СӨЙЛЕУ ФОРМАЛАРЫ НЕМЕСЕ БАЯНДАУ ТӘСІЛДЕРІ. Жазушы роман, новелла жазғада бәрнеше түрменен сөйлейді, кейде өз аузынан, кейде 2-ші адамның аузынан, кейде хат есебінде сөйдеп отырады.
Әсіресе, көп кездесетән сөйлеу – жазушы өзі қатыспай, бөгде үрде айтып отыру. Жазушы адамды, жағдайды, болған оқиғаны біртіндеп жазыпотырады. Мұнда жазушы бұл уақиғаны өзі қайдан біледі, қалай біледі, ол туралы түсінік бермейді.
Сөйлеудің бұл түрін Толстой, Горький, Бальзак сияқты ірі классиктерде көп кездеседі.
Сөйле убасты геройдың өз аузынан айтылады. Болған оқиғаны герой тәптіштеп, өз аузынан сөйлеп береді. Бұл түрменен Пушкинның «Капитанның қызы» жазылған. Сәбиттің «Адасқандары» жазылған.
Хат жіне күнделікті дәпетр арқылы болған уақиғаны сөйлеу бар. Екі кісі бір-біріне хат жазып, сол хат арқылы болған уақиғаны, жүрек сырын ашып отырады.
Достоевскийдің «Бейшаралар» деген романы осы түрде жазылған.
Кейде уақиғаны сөйлеп отырған герой 2-ші 1 адамның аузынан естіген болып аңгімелейді.
Пушкиннің «Станция қараушысы» осы түрмен жазылған. Жазудың бұл сияқты түрлері әдебииетте көп кездеседі. Жазушы шығармада біресе әңгімелеп, бәресе суреттеп отырады. Оқиға тартысты жағында жазушы әңгімелеп отырады.
М. ҚАРАТАЕВ КӨРКЕМДІК ӘДІС ТУРАЛЫ. (Қыздар ренжімендерші Қаратаев Әдіс туралы не айтқанын таппадым. Жалпы әдіс не екенін жаздым)Әдеби әдіс, көркем шығарманы зерттеу жолы.Марксистікэстетиканың категориясы, РАПП көсемдерінің еңбектерінде, тек Ресей әдебиеттануында 20 ғасырдың 20-жыдцары қапыптасқан әдеби түсінік. Негізгі мазмұны — шындықты бейнелеу амалы, жазушының маңайындағы ақиқатты сұрыптап, таңдап алу арқылы баға беру.Соцреализммен бірге өшіп, қазір қолданылмайтын ұғым. Оның орнына әдебиет теориясы, стиль тұжырымы орнықты. Кеңес әдебиеттануыңца 1930-1950 жыдцары орныққан шығармашылық эстетиканың бүл категориясы шынайы көркем өнерден тым алыc еді. РАПП-тың диалектикалық-материалистік шығармашылық әдісі таза көркем шығармашылықтан гөрі саясатқа, оның идеологиясына жақынырақ болды. К. Маркс пен Ф. Энгельстің әдебиет туралы пікірлерін алға тартып, 80 жылдан астам кеңес әдебиетінің шартты ұранына айналып, ұлттық әдебиеттерді өздерінің басты мұраларынан айырды. Жеке шығарманың әдістен әлдеқайда кемеңгерлеу екені А. Байтұрсынұлының «Әдебиеттанытқышы» (1926) X. Досмұхаммедулының «Қазақ халық әдебиеті» (1927) М. Әуезовтың «Әдебиет тарихы» (1928), атты дара еңбектерде орын алды. Кеңес кезіндегі әдебиеттану әр бағыттың әдісін бөліп қарады: классицизм әдісі, романтизм, символизм, реализм әдістері арнайы зерттелді. 20 ғасырдың жаңа әдісі болып соцреализм саналды (1934 жылғы Жазушылар одағының 1-съезіндегі жарғы негізінде). Чернышевский өнерді «өмір оқулығы» деп санады. 20-жыдцардың басында КазАПП өкілдері өнердің көркемдік табиғатынан бас тартып, оны саяси идеологияның ұраны болуын талап етті. К. Маркс пен Ф. Энгельстің ойларын іске асырушылар өмір шындығын, сол кездегі таптық күрес, жұмысшы табының үстемдігін ғана бейнелеуді көздеді. Әдіс пен жеке дүниетаным арасындағы қайшылық Әуезовтің соңғы туындыларында анық байқалды, 50-60-жылдары жазуға мәжбүр болған еңбектері екені ашық. Өйткені 1930-1991 ж. қазақ әдебиетінде соцреализм әдісі салтанат құрған кезең еді. Батыс Еуропа, АҚШ, Латын Америка әдебиеттерінде қалыптаскан постмодернистік, постструктурапистік әдістер кеңінен қолданыла бастады. Абай алғаш рет қазақ әдебиетінде реализм әдісін қолданды. Сыншыл реализм әдісінің басты ерекшелігі — әмірдің шынайылығын бейнелеу, адам тағдырының, типтік мінез-бітімін типтік жағдайда көрсете отырып, саяси-қоғамдық емірдегі қайшылықтар мен кемшіліктерді сынау болып табылады. Сыншыл реализм әдісі орыс классикасымен таныс, шығыс реализмін жетік білген Абайдың шығармаларында орын алды. 20 ғасырдың 20-жылдары Шәкәрім, бұл әдісті А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, М. Әуезов дамыта түсті. Көркемдік әдіс — өмір шындығын суреттеудің ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптер. Өнер мен әдебиетте бір бағыттағы жазушылардың идеялық нысанасы өмір құбылыстарын бейнелеп көрсетуде қолданылатын амал-тәсілдері жағынан да ұқсас, жақын келетіні сөзсіз. Ортақ-сипат белгілер тақырып тандау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен анық көрінеді. Бүл сипат көбінесе белгілі әдеби бағыт, әдеби ағым аясында қалыптасады. Ал көркемдік әдіс — суреткердің өмірді бейнелеуде нақты өмір құбылыстарын тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген ой-түсінігіне сүйенуін аңғартады. Абай поэзиясында реализм әдісі кең өріс алды. Бұл әдіс өмір шындығын терең, жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Соцреализм әдісі қарапайым адамдардың бейнесін таптық түрғыдан суреттеуді көздейтін реализмнің осы тусын ғана бөліп алып дамытты. Жазба әдебиетте реализмнің қанатын Абай жазып кетсе, оны 20 ғасырдың басындағы қазақ жазушылары жалғастырды. Романтизм әдісі қазақ әдебиетінде болды ма? Кеңес кезінде Махамбеттің поэзиясындағы асқақ арман, күрескерлік әуен романтикалық әдіс сарыны деп түсіндіріліп келді. Махамбеттің эр өлең жолы еуропалық романтизм емес, маңайындағы қоғамдық боданға қарсы қуса мен өкінішке толы екені бүгін айқындалды. Кеңес әдебиеттануы қазақтың әдебиетін төл табиғатында емес, басқа схемаға салып зерттегеннің салдарынан ғана мундай өкінішті жайлар орын алған еді. Ұлттық көркем дәстүрдің бастауы — реалистік нақтылық, саяси, қоғамдық өмірдің қайшылығын ашатын шыншылдық толғаулар екені айқын. Социалистік реализм әдісі өмір шындығын революциялық даму тұрғысынан ғана бейнелеуді қажетті басты ұстаным ретінде қарады. Сондықтан бүл әдіс жаңа қоғам құрушы еңбекші, күрескер адамның бейнесін жасауды, оны насихаттауды басты мақсат етіп қойды. Тақырып, идея, стиль біркелкілігінен туған жасанды, жалған идеяшылдық , үраншылдық , әдебиеттің ұлттық көркемдік қасиеттеріне жеткілікті мән бермеу, әсіресе жеке адамға табыну дөуірінде басым болды. Бул әдістің салдарынан қазақ әдебиетінің асыл тұлғаларының еңбектері де өздерімен бірге репрессияға ұшырады. Бүгінгі қазақ жазушылары дүниежүзілік эстетикалық ағымдармен, олардың озық шығармаларымен жете таныс. Нөтижесінде реалистік, постмодернистік туындылар дүниеге келуде. Қазір көркемдік әдіс түсінігін стиль категориясы анықтайды. Батыс Еуропа, Латын Америкасы, АҚШ әдебиет туындылары арқылы қазақ әдебиетінде постмодернистік өдістердің енуі заңдылық. Сондықтан қазақ әдебиеттану ғылымында Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің постмодернистік, экзистенциалдық ағымдар әдісінің төңірегінде қарастырылуы да уақыты жеткен тарихи шындық.
Достарыңызбен бөлісу: |