Көркемдік әдіс және бағЫТ. Әдеби бағыт



бет41/43
Дата20.05.2024
өлшемі98.92 Kb.
#501579
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
stud.kz-73494

Шығарма тілі.

Көркем шығарманың тілі –күрделі, қыр-сыры мол құбылыс. Бұл жөнінде ғалым З.Қабдолов былай дейді: «Тілі нашар шығарма ешқашан жақсы шығарма болған емес және бола алмайды. Демек, сөз өнерінде тілдің атқарар қызметі бәрінен ерекше, бөлек һәм биік» [1,352 б.]. ендеше көркем шығарманың тілін зерттеп, талдауда да қабылданған ереже өзгертілмес қағида, қалыптасқан бірізді үрдіс жоқ. Сол себепті негізге ала отырып бүгінгі мақаламызда біз көркем шығармадағы, яғни проза тіліндегі үнем заңының көріністерін қарастырмақпыз.Қазіргі көркем әдебиет тіліне арналған зерттеулерде адам бойындағы тілге, адамның өзі мен тіліне деген тілдік жеке адам, көркем сөз шеберінің дүниені тілдік тануы туралы мәселелер жиі көтеріледі. Тіл-адамзат баласының ғаламды танудағы алғашқы әрекеттерінен бастап,оның толық бейнесін жасай алу қабілетіне ие болғанға дейінгі өмірлік тәжірибелерін бойына жинақтап келе жатқан қазына.
Үнемдеу заңының қазіргі жастар прозасындағы кездесуі бүгінгі жас өркен жастарымыздың сөз қолданысындағы ерекшеліктерді көрсетудің бір белгісі екендігі сөзсіз. Қазақ тіліндегі үнем заңы, бұл тілдік құбылыс. Белгілі бір дыбыстың, буынның, сөздің, сөйлемнің қысқартылып, ықшамдалып айтылуы. Яғни үнемдеу заңы тіл білімінің барлық салаларына тән құбылыс. Осы мәселеге мән берген ғалым Б. Сағындықұлы: «Біздің байқауымызша, үнемдеу құбылысы тілдің бүкіл жүйесін –фонетиканы да, лексиканы да, морфологияны да, синтаксисті де қамтиды. Алайда бұл заңдылық тіл білімінде әртүрлі терминдермен аталып жүр. Мысалы, ол фонетикада «элизия», «апокопа», «гаплология» деп аталса, лексикада «ментонимия», морфологияда -«сіңісу», «кіріккен сөздер», синтаксисте –«эллипсис», «толымсыз сөйлемдер» деп аталады» [3,167 б.], -дей келіп осы терминдердің барлығының басын қосып, «үнемдеу заңы» деп атауды ұсынады.
Ғалымның осы пікірін негізге ала отырып, жас қаламгерлер туындысының тіліндегі ерекшеліктерді екшемекпіз. Фонетикалық ықшамдалудың сол прозалық туындылардағы қолданылуы , үнем заңын қолдану арқылы шығарманың көркем баяндалуына қаншалықты үлес қосқандығын қарастырмақпыз.Тіл білімінде фонетикалық ықшамдалудың орны өзгеше деп санаймыз. Фонетикадағы үнемделу дыбыстардың түсіріліп, ықшамдалуына байланысты болғандықтан, бұл құбылыс фонетикалық өзгеріс, фонетикалық амал деген терминдермен түсіндіріліп келеді. Енді тіл білімінің осы құбылыстарын бүгінгі күннің өмірлік өрнегін қаламының ұшымен сызып жүрген жас қаламгерлер шығармаларынан қарастырсақ. Қандай да болсын шығарманың өзегінде өмірлік шындық өрілетіні –көркемөнердің, оның ішінде жалпы адебиеттің бұлжымас заңдылығы. Қай замандада халықтың өмірі, сол өмірдегі сан алуан құбылыстар,с езім кешулері, алуан тағдыр иелері тап болған төтен де тосын оқиғалар, сондай-ақ тағдыр- толқындарды қақпалап, өз арнасынан шығармай алып бара жатқан уақыт ағысы қашан да қалам иелерінің назарын аударған.
Қазіргі қазақ әдебиетінде адымдап, аяқ басып, шығармаларымен бүгінгі күнді бейнелеп өмірдің ащы шындығы мен заман тынысының сырлы суретін әңгімелері арқылы жеткізіп жүрген қаламгерлер көп. Солардың бірі Қанат Әбілқайырдың «О бала мен бұ бала» атты әңгімесіндегі ерекшеліктер. Бұл әңгімеден үнемдеу заңының фонетикадағы көріністерін байқауға болады. Бұл ерекшелік шығарманың тақырыбының өзінен-ақ көрініп тұр.
«Қызық. Қызық емес,шыжығы мол осы қоғамда менің көз алдымда екі бала тұрады. Екеуі. Бір-біріне антоним. Ол –о бала мен бұ бала! Екеуінің де өмірі бесіктегі күннен бастап менің һәм біздің сайқал қоғамның көз алдында.
О бала! Манежде жатқан. Батыстың музыкасын тыңдаған.
Бұ бала! Бесікте тербетілген. Бесік жыры санасында…» Бұл шығарманың басында жазушының қолданған ерекшелігі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет