Көркемдік әдіс және бағЫТ. Әдеби бағыт


Автор және сюжеттік баяндау



бет28/43
Дата20.05.2024
өлшемі98.92 Kb.
#501579
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
stud.kz-73494

Автор және сюжеттік баяндау.

Сан алуан шексіз айтылымдар мен мәтіндерге сіңіп кеткен автор тұлғасы өзін автор бейнесінде көрсетеді, алайда оның шын авторға еш қатысы болмауы да мүмкін .
Нақты тілдік тұлға мен автор бейнесін ұқсастыруға болмайды, олар бір-бірінен эстетикалық тұрғыдан мүлде бөлек. Автор бейнесін автор «актердің сахнада сомдаған ролі» сияқты әдейі жасайды.
В. В. Виноградов «автор бейнесі» ұғымын енгізіп, өзінің көркем сөз теориясының негізі етті. «Автор бейнесі-сөз өнерінің барлық стилистикалық амалдары тоғысатын, бірігетін, синтезделетін орталығы». Автор бейнесі дегеніміз «көркем шығарманың бойымен өтетін жеке дара сөз сөйлеу құрылымы». Автор бейнесі – шығарманың бірыңғай дүние таным арқау болған жеке бөлшектерін бір тұтастыққа біріктіретін ұйымдастырушы күш» . Автор бейнесі – әрдайым біршама идеалдандырылған, өмірбаяндық шындықтан белгілі бір ауытқушылық.
Автор бейнесі баяндау тәсіліне (бірінші жақтан, әңгіме айтушының атынан, т.б.) қарамастан кез-келген шығармада айқын не бүркемелі болады.
В. В. Виноградовтың пікірінше, «автордың қатысы» автор бейнесінің анықтауышы болып қызмет етеді. Оның тура айтылуы мүмкін, алайда көбіне мәтіннің бүкіл ішкі құрылымында болып, «композиция мен стильдің тереңінде» жасырынып жатады. Автор бейнесі, автор тұлғасы «оның тақырыпқа қатысынан» ашылады.
Көркем әдебиетте автор бейнесі айту формаларының көптігін көрсетеді. Шығарма авторы автор бейнесі арқылы өз тұлғасы адам және жазушы ретінде тікелей айтуға тырысып, авторға ұқсамайтын кейіпкерге, әңгімешіге барынша жақындауға ұмтылады.
Автор бейнесі ең алдымен баяндау тәсілінде байқалады. Автор, әңгімеші, кейіпкер суреттеуге қатысты әр түрлі позиция ұстануы мүмкін. Бірыңғай «мен» авторлық көзқарасқа жақын көзқарасты да, оған қарама-қарсы көзқарасты да біріктіре алады. Баяндау перспективасы автордың идеяны дамыту үшін таңдаған баяндау тәсілінің көрінісі болып табылады.
Көркем прозада баяндау перспективасының екі түрі бар:
1) шектеусіз баяндау перспективасы;
2) шектеулі перспектива. Көптеген шығармаларда баяндау перспективасының екі түрі әр алуан формада үйлесіп жатады: вариантты тұрақсыз баяндау перспективалы шығармаларды және тұрақты константты баяндау перспективалы шығармаларды атауға болады.
Баяндау перспективасы екі бағыттан – объектіленген авторлық баяндау мен субъектіленген әңгімеден тұрады. Әр бағытта (объектіленген және субъектіленген) бірнеше баяндау типтері ажыратылады:
— баяндаушының бірінші типі – мәтінде көрінбейтін, айтылмаған, авторға барынша жақындастырылған және әңгімені үшінші жақтан айтатын баяндаушы. Ол көркем шығарма оқиғасына қатыспайды, тек сыртынан бақылайды. Бұл тип автор — баяндаушы ретінде белгіленеді;
— баяндаушының екінші типі-кейіптендірілген әңгімеші, көркем шығарма кейіпкерлерінің бірі, оны «әңгімеші оқиғаға қатысушы»деп белгілеуге болады;
— баяндаушының үшінші типі әңгімешінің де, прозалық шығарма басты кейіпкерінің де бір адам болуы. Баяндау уағызды әңгіме (исповедальный рассказ) сипатында болады.
Осылайша көркем мәтін авторы баяндау типін, идеяны қай тұрғыда дамытуды және тұтас эстетикалық құрылым үлгісін анықтайды.
Оқиғаны басым көпшілігінде адам нақты баяндаушысы бар бірінші жақта әңгімелейді, алайда кез-келген жанды (жылқы, мысық, ит, т.б.), жансыз заттың әңгімеші болуы мүмкін. Өлеңдерде жансыз дүниенің не хайуанның атынан сөйлеу кең тараған.
Автор бейнесі – бүкіл шығарманың өзегі, ол өз кейіпкерінің басынан өткен жайларда, тағдырында, сөзінде, мінез-құлқында, оқырманға эстетикалық әсерінде көрініс табады.
Қорыта келгенде, автор бейнесі мәтіннің барлық категорияларын, соның ішінде когезияны, уақыт және кеңістік континуумын топтастырады. Бүкіл шығарманың композициялық-құрылымдық формасын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет