Көркемдік әдіс және бағЫТ. Әдеби бағыт


Табиғатты суреттеу ұстанымдары



бет25/43
Дата20.05.2024
өлшемі98.92 Kb.
#501579
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
stud.kz-73494

Табиғатты суреттеу ұстанымдары.

Поэзия – әдебиеттің ертеде қалыптасқан көне саласы. Мәселен, орыс әдебиетінде Потебня А. , Томашевский Б. , Поспелов Г. , Гинзбург Л. , Гринберг И. , Кожинов В. , Сквозников В. , Гачев Г. , Овсянико-Куликовский Д. , Жирмунский В. , Гуляев Н. , Лотман Ю.
еңбектері жарық көрсе, қазақ әдебие-тінде де ауыз толтырып айтарлыќтай лирика табиғатын танытатын бірша-ма ғылыми еңбектер бар. Атап айтқанда, Уәлиханов Ш. , Байтұрсынов А. , Жұмалиев Қ. , Тәжібаев Ә. , Ахметов З. , Базарбаев М. , Қабдолов З. , Нұрғали Р. , Нарымбетов Ә. , Мырзалиев Қ. , Кәрібаева Б. , Жүсіп Қ. , Негимов С. , Әлімбаев М. , Кәрібозұлы Б. , Шәріп А. , Жәмішев Ә., т.б.
Әдебиеттің өрістеуі 1960-1990 жылдары десек, қазақ поэзиясының дамыған тұсы да осы кезең. Әдебиет әлеміне М. Мақатаев, Қ. Мырзалиев, Ф. Оңғарсынова, Т. Айбергенов және т.б. талантты ақындардың келуі поэзияның, әсіресе, лириканың дамуына мол үлес қосты. Табиғат лирикасы да осы кезеңде назардан тыс қалған жоқ, қайта ақындардың жиі жырлайтын өзекті тақырыбына айналды. Табиғат лирикасы өрісінің кеңейе түсуі әдебиеттану ғылымында табиғат лирикасының ерекшелігі, пейзаж болмы-сы туралы ғылыми пікірлер қалыптастырды. Мәселен, зерттеуші Қ. Жұмалиев: «Пейзаж автордың негiзгi мақсатына байланысты болады. Кейде пейзаж оқиғаға қатысушы кейіпкерлердің басында болған жағдайын көрсету үшiн де қолданылады» , – деп қолдану мақсатын көрсетсе, әдебиетші І. Омаров: «Табиғатты жырлауда екі өзгешелік бар: біріншісі – табиғатқа сүйсіну, дәлдікпен суреттеу, көрген жердің фотографиясын бе-ру, екіншісі – табиғатқа жан беру, тірілту, адаммен, қоғам өмірімен теңестіру» , – деп екі өзгешелігін нақты атайды. Ал ғалым С. Негимов: «Асылы, пейзаж ұлттық тілдің нәзік, мөлдір, терең сырларын, сөздің музыкалық, поэзиялық, көркемдік қасиеттерін жарқырата ашуға ұйытқы болса, екінші жағынан, шығарманың ішкі мазмұнын, идеялық сапасын байытады» – десе, зерттеуші Ә. Жәмiшев: «Дала суретiн, онда өскен гүл мен ағашты тұрған қалпында қаздитып қана шимайлай салғанмен поэзия болмайды. Табиғат лирикасында әрқашан адам, адам өмiрi, адам еңбегi, адам ойы араласып отырса ғана оқушының мейiрiмi қанады, жан дүниесiне жаңа бiр нәр құйылғандай болады» , – деп орынды аңғартады. Ал пейзаж жайында орыс ғалымы М. Пришвин былай дейді: «Жануарлардың, өсімдіктердің, тастардың және кез-келген тағыбасқа табиғаттың құрамдық бөліктерінің жеке адамға қатысты жиынтығы пейзаж болып табылады» Қазақ әдебиетiнде табиғатты жырлау ауыз әдебиетiнен бастау ала-тындығы белгiлi. Төл арнадан тамыр алған табиғатты бейнелеулер өзiнiң даму барысында жеке «табиғат лирикасы» деп аталарлық күйге жеттi. Оның бiр кезеңдерде баяу, бiр кезеңдерде жедел қанаттануына заман, қо-ғам жағдайы өзiндiк әсер еттi. Табиғат пен Адамзат бір-бірімен болмысынан тығыз байланысты. Табиғат адамсыз жасай берсе де, адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес екендігі белгілі. Сондықтан Адамзат өмірінде табиғат үлкен мән атқарады. Әр нәрсенің өз пайда болу, даму тарихы болатындығын ескер-сек, табиғат лирикасының түп-тамыры тереңде жатқандығы күмәнсіз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет