Көркемдік әдіс және бағЫТ. Әдеби бағыт


Дүниежүзі әдебиетіндегі әдеби методтар ерекшеліктері



бет36/43
Дата20.05.2024
өлшемі98.92 Kb.
#501579
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
stud.kz-73494

Дүниежүзі әдебиетіндегі әдеби методтар ерекшеліктері.

Көркем әдебиеттің негізгі түйіні, түпкі қазығы — шындық, өмір шындығы. Бірақ жазушылар өмірдің бір жағын ғана таңдап алып, оны өзінің творчестволық елегінен өткізіп, қалыптасқан көркем жүйеге салу үшін әркімнің әртүрлі әдісті қолдануы және шындықты әртүрлі суреттеуі мүмкін. Жазушылардың өмір құбылысының керекті жағын таңдап алып, оны өз елегінен өткізіп, өз көзқарасы тұрғысынан суреттеу қажеттілігінен барып, әртүрлі творчестволық метод (әдіс,
тәсіл) туады. Өзінің өмірден аңғарғандарын өзінше талқылау жазушылардың әртүрлі творчестволық методтарын (әдіс, жол) туғызады. Бұл методтармен толық танысу әдебиет тарихын тексергенде ғана мүмкін нәрсе. Біз сол методтардың тек негізгі белгілерін ғана көрсетіп
өтпекпіз. XVII — XVIII ғасырларда Европа әдебиетінде классицизм бағыты туды. Бұл бағыттың классицизм деп аталатын себебі: Европа әдебиеті ерте замандағы Грек және Римнің классик әдебиеттерін өздеріне үлгі етіп ұстады. Ертедегі Грек, Рим әдебиеттерінің әсері тек сол кезде ғана болып қойған жоқ, онан кейін де болды. Мысалы: орыс поэзиясында ертедегі Грек, Римнің классик өлең құрылыс түріне еліктеушілікті, олардың өлеңдеріндегі образ қолданыстарын алып пайдалануды біз Пушкиннен де, Феттен де және соңғы кездегі символистерден де кездестіреміз.
Осы кезде, XVII — XVIII ғасырда, ертедегі Грек және Рим үлгілеріне сүйеніп жазатын жаңаша бір бағыт туды. Бұлар өзгеше творчестволық бағытты ұсынды. (бірақ ертедегі Рим, Грек әдебиетін олардың көпшілігі өзінше талқылады және көп мәселені теріс түсінді). Бұл бағытты жасаушылар дворянство және дворянствоға жақын сауда буржуазиясының жоғарғы топтары болды. Бұл методқа (классицизмге) тән ережелерге көркем шығармалардың бағынуы шарт еді. Көркем
творчество сарай маңындағы жоғарғы қауымның ұнатуына, солардың қалауларына бейім болуы керек болды. Тақырып таңдап алу және шығармаға қатысушыларын іріктеу мәселелері классицизм тәртібіне бағынып отырады. Әдебиетте суреттелетін адамдар үстем таптан алынды. Төменгі таптардан шығармаға адам кіргізуге тек комедияларда ғана рұқсат етілді. Тақырыпты және шығармаға қатынасушы геройларды осылай таңдап алудың салдарынан ол кездегі әдебиеттің үстем түрлері трагедия, комедия, батырлықты суреттеген поэмалар; поэзияның лирикалық түрлерінен ода сияқтылар ғана (бұлар туралы кейінірек айтамыз) болды. Көркемдігі жағынан құнды трагедия жазушы Францияда Корнель, Расин, Англияда Шекспир, ал комедияның авторы Мольер болды. Россияда бірнеше трагедияны Сумароков жазды, бірақ ол Европаның трагедия жазушыларына еліктегені ғана болмаса, көркемдік жағынан ештеңе қоса алған жоқ. XVIII ғасырдағы орыс әдебиетінде батырлықты суреттеген поэмалардың ең белгілісі Херасковтың «Россияда» деген поэмасы еді, бірақ бұ да көркемдік жағынан нашар поэма болып шықты.
Классицизм бағытындағы шығармалардың өзінше өзгешеліктері тек тақырып, қатысушыларды
таңдап алуда ғана емес, сонымен қатар қатынасушы адамдарды суреттеулерінде де өзгешеліктер болды. Қатысушылардың мінезі бір жақты суреттелді. Қатысушылардың қайсысы болсын, оларда психологиялық бір қасиет (батылдық, қайырымдылық, серттен таймаушылық т.б.) үстем болып алынды. Бұлар шындық өмірдегі адамдардан гөрі, әртүрлі киім кигізіп, қиялдың жасап шығарған адамдарына жақын. Қатысушылардың мінез-құлықтары өмір шындығынан алшақ жатты. Олар өз
бастарындағы күйініш-сүйініштер жөнінде көп ойланып, ұзын-ұзын монологтер сөйлейтін болды.
Классицизм бағытында жазылған шығармаларды жалпы алғанда сол шығармаларда өмірді шын сол болған күйінде суреттемей, не король, не корольдің жанындағылардың (үстемдік
етушілердің) көзқарасынша, олардың ұнатуынша, солардың қалауынша суреттеді.
Классицизмге тән негізгі ерекшелік — көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет