II-бөлім – Желтоқсан
Мұғалім: Назарларыңызға рахмет! Ендігі II-ші бөлімге аяқ басайық. Желтоқсан деп аталатын екінші бөлімімізді бастамас бұрын желтоқсан оқиғасына байланысты дайындалған бейнематериалымызды ұсынамыз. (видео қосылады.)
Бөліміміз оқушылар өлеңдерімен жалғасады.
86-Желтоқсанның аязды бір күндері,
Мәскеу жақтан бір үкім кеп төндірді,
Біз білмеппіз, өңшең қазақ қас екен,
Бір-біріне неге мұнша, бұл белгі?
Арыз көпті, болмас былай басқалай,
Колбин барар, көтеріңдер тастамай,
Сен мәңгүртке билік қайда, болмасты,
Деген сөзбен ызалы ойын тастады-ай.
Айдос
Қырып беріп төрт мыңдайын қазақтың,
Басқасын да түрме тығып, азаптың,
Неше түрін ойластырған заман да,
Өтіп барар тіліндей боп сағаттың.
Міне халқым мейрам емес мына күн,
Жоқтау айтып, іштен ғана тынатын,
Күн де емес, сол заманды еске алып,
Құран оқып, еске алып тұрар кім?
III-бөлім – Т әуелсіздік
Мұғалім: Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылдады. Қабылданған тарихи құжаттың 1-ші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет, ол өз өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді деп айтылғандай, осы күннен бастап Республика тарихында жаңа кезең басталды.
Қорытынды:
Мүғалім: Отан! – деген сөзім қандай әдемі!
Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.
Атам қазақ аңсағаны еркіндік,
Сақтау үшін азаттықты бекіндік
«Отанның намысы үшін оттан қашпа,
Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа.
Тайсалма бар Отанның құрбаны бол,
Өмірің орынсыз боп кетпес босқа» деп бүгінгі сынып сағатымызды
аяқтаймыз.
Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицей
/9 «Д» сынып/
Сынып жетекшісі: И.А.Кенжеханова
Достарыңызбен бөлісу: |