4- оқушы: Қазақстан картасында КарЛАГ пайда болды. Оның бірі «Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь» деп аталды. Ол «Алжир» деген атаумен кеңінен мәлім. Бұл азап лагерлерінде әр түрлі ұлт өкілдерінен шыққан атақты ғалымдар, ақындар, өнер адамдары ұзақ жылдар бойы қамауда болып азап шекті.
Мұғалім:
Қара күйе жағылған,
Қарғыс таңба
Жазықсыз таңылған.
«Халық жауы»,Үй-орманың оталу.Өз елінде өзің дұшпан аталу
Саналылар сұмырайға саналу.
Айыпсыз-ақ абақтыға қамалу.
Қапияда қауіп алар қармақтар,
Ойды орап
Қырды жапқан Қарлагтар.
Қайда барсаң қан сасыған іргелер,
Тірі өлікке толған іші түрмелер.
Парызың көп тірілер,
Өмір – күрес, жанталас.
Заман туса бірігер
Басыңды қос, алты Алаш.
Қазағымның әр үйін
Қуат беріп қолдаған,
Әли десең – Әлиің
Хан десеңіз – Хан болам.
Ұлдар туар Ержүрек,
Атар әлі таң-нұрың.
Бөлінсеңдер бөрі жеп,
Тәлтек болар тағдырың.
Аспан әлем нұрланса,
Жау шықпайды тасадан.
Алаш туы бір болса,
Бауыр – бүтін,
Бас – аман.
Түбім – түрік
Мен өзім – қазақпын.
Болмай қалса керегім,
Отына сал тозақтың.
Білім деген бір тұма,
Көзін ашпас аса көп.
Ұйықтап жатқан ұлтыма
Ызыңдадым маса боп.
Айтқан беттен таймаса,
Қайран ерлер өркеуде.
Жұрт бүгінін ойласа,
Менің ісім ертеңде.
Белді бекем буған соң
Бар азапты көрдім мен.
Қазақ болып туған соң,
Қазақ болып өлдім мен.
Мұғалім: 1917 жылдың ақпан айында патша үкіметі құлады. Осы жағдайды пайдаланып қазақ зиялылары Алаш партиясын құрды. Ендігі алдағы мақсат- Алашорда үкіметін құру. 1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында өткен Орынбордағы II Бүкілқазақ съезінде өткен «Алашорда үкіметінің құрылуы» жайындағы көрініске назар салыңыздар.
(Көрініс мазмұны: «Алашорда үкіметін бүгіннен алдырмай жариялаймыз ба, әлде бір айдан кейін жариялаймыз ба?» деген ұсыныс болады. Осы кезде дауыс беру басталып кетеді. Дауыс беру қорытындысында Шығыс Алашорда 42 дауысты, ал Батыс Алашорда 39 дауысты алады. 3 адам дауыс бермей қалыс қалады.
Батыс Алашордашылар «Алашорда үкіметін бүгіннен қалдырмай жариялайық» дейді.
Шығыс Алашордашылар «Жоқ, тоқтай тұрыңдар, мынау Түркістан облысы, Түркістанға қарайтын Жетісу облысы, Сырдария облысы бар, осылардың пікірін білейік» дейді.
Дауыс бермей қалыс қалған үш адам «Біз Алашорда үкіметіне қосылмаймыз, біз Түркістан автономиясын құрамыз» деп сахнадан шығып кетеді.
Осы кезде Шығыс Алашорда мен Батыс Алашорда өкілдері қосылып: «Біздер бірігіп, бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып Алашорда үкіметін жариялаймыз» дейді.
Әлихан Бөкейхан «Азаттықтың таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бұл күн теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұр ттың бәрін қорлықта, құлдықта ұстаған жауыз үкімет, өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас қара сапарға кетті.
Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген жақсылықты өңімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр. Бұл күнге жеткізген құдайға мың шүкірлік!)
Достарыңызбен бөлісу: |