32.Өлең сөздің теориясы.
Өлең сөз адамға өзінің ішкі мазмұнымен, суреттілігімен, бейнелілік мәнімен ғана емес, айтылу қалпы, әсем үнділігімен де әсер етеді.Сөздің ұғым түсінік беретін мәнін, бейнелі мағынысын оның өлеңдегі ырғақ үнділігі , әуезділігі сан түлі рең беріп толықтыра түседі. Тіпті өлоеңді сөйлеп айтпай, іштей оқығанда да, оның үні, әуезділігі, ырғақ-интонациясы, үйлесі адам жанына қалай да әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан олар өлең сөздің Абай айтқандай “тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп”, “айналасы теп-тегіс, жұмыр” келуін өз қадарынша құнттайды.
Әрине, өлең сөздің әуезділігін арттыруға ұмтылу – құр әсемдік қуу емес. Ол үшін өлең сөздің ырғағын мөлшерден тыс өрнектеп, дыбыс үндестігін бірыңғай қуып кетуге де болмайды.Өлең сөздің көркем құралы сөзден құрылыс жағына не айырмасы – онда мөлшерлі ырғақ болады. Және ол қара сөзден де бола беретін, сөйлем не сөйлемшелердің біткен жеріндегі тыныс алу немесе дауыс толқынының құбылып, өзгеріп, тиянақталып отыруынан туатын ырғақ қана емес. Өолең сөзге тән өлшемділіктен туатын, өлеңнің өзінеде ғана болатын ырғақ. Яғни, өлең ырғағы – поэзияның өз еншісіне тиген сипат, өлең сөзде белгілі, қалыптасқан өлшем, өрнекті сақтаудан туатын, әрбір өлең тармағының көлемінде мөлшерлі шек болатындықтан туатын ырғақ. Мұны аңғару үшін әр сөздің буынын ежіктеп санап жапту қажет емес, ырғағын, әуезділігін айқын сезіну жеткілікті. Ырғақ, яки ритм (грекше rhytmos – шамалас, мөлшерлес, сайма — сай) – қимылдың, құбылыстың, үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы. Бүкіл әлем әддебиетіндегі өлеңдер де халықтың тіл ерекшеліктеріне лайық әр түрлі жүйеде жазылады. Ең көне түрі – метрикалық (грекше metron — өлшем) өлең жүйесі. Бұл жүйе тұңғыш рет көне Грецияда – б. э. б. VIII ғасырда пайда болғанда, кейін (б. э. б. III ғасырда) латын әдебиетіне ауысқан.
Метрикалық жүйе — әуезді жүйе, оның арқауында да ән жатады. Көне дүние әдебиетіндегі өлеңдер әрқашан әнмен айтылған, жай оқылмаған, музыкалы мақаммен оқылған. Метрикалық өлең жүйесіндегі негізгі өлшем — ән; ал ендідігі өлшем не болмақ ? Ендігі өлшем — әр тармақтың аяғына айырықша ырғақ әкелетін үндестік, дыбыс қайталау : ұйқас осылай туады. Жә, аяқтары ұйқасқан өлең тармақтарының өн бойындағы ішкі өлшем не болмақ ? Ішкі өлшем – буын; өлең жолдарының буынын санау осылай туды. Әр елдер әдебеиітндегі силлабикалық (грекше sillabe — буын) өлең жүйесінің туу тарихы осындай.Силлабикалық өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе – буын : ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ, бәрі де буынға негізделеді. Квалитативті (сапалы) топтың силлабикадан басқа басты жүйелерінің бірі – орыс поэзиясындағы Тредиаковский реформасынан “XVIII ғ.” Кейін ресми ат алып айдар таққан тоникалық (грекше tonos — еркін), яки акцентті (латынша — accentus — екпін) өлең. Бұл өлеңнің өлшемі – екпін : ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де екпінге негізделеді. Егер силлабикалық өлеңдер буын атаулының бәрі есепке алынатын болса тоникалық өлең де екпін түсетін буындар есепке алынады да, екпін түспейтін буындар есептелмейді. Силлабикалық өлең атаулының бәріндегі, оның ішінде қазақ өлеңіндегі, поэзиялық қасиеттің көптен – көбі буында жатыр. Өлеңді өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес. Керек десеңіз, тіпті ұйқассыз (ақ) өлеңнің өзінін өлеңге айналдыратын бірден –бір күш, құрал осы — буын.
Достарыңызбен бөлісу: |