2 — жүргізуші: Нешінші болып өнер көрсететіндеріңізді анықтау үшін алдарыңызда тұрған қағаздардан таңдауларыңыз сұралады. Алған номерлеріңіз бойынша сайысқа түсесіздер.
1 — жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашан да нанымды.
1 — жүргізуші: Жеңгелері мен қыздарымыздың таныстыруына кезек береміз.
(әр жұп өздерін таныстырып өтеді)
1)
2)
3)
4)
5)
2 — жүргізуші: Шырақтатып шырқатып, тамсандырған талайды,
Әуелеген әсем ән көк аспанға тарайды.
Өнерпаз ұрпақ мерейі биіктерге жетелеп,
Қазағымның көгіне бақ боп мәңгі жанғай — ды.
лама
1 — жүргізуші: Өнерлерің өрге жүзсін, жас ұрпақ
Сарқылмасын бойларыңда таланттарың,- деп өнерлі жігіттер Мейіржан мен Қанатқа кезек береміз. (Мейіржан мен Қанат «Мама» өлеңімен)
2 — жүргізуші: Абай атамыздың сөзімен айтқанда
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Тәтті ән мен әсем күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй» — деп кезекті өнерлі Жеңгелеріміз бен қыздарымызға береміз.
1 — жүргізуші: Яғни келесі бөлім «Өз – өнері» 1)
2)
3)
4)
5)
2 — жүргізуші: «Ана – таусылмас жыр, сарқылмас дастан, аяқталмайтын ән» дей келе біз «Ана туралы жыр» әнімен Мадинаны ортаға шақырамыз.
1 — жүргізуші: Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын.