2 — жүргізуші: Жаңғырғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Ата – салтын бабаның
Алып келді осы күн
1 — жүргізуші: Ата дәстүр – асыл қазынам
Енді біз асыл Жеңгелеріміз бен қыздарымыздың қаншалықты ата дәстүрін білетіндігін тексермекпіз.
Бұл бөлімнің шарты әр жұпқа 2 сұрақтан беріледі: әр дұрыс жауапқа 5 балдан
2 — жүргізуші: Олай болса алдарыңыздағы карточкаларды таңдасаңыздар
№1 1) Қымыз — мұрындық қандай мереке?
(қымыз — мұрындық мамырдың онынан бастап, ай соңына дейін созылады. Бие байлап, қымыз жинап той өткізеді. Жаз тойы тірілердің аман — саулығын тілеп, әруақтарға құран бағыштайды.
2) Қайын сіңліңізге ат қойдыңыз ба? Қалай атадыңыз және не себепті олай атадыңыз?
№2 1) Сабантой қандай мереке?
(Сабантой ала жаздай еңбектенген бағбандар мен дихандардың құрметіне арналған күз мейрамы)
2) Наурыз көже жайлы айтып берсеңіздер
(келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақта жасалады. Және оған 7 түрлі тағам қосылады.)
№3 1) Талмоншақ дегеніміз не?
(тақияға, сырт киімге бірнеше рет орап тағылатын моншақ)
2) Үш арсызды ата?
(Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз)
№4 1) Жеті жұтты ата?
(Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба, топан су, жер сілкіну, соғыс.)
2) Жарапазан қай кезде айтылады?
(ораза кезінде айтылады)
1 — жүргізуші: Ал халайық, ықыласпен демейік,
Әділдікпен бағаларын берейік, — деп аруларымызбен жеңгелері сұраққа жауап тапқанша қазылар алқасынан алдыңғы екі бөлімнің бағасын сұраймыз.
1 — ші бөлім «Таныстыру» 1 — ші жұпқа
2 — ші жұпқа
3 — ші жұпқа
4 — ші жұпқа