. Қарапайым крестьяндардың құқығын қорғау» сындыларды ерекше атап көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |