Көркемдік әдіс және бағЫТ. Әдеби бағыт



бет38/43
Дата20.05.2024
өлшемі98.92 Kb.
#501579
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
stud.kz-73494

Сөз өнері жайында.

Әдебиеттің теориялық жайлары, әдетте, дәл осы тараудан, яғни әдебиет тану жайын, оның ғылымдық сыры мен сипатын, әр алуан ғылми салаларын талдап түсіндіруден басталатын.
Біз олай етпедік, ой-пікірлерімізді әдебиет туралы ғылымнан емес, әдебиеттің тура өзінен, яки әдебиет туралы жалпы түсініктен бастадық.
Неге?Әдебиеттің өзі әдебиет туралы ғылымнан тумайды, керісінше, әдебиет туралы ғылым әдебиеттен туады. Әдебиет жоқ жерде әдебиет туралы ғылым болуы да мүмкін емес. Ендеше, әдебиет туралы ғылымнан бұрын, алдымен әдебиет дегеннің өзі не нәрсе екенін, әдебиетті жасаушы суреткер жөнін, сөз өнерінің қоғамдық бітімі мен идеологиялық пішінін жалпы түрде бір байыптап алу шарт. Біз солай еттік, нәтижесінде сөз өнері жайлы аз-кем ұғым қалыптастырдық. Енді сол сөз өнері жөніндегі ғылымды, оның туу, даму тарихын қысқаша шолып өтіп, одан әрі бірьщғай теориялық толғамдарға көшіп кетуге мүмкіндік бар. Соған кірісейік.
Әдебиет тану — сөз өнерін зерттейтін ғылым. Бұл ғылымға бет ашар тәрізді әдебиеттің табиғатына тән ең бір қарапайьш қағидалар, ілкі түсініктер «Әдебиет тану ғылымына кіріспе» деп аталатын арнаулы пән арқылы талданып, тексеріледі. Одан арғы күрделі мәселелердің бәрі әдебиет танудың өзге салаларының үлесіне қалады. Ал әдебиет туралы ғылым, негізінен, мынадай үш түрлі ғылми салаға бөл-інеді: ә д е б и е т т е о р и я с ы, ә д е б и е т т а р и х ы және ә д е б и е т с ы н ы.Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудық мағынасы мен мәнін байыптайды. Ә д е б и е т т і ң ө з і н е т ә н е р е к ш е л і г і н , о н ы ң қ о ғ а м д ы қ қ ы з м е т і н, к ө р к е м ш ы ғ ар м а н ы т а л д а у д ы ң п р и н ц и п т е р і м е н м е т од и к а -с ы н, ә д е б и ж а н р л а р м е н о н ы ң т ү р л е р і н, ө л е ң ж ү й е л е р і н, т і л м е н с т и л ь, ә де б и а ғ ы м м е н к ө р к е м д і к ә д і с м ә с е л е л е р і н
т ү п-т ү г е л т е к ә д е б и е т т е о р и я с ы н а н ғ а н а т а н ы п б і л у г е
б о л а д ы.Оқырман, айталық, бір роман оқыды. Қітаптың кей жеріне қызықты, кей жерінен жалықты. Бір алуан беттер оны әр түрлі күйге салды: қуантты, ренжітті, күлдірді, жылатты, әйтеуір тебірендірді, толғандырды да ойландырды… Сонымен, ол әлгі романды оқып бітірді. Соңғы бетін жапты. Ал қалай екен? Роман ұнады ма, ұнамады ма?
Осының өзі — әрі оңай сұрақ, әрі қиын сұрақ. Бұл сұраққа жауап беру үшін, бір жағынан, тіпті ойланудың керегі жоқ: ұнады не ұнамады дей салуға болады. Екінші жағынан, неге ұнағанын немесе неге үнамаға-нын айту үшін ойланбауға тіпті де болмайды.
Жә, оқырман ойланды дейік: роман несімен ұнады немесе неменеге ұнамады? Бұл — қиын сауал. Алдымен осы сауалға жауап берер оқырманньщ әдеби сауаты қандай, сұлулық сезімі нешік, эстетикалық талғамы қай дәрежеде? Әлгі оқығанының байыбына бара ала ма? Сол роман дегеніңіздің өзі не, ен, болмаса ооны біле ме?..
Айтты-айтпады, роман! Дүниеге бір жақсы роман келді. Осынын, өзі не нәрсе? Бір суреткердін, творчестволық жетістігі, болмаса ерлігі ме? Иә, солай. Бірақ бұл аз! Бір ұлттын, әдебиетіндегі жаңалық, болмаса құбылыс па? Иә, солай. Бірақ бұл аз! Енді немене?
Шын мәніндегі шынайы, көркем шығарманың дүниеге келуі — күллі қоғамның рухани өміріндегі, белгілі бір әлеуметтік ортаның парасат дүниесіндегі бүтін бір оқиға. Міне, гәп осы арада!.. Роман тәрізді күрделі, кесек шығарма туды ма, онда біздің мәдени тіршілігімізде бір мәнді, маңызды оқиға болып өтті деп білу керек. Біз жоғарыда айтқан — романнық байыбына бару деген дәл осынау, болып өткен мэнді, маңызды оқиғаның байыбына бару деген сөз. Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы (теориясы, тарихы, сыны) өз ара тығыз бірлікте болатыны, әдебиеттін теориясын нәзік түсшбей тұрып, тарихы жайлы әңгіме қозғау; тарихын білмей тұрып, сынын өрбіту мүмкін емөс екені екінің біріне аян. Шын мәніндегі әдебиет сыншысы немесе әдебиет зерттеушісі әдебиет танудың үш саласына да жетік, білімдар әдебиетші болуы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет