Көркемдік әдіс және бағЫТ. Әдеби бағыт


Е.ЫСМАЙЫЛОВ КӨРКЕМДІК ӘДІС ПЕН БАҒЫТ ТУРАЛЫ



бет6/43
Дата20.05.2024
өлшемі98.92 Kb.
#501579
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
stud.kz-73494

Е.ЫСМАЙЫЛОВ КӨРКЕМДІК ӘДІС ПЕН БАҒЫТ ТУРАЛЫ. Әдебиет теориясында әдіс мәселесінде көп айтысқа, талас-тартысқа түскен нәрсе аз шығады. Алдымен, әдістеген атаудың өзін әркім әр түрлі айқындайды: біреулер көркемдік әдіс десе, біреулер творчестволық әдіс, енді біреулер әншейін әдеби әдіс дей салады. Алайда бұларға дау айтып, уақыт оздырудың керекгі жоқ, өйткені бәрініңкі – бір ұғым.

Ұғым демекші, айтыстың үлкені әдіс деген сөзге тән ұғымға, мағынаға байланысты…
“Әдіс-творчестволық тәсіл”, -дейді В. Шербина. “Творчестволық тәсіл дегенінің өзі не нәрсе; -дейді Л. Тимофеев – оны нақты шығарма талдауға қалай қолданамыз?”
Біреулер әдісті суреткердің дүние танымына байланыстыра байыптаса, біреулер бұған қарама-қарсы, “әдістің таза дүние танымы категориясымен қабыспайтынын” (Л. Новиченко) дәлелдеп жатады.
Г. Абрамович “әдіс- шындықты суреттеудің жалпы принципі” десе, Л. Щепилова “әдіс- өмірді образ арқылы көрудің айрықша типі” –дейді.
Сондай-ақ, мәселен, Ф. Головенченко “Әдіс пен ағымның арасында анық шекара жоқ” –десе, В. Сорокин әдісті ағымға қоса тексере тұра, екуінің ара жігі айқын екенін, яғни “әдіс- ағымнан әлде қайда кең ұғым” екенін айтады.
Бір ескертетін нәрсе: жоғарыда айтылғандай, романтизмнің де, реализмнің де өмірде өнерге көшіру сипатына негізделген екеуінің екі түрлі ерекше табиғаты, түп тамыры мен тегі тереңде жатқан мен, олардың әдеби әдіс ретінде қалыптасу тарихын әдебиет зерттеушілері беріден бастайды. Мәселен, олар романтизм көркемдік дамудың күрделі бағыты ретінде Европамен Америка әдебиеттерінде XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басынан берімен қарай қалыптасты деп жүр. Бұлай дегендегі дәлелі сөз өнеріндегі романтикалық (французша –romantigue –ағылшынша -romantic) туындылар суреткерлердің шындықтағы барға қанағаттанбай жоқты іздеуінен, ақихаттан аулақтап әлде бір асыңқы, өмірді емес өнерде ғана болуға тиіс кітаби қиял ғажайып шытырман оқиғаларды бейнелеуден пайда болған деседі. Сондықтан бұл ағым ағартушылық бағытқа да, классицизмге де, сентиментализмге де…- бәріне де кері ағар.
XVII ғасырдың аяқ жағында туып, XVIII ғасырдың орта тұсына дейін өнер атаулының бәрінде ,әсіресе Еуропа әдебиетінде орасан кеңөріс алған жұртқа мәлім ағым классицизим (латынша cassicys-үлгілі,өнегелі бағыт).
Сөз өнеріндегі әрбір ағымның тууында таза әдеби “құпиялармен” қатар ,қоғамдық сыр мен себеп болатынын да айттық. Классицизимнің де туған тұсы –Еуропа елдерінде абсолютизм дәуірлеген кез.Ол тұста елдегі барлық үстемдік дворяндар сословиесінде,барлық билік монарх қолында болатын; солардың ықпалымен жұрт назары сарайға ауған,жұрттың бәрі сарай маңындағы ат төбеліндей “асыл нәсілдер” (ақсүйектер) аузына қараған кез еді.Қоғам өміріндегі осы хал өз кезінің әдебиетіне де әсер етіп ,оның дамуында өзгеше бір өнегелі бағыт атанған классицизим ағымын белгіледі.
Классицистер қаламынан туған шығармалардың негізгі тақырыбы,ежелгі грек әдебиетіндегі сияқты ,ел өмірінің елеулі ,ірі оқиғалары ; негізгі идеясы –елдің елдігін қорғаушы “ессіз ерлердің” қанды жорықтары мен дүрбелең саясаты; негізгі қаһармандары –қарапаймдар емес, қастерлілер –қолбасылар, корольдар,патшалар.
Классицизмге тән негізгі ерекшелік –көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру.Мысалы ,драмалық шығармаларды “үш бірлікті” сақтай отырып жазу керек .Бұл, “үш бірлікті” сақтамаса,жоғарғы ережеден шетке шыққан болып саналады. “Үш бірлік” дегеніміз: уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік ішінде ғана болуы керек), орын бірлігі (оқиға бір орында ғана болуы керек), оқиға бірлігі (бұнда оқиға тек бір ғана сюжеттік желінің бойында болуы керек).
Жалпы алғанда.классицизмнің өмір шындығынан алшақ жатқан жақтары көп,әрине, классицизм жазушылары да суреттелген нәрселерін өмір шындығынан алғаны сөзсіз.Әйтсе де сол өмір шындығын олар өз електерінен өткізіп және өз табының көзқарасынан көрсетті.Қандай өмір шындығын суреттесе де ,патша, корльдің,солардың маңындағылардың сәйкестендіріліп, солардың тілегіне бағындырылды.
Бағыт түрлері: Классицизм (лат. classіcus – ең үлгілі) – 17 – 19 ғасырлардың басында әдебиет пен өнерде өріс алған көркемдік бағыт. Әдебиеттегі Классицизм Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің классиклық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. Классицизм үрдісіндегі туындылардың тек тақырып, кейіпкерлерді таңдап алуында ғана емес, сонымен қатар қатынасушы адамдардың іс-әрекеттерін суреттеуінде де өзіндік өзгешеліктері бар. Классицизмге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалық шығармаларды “үш бірлікті” сақтай отырып жазу талап етілді: уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік – 24 сағат ішінде ғана өтуі керек), орын бірлігі (оқиға тек бір орында ғана өтуі керек), оқиға бірлігі (оқиға бірінен-бірі туындап, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттік желіге құрылуы шарт). Шет Ел классиктері: Классицизм теорияшылары өзінің жоғары этикалық идеясы мен эстетикалық талғам биігіне сай әдебиеттегі жанрларды “жоғарғы” және “төменгі” деп бөлді. “Жоғарғы” жанрға трагедия, эпопея, ода, т.б. жатса, “төменгі” жанрға комедия, сатира, мысал, т.б. жатқызады. Классицизмнің алғашқы әдеби негізі ретінде Ежелгі дәуір әдебиетіндегі Аристотель идеялары, Горацийдің (б.з.б. 65 – 8 ж.) поэтикалық шығармалары алынғанмен, оның кемелденген ағым ретінде ең дәуірлеп өркендеген кезі 17 – 18 ғ-ларда Францияда болды. Бұл кезеңдегі Классицизмның ең ірі өкілдері – Н.Буалоның (1636 – 1711) поэтикалық толғаулары, П.Корнельдің(1606 – 84), Ж.Расиннің (1639 – 99) трагедиялары, Ж.Б. Мольердің комедиялары, т.б. кең танымал болды. Классицизм Ресейде 18 ғ-дың 2-ширегінен бастап өрістеді А.Д. Кантемир (1708 – 44), А.П. Сумароков (1717 – 77), В.К. Тредиаковский (1703 – 68), Д.И. Фонвизин, т.б. Қазақ классиктері: Қазақ әдебиетінде Классицизм үлгісі жыраулық поэзияда, Абай, М.Жұмабаев, М.Әуезов, т.б. шығармаларында көрініс тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет