21.Әдеби шығармадағы мазмұн мен форма.Көркемдік түр (форма) — әдеби шығармадағы мазмұн, мағыналық ондағы ой-сезім байлығының сөзбен мүсіндеп жеткізілген қалпы, алуан түрлі суреттеу тәсілдерінің біріккен жүйелілік тұтастығынан туатын шығарманың көркемділік қуаттылығы. Әдеби шығарманың Көркемдік түрін (формасын) қүрайтын бөлшектер, ерекшеліктер қандай десек, олар — композициялық, сюжеттік қүрылысы, жанрлық өзгешелігі, сөзбен бейнелеу тәсілдері, яғни тіл кестесі, поэзиялық шығарма болса — бұларға қоса өлең өрнегі, өлеңге тән ырғақ-интонация жүйесі, шумақ, ұйқас түрлері. Олардың бәрі әдеби шығарманың бойында бір-бірімен байланысып, жалғасып, тұтаса келіп, көркемдік жүйе дәрежесінде қалыптасқанда және сол шығарманың идеялық мазмұнымен ажырамас бірлік-бірлестік тауып, соны әсерлі жеткізгенде — сонда барып нақтылы шығармадағы көркемдік формаға айналады. Жазушының өмір шындығына бойлауы, оны сезініп-түсінуі және сол шындықты сөзбен мүсіндеп жеткізу шеберлігі — міне, осы екеуі Көркемдік түрдің (форманың) жасалу шарты. Сөйтіп, әдеби шығарманың Көркемдік түрі дегеніміз сол шығарманың мазмұнына сәйкестендіріліп, әр түрлі бейнелеу қүралдарын орнымен пайдаланып, көптеген сурет-айшықтардан өрілген, бір жүйеге келтірілген өрнек. Оның мағыналы көркемдігі шығарманың идеялык мазмүнымен қабысуынан, мазмұн мен түрдің бірлік-бірлестігінен туады. Осындай бірлестік негізінде Көркемдік түр мағыналық сипат алады. Сондыктан мазмұн мен түрді, олардың жеке қүрамды бөліктерін жекелеп қарастыру қажет болады. Соның өзінде де мазмұн мен түрдің бірлестігін, жекелеген бөлшек, айшыктардың өзара байланысын, Көркемдік түрдің тұтастығын ескеру шарт. Көркемдік түрдің кестесін бұзып, әр жібін үзіп, бөлек алғандай болса, бойынан жаны кетіп, өңсіз, ажарсыз кұр канкасы калғандай көрінуі ықтимал. Онда шығарманың бізді тамсандырып, таңқалдырған көркемдеп жасалған өрнегі ыдырап кетіп, оған тән жарасымды гармониясы әсерлі болып шықпайды.
22)ӘДЕБИЕТТІҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ. Дәстүр деген ұғым мазмұн, формамен бара-бар емес. Мысалы, “Ұлттық дәстүр” мен “ұлттық форма” бір дүние емес, бір-бірінің синонимы болып табылмайды. Формаға қарағанда дәстүр кеңірек мағынаны білдіреді. Оның мезгілдік, мекендік айырымы үлкен. Дәстүр белгілі бір дәуір барысында өзгермейтін болса, немесе аз өзгеріске ұшырайтын болса, форма мен мазмұн олай емес, көркем шығармада айтылмақ ойдың мән-мағынасына қарай, идеясына қарай өзгеріп отырады. Яғни өркендеген әдебиеттің мазмұны жаңа екені сияқты, форма да жаңа болуға тиіс және солай да. Ал дәстүр ұлттық шығарманың қалпын байқататын көне элемент ретінде мазмұнды да, форманы да қамтиды және ұзақ эволюцияны басынан кешіреді.Жақсы дәстүр ұлттық көркем шығарманың қаны мен сөлі сияқты оның жақсы мазмұнын да, оған лайық формасын да аңғартады. Бұл жолда дәстүрдің кейбір тұрақты түрлері де, немесе, ұлттық психикаға, мінез-құлыққа байланысты алуан түрлі көріністерінің жиынтығы да белгілі қызмет атқарады. Мазмұн мен форма бірлікті байқатса, ұлттық дәстүр сол бірлікті айқындай түсетін, бекіте түсетін фактор. Мұның басты себебі ұлтты мінез-құлықтың психиканың ұзақ тарихтық түзілісте белгілі бір тұрақтылыққа ие болуынан дәстүр осының сәулесі, яғни характердің көрінуі. Мұнан дәстүрдің сана мен ақылда болатын, яки болмақ өзгерістерден бұрын тұратын, сондықтан оған біраз әсер ететіні ұғылады. Әдебиет пен көркемөнерде, халықтың жалпы мәдениетінде шындық сәулеленіп көрінуі тиіс. Яғни белгілі ұлттың, халықтың өмір тануы, оны қабылдауы өзі тұратын ортаға, қоғамдық хал-жағдайға, георгафиялық, климаттық тұрақтылыққа байланысты туып қалыптасып жататыны сияқты оның образды ойы да, көркемдік түсініктері де әлгімен тығыз сабақтас. Күнделікті өмір, тіршілікте, іс қимылында ғасырлар бойы танымалы болған, дағдыға айналған әдіс, айланы қолданатын сияқты көркемдеу құралдарында да сондай етене болып кеткен, образ бейнелерді көп қолданады.Бұған қарап, әрине, әдебиет пен көркемөнердегі барлық өрнек, нақыштар, көркемдік бояулар түгелдей дәстүр болады екен деген ой тумауы керек. Ұлтқа, халыққа тән өзгешеліктер, айырым белгілер ең алдымен мазмұн, мән-мағына ретінде қаралуға тиіс. Өйткені басқалық, өзгешелік сол мазмұнға байланысты ғана байқалып танылмақ. Әрине, оның өзі белгілі форма, түр арқылы жүзеге асып жатады. Дәстүр, салт, әдет-ғұрып дегендер жаңағы мән-мағынаны, түбірлі, түпкі мазмұнды аңғартатын, байқататын белгілер сияқты. Бірақ соңғының өз мағынасы кең, ролі күшті, тек белгі болумен, форма болумен шектелмей мазмұнды, заттың, құбылыстың мәнін білдіретін реттері көп. Мұнда дәстүр мазмұнын да, сыртқы форманы да қамтиды. Дәстүрдің тез өзгеріп, не жойылып кете қоймауының басты себебі мазмұндық функциясының мол болуынан сияқты… . Ә. — ұлттық категория. Ол алдымен ұлттық түрде, сол халықтың дәстүрлері мен тарихи дамуының ерекшеліктері негізінде жасалады. “Әдебиеттің мазмұнын оның халқының өмірі береді” деген В.Г. Белинский. Көркемдік ізденісте ол әлем Ә-інің озық үлгілерінің тәжрибесін пайдаланады. Оның дәстүрмен байланысы, жаңашылдығының да сыры осында. Сөйтіп, әр халықтың өзіндік Ә-інің үлгісі жалпы адамзатқа ортақ мұраны құрайды. Ә.ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті болып бөлінеді. Қазақ әдебиетінің көшпелі дәстүрде туған, ауызша шығарылып, халық жадында сақталған Ә-і — ауыз әдебиеті (фольклор). Оның түрлері де сол шыққан дәуірі мен жанрлық ерекшеліктерінен туындайды. Оларда тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөз өнері, айтыс, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, эпостың түрлері (батырлық, ғашықтық, дастандар түрінде), тарихи жырлар кең дамыған. Олар өз кезіндегі қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесін анық танытады. Жазба әдебиет (тарихи әдебиет) қазақтың ұлт болып құралып, мемл-тігінің тууына байланысты өркендеген. Онда халықтың тұрмыс-тіршілігінің суреттері мен дербес болуының идеясы жырланған. Елді осы жолда бірлікке шақыру, көрші елдердің отаршылдық саясатына қарсылық кең көрінеді. Ал, қазақтың дүн. жүз. дамуындағы орнын түсініп, Ә. арқылы ағартушылық, демокр. көзқарасты насихаттау 19 ғ-дың 2-жартысында Абайдың, Ы. Алтынсариннің, Ш. Уәлихановтың шығармаларында көрініс тапқан. Осы тұстан бастап, Ә. халық өмірінің қайшылықтарын көркем бейнелеген қуатты құралға айналды. 20 ғ-дың басында Ресей отаршылдығының астында езілген халықтың жан ашуын А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров т.б. батылдықпен көтеріп, ағартушылық, демокр. Ә. дәстүрін тәуелсіздік жолындағы күрес идеясымен ұштастырды. 20 ғ-да, кеңестік дәуірдің қайшылықты саясатына қарамастан, қазақ әдебиеті Еуропа әдебиетінің жанрлық түрлерін игеріп, шын мағынасындағы көркемдік биігіне көтерілді. Оның озық үлгілері әлемдік деңгейде танылды.
Достарыңызбен бөлісу: |