Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110. 00-нысан) Жалпы ережелер



бет2/3
Дата08.07.2016
өлшемі436 Kb.
#185376
1   2   3

шығыстар – 110.04-нысанын жасау

 

42. Бұл нысан шегерімге жатқызылуға тиіс сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар сомасын және қолданылатын салық режиміне және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелеріне сәйкес жылдық жиынтық табысқа (табыстан) енгізуге (алып тастауға) жататын активтерді бағалау әдісінің өзгеруінен түскен табыс (залал) сомасын айқындауға арналған.



Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатып алу, шығару мен сату кірісті алу құралы болып табылатын салық төлеушілер есепті салық кезеңінің басына және соңына тауарлық-материалдық қорлардың (бұдан әрі –ТМҚ) құнын көрсетуге міндетті.

43. «Шығыстар» деген бөлімде:

1) 110.04.001 жолында есепті салық кезеңінің соңына ТМҚ құны бұрынғы салық кезеңінің соңына ТМҚ құны болып табылады. Деректер бұрынғы салық кезеңі үшін 110.04.002 тиісті жолынан көшіріледі. Бастапқы Декларацияда аталған жол есепті салық кезеңнің басына бухгалтерлік теңгерім бойынша айқындалған деректерге сәйкес толтырылады. Өзінің бастапқы декларациясын беретін салық төлеушіде есепті салық кезеңінің басында ТМҚ болмауы мүмкін;

2) 110.04.002 жолы есепті салық кезеңінің соңына бухгалтерлік теңгерім деректеріне сәйкес толтырылады. Бұл ретте, көрсетілген жолда оны сатудан алынған кірістер есепті салық кезеңінде салық салу мақсатында танылған, жылдың соңында тауарлық-материалдық қорлардың қалдықтарында есепке алынатын және жолдағы (мысалы, FAS-порт шарттарындағы тауарларды сату) тауардың құны көрсетілмейді. Есепті салық кезеңінің ішінде салық төлеуші берген тарату декларациясында 110.04.002 жолы тиісті салық кезеңінің соңына бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде толтырылады;

3) 110.04.003 жолында салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметі үшін басқа ұйымдар және (немесе) дара кәсіпкерлердің материалдарды (шикізат пен материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, отын, қосалқы бөлшектер және тағы басқалары), тауарларды, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді салық төлеушінің есепті салық кезеңінің ішінде сатып алған, тегін алған құны көрсетіледі. 110.04.003А, 110.04.003В, 110.04.003С, 110.04.003D, 110.04.003E, 110.04.003F, 110.04.003H, 110.04.003І, 110.04.003K, 110.04.003L, 110.04.003M, 110.04.003N, 110.04.003O, 110.04.003Р, 110.04.003Q, 110.04.003R жолдарының сомаларын қосумен айқындалады;

4) 110.04.004 жолы қолданылатын салық режиміне және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелеріне сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар сомасын айқындауға арналған. Бұл ретте, еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстарға материалдық, әлеуметтік игілік немесе өзге де материалдық пайда түрінде жұмыс беруші берген кірістерді қоса, ақшалай және заттай нысанда жұмыс беруші төлейтін қызметкерлердің кез-келген кірістері жатады. 110.04.004А, 110.04.004В, 110.04.004С және 110.04.004D жолдарының сомаларының айырмасы ретінде айқындалады (110.04.004А және 110.04.004В және 110.04.004С – 110.04.004D);

5) 110.04.004А жолында қызметкерлерге есептелген еңбекақы төлемдерінің жалпы сомасы көрсетіледі;

6) 110.04.004В жолында 110.04.004А жолында көрсетілген еңбекақы төлемдерін қоспағанда, Салық кодексінің 149-бабына сәйкес айқындалатын қызметкерлердің табыстары көрсетіледі;

7) 110.04.004С жолында 110.04.004А және 110.04.004В жолдарында көрсетілмеген қызметкерлердің еңбекақылары бойынша шығыстар көрсетіледі. Мысалы: жұмыс беруші заңды тұлғаны қайта құрумен, қызметкерлердің штатын қысқартумен байланысты қызметкерлерге төлемдер;

8) 110.04.004D жолында негізгі қаражаттарды жөндеуге қызметкерлерге есептелген кіріс сомасы мен оларға берілген материалдық және әлеуметтік игіліктердің сомасы көрсетіледі;

9) 110.04.005 жолында 110.04.005А, 110.04.005F және 110.04.005G жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, 110.04.003 жолында ескерілмеген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) шығару мен сату бойынша шығыстардың барлық басқа да сомалары көрсетіледі;

10) 110.04.005А жолында 110.04.005В-дан 110.04.005Е жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, іссапар шығыстарының жалпы сомасы көрсетіледі. 110.04.005В жолында бронь үшін шығыстарға төлемді қоса алғанда, іссапар орнына және кері жолға нақты жүргізілген шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі. 110.04.005С жолында бронь үшін шығыстарға төлемді қоса, тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жүргізілген шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі. 110.04.005D және 110.04.005E жолдарында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалған сәтте қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары іссапарлар бойынша тәуліктік төленетін тиісті сома көрсетіледі;

11) 110.04.005 F жолында нақты жүргізілген өкілдік шығыстардың сомасы көрсетіледі;

12) 110.04.005G жолында есепті салық кезеңінің шығыстарына жататын алдағы кезеңдердің шығыстарының сомасы көрсетіледі және қосымша нысан деректерінің негізінде толтырылады.

110.04.003 – 110.04.005 жолдарында келтірілген деректер 110.01.026 –110.01.037 жолдарында көрсетілген деректерді қайталамауы тиіс;

13) 110.04.006 жолында Салық кодексінің 195-197-баптарына сәйкес шегерімдерге жатқызылатын резидент емес салық төлеушінің басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомалары көрсетіледі және қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес салық төлеуші толтырады. Көрсетілген сома 110.03.003 жолынан көшіріледі;

14) 110.04.007 жолында сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шығысқа қосылған ТМҚ және басқа да шығыстардың жиынтық сомасы, (110.04.001 – 110.04.002) және 110.04.003 – 110.04.006 аралығындағы жолдардың сомасы көрсетіледі;

15) 110.04.008 жолында Салық кодексінің 113-бабына сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылған ТМҚ, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің нақты құны көрсетіледі;

16) 110.04.009 жолында аяқталмаған құрылысқа жіберілген ТМҚ, жұмыстар мен қызметтердің нақты құны көрсетіледі;

17) 110.04.010 жолында жылдық жиынтық кірісті алу мақсатында емес пайдаланылған ТМҚ, жұмыстар мен қызметтердің құны көрсетіледі;

18) 110.04.011 жолында салық кезеңінің соңына алдағы кезеңдердің шығыстарының сомасы көрсетіледі;

19) 110.04.012 жолында 110.04.007 жолының сомасынан


110.04.008, 110.04.009 және 110.04.010 жолдарының сомасын шегерумен айқындалатын сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;

20) 110.04.013А жолында есепті салық кезеңінің соңына ТМҚ өзіндік құнын бағалаудың қолданылатын әдісі көрсетіледі. «ЛИФО» әдісі бойынша өзіндік құнын бағалауды көрсетуге арналған торкөз толтырылуға жатпайды;

21) 110.04.013В жолында пайдаланылатын бағалау әдісінің өзгеру фактісі көрсетіледі. Осы жолды ТМҚ өзіндік құнын олардың бағалау әдісін өзгертуі кезінде салық төлеуші толтырады;

22) 110.04.014 жолында 110.04.013C жолының сомасынан 110.04.013D жолының сомасын шегерумен (110.04.013D - 110.04.013С) айқындалатын ТМҚ өзіндік құнының бағалау әдісінің өзгеруі кезінде алынған кіріс (залал) сомасы көрсетіледі.

110.04.012 жолының шамасы 110.01.026 жолына көшіріледі.

110.04.014 жолының шамасы 110.01.024G жолына көшіріледі.

 

7. Геологиялық зерттеуге, барлауға және табиғи ресурстарды



өндіруге дайындық жұмыстарына шығыстар және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары – 110.05-нысанын жасау
44. Бұл нысан Салық кодексінің 101-бабына сәйкес немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт ережелеріне сәйкес шегерімдерге жатқызылуға жататын жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейін өндіру басталған уақытқа дейін геологиялық зерттеу мен барлауға, табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына жұмсаған шығыстарын,
сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын айқындауға арналған.

45. «Геологиялық зерттеуге, барлауға және табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шығыстар» деген бөлімде:

1) 110.05.001 жолы геологиялық зерттеуге шығыстардың сомасын көрсетуге арналған;

2) 110.105.002 жолы бағалау және орналастыру кезеңінде барлау мен пайдалы қазбаларды өндіруге дайындық жұмыстарына шығыстардың сомасын көрсетуге арналған;

3) 110.05.003 жолы жалпы әкімшілік шығыстардың сомасын көрсетуге арналған;

4) 110.05.004А жолында қол қойылатын төленген бонус сомасы көрсетіледі;

5) 110.05.004В жолында коммерциялық табылудың төленген бонусының сомасы көрсетіледі;

6) 110.05.004С жолын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар талаптарына сәйкес өндіру бонусын төлеушілер болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар толтырады;

7) 110.05.005 жолын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар талаптарына сәйкес тарихи шығыстарды төлеушілер болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар толтырады;

8) 110.05.006 жолында өндірілген пайдалы қазбаларды сату бойынша шығыстардан басқа Салық кодексінің 101-бабы 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын өзге шығыстар көрсетіледі;

9) 110.05.007 жолында 110.05.001 – 110.05.006 жолдарының сомасы ретінде айқындалатын пайдалы қазбаларды өндіруге дайындық жұмыстары мен барлауға, геологиялық зерттеуге шығыстардың жалпы сомасы және салық төлеушінің басқа да шығыстары көрсетіледі;

10) 110.05.008 жолында коммерциялық табудан кейін өндіру басталған уақытқа дейін табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстары, барлау, геологиялық зерттеу өткізу кезеңіне келісімшарт жасалған шектерде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы алған кірістер сомасы көрсетіледі;

11) 110.05.008А жер қойнауын пайдалану құқығын беруден түскен табыстар сомасы көрсетіледі;

12) 110.05.009 жолында 110.05.007 жолында көрсетілген шығыстар сомасына азайтылмайтын 110.05.008 жолынан кірістер сомасы көрсетіледі. 110.05.010 және 110.05.011 жолдарының сомалары ретінде айқындалады;

13) 110.05.010 жолында пайдалы қазбаларды сату кезінде жер қойнауын пайдаланушы алған кірістердің жалпы сомасы көрсетіледі;

14) 110.05.011 жолында жылдық жиынтық табыстан алып тастауға жататын кірістердің жалпы сомасы көрсетіледі. 110.05.011А – 110.05.011F жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

15) 110.05.012 жолында 110.05.007 жолында алынған шығыстар сомасына азайтылатын кірістердің жалпы сомасы көрсетіледі. 110.05.008 және
110.05.009 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады;

16) 110.05.013 жолында 110.05.007 және 110.05.012 жолдарының оң айырмасы ретінде алынған, шегерімге жатқызылуы тиіс табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстары мен геологиялық зерттеу, барлауға шығыстар сомасы көрсетіледі.

Егер 110.05.013 жолы бойынша теріс мән алынған болса, көрсетілген сома табиғи ресурстарды өндіруге геологиялық зерттеу мен дайындық жұмыстарына шыққан шығыстарға, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарына түзетулерден түскен кірістер деп танылады.

46. «Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер сатып алуға жұмсалған шығыстар» деген бөлімде:

1) 110.05.014 жолы негізгі құралдар мен материалдық емес активтер сатып алуға жұмсалған шығыстар сомасын көрсетуге арналған. 110.18.014А және 110.18.014В жолдарының қосындысымен айқындалады;

2) 110.05.014А жолы негізгі құралдар сатып алуға жұмсалған шығыстарды көрсетуге арналған;

3) 110.05.014В жолы жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуды қоса алғанда, материалдық емес активтерді сатып алуға жұмсалған шығыстар сомасын көрсетуге арналған.

47. «Геологиялық зерттеуге және табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына, негізгі және материалдық емес активтерді сатып алуға жұмсалған шығыстар» деген бөлімде:

1) 110.05.015А жолында геологиялық зерттеуге және табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына, негізгі және материалдық емес активтерді сатып алуға жұмсалған шығыстар сомасы көрсетіледі. Келісімшарт қолданысының бірінші салық кезеңінде осы жолға 110.05.013 жолында айқындалған сома, одан кейінгі салық кезеңдеріне – бұрынғы салық кезеңі үшін
110.04.013, 110.05.014, 110.05.016 жолдарында айқындалған сома көшіріледі;

2) 110.05.015ВІ жолында 25 пайыз мөлшерінде амортизацияның шекті нормасы көрсетіледі;

3) 110.05.015ВІІ жолында шекті нормадан аспайтын (25%) жер қойнауын пайдаланушы қолданатын амортизацияның нормасы көрсетіледі;

4) 110.05.015С жолында 110.05.015А және


110.05.015ВІІ жолдарының туындысы ретінде айқындалатын есепті салық кезеңіндегі шегерімге жатқызылуы тиіс амортизациялық аударымдар сомасы көрсетіледі;

5) 110.05.016 жолында 110.05.015А және 110.05.015С жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын келесі салық кезеңіне көшірілетін шығыстар сомасы көрсетіледі;

48. «Қазақстандық кадрларды оқытуға және әлеуметтік саланы дамытуға шығыстар» деген бөлімде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптары мен заң нормаларына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар толтырады:

1) 110.05.017 жолында есепті салық кезеңі үшін келісімшарт шегінде айқындалған қазақстандық кадрларды оқытуға, өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға шығыстар сомасы көрсетіледі;

2) 110.05.018 жолында есепті салық кезеңі үшін қазақстандық кадрларды оқытуға, өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға жер қойнауын пайдаланушы нақты жүргізілген шығыстардың сомасын көрсетуге арналған;

3) 110.05.019 жолында шегерімге жататын қазақстандық кадрларды оқытуға, өңірлердің әлеуметтік саласын дамытуға шығыстар сомасы көрсетіледі. 110.05.017 және 110.05.018 жолдарының ең аз мәні ретінде айқындалады;

4) 110.05.020 жолында инфрақұрылымды дамытуға шығыстарды қоса алғанда, өзге де шығыстардың сомасы көрсетіледі.

110.05.013 жолының шамасы 110.05.013 жолы бойынша теріс мән көрсетілген жағдайда 110.01.021 жолына көшіріледі.

110.05.015С, 110.05.019 бен 110.05.020 жолдарының шамасы
110.01.033 жолына көшіріледі.

 

8. Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар, жөндеуге шығыстар және басқа да шегерімдер – 110.06-нысанын жасау



 

49. Бұл нысан салық салу мақсатында тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар сомасын, жөндеуге шығыстарды және басқа да шегерімдерді, сондай-ақ қолданылатын салық режимі мен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелеріне сәйкес кіші топтың теңгерімдік құнынан есептен шыққан тіркелген активтердің (І және


ІІ активтерден басқа) құн асуынан кірістерді айқындауға арналған.

50. «Ғимараттар, құрылыстар» деген бөлімде:

110.06.001 жолы ғимараттар, құрылыстар бойынша шегерімдерді көрсетуге арналған.

51. «Құрылыстар» бөлімінде:

110.06.002 жолы ғимараттар бойынша шегерімдерді көрсетуге арналған.

52. «Негізгі құралдардың қалған кіші топтары» деген бөлімде:

110.06.003 жолы негізгі құралдардың қалған кіші тобы бойынша шегерімдерді көрсетуге арналған.

53. «Негізгі құралдар бойынша барлығы» деген бөлімде:

110.06.004 жолы негізгі құралдар бойынша шегерімдердің жиынтық сомаларын көрсетуге арналған. 110.19.001, 110.19.002, 110.19.003 тиісті жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

54. «Ғимараттар, құрылыстар», «Құрылыстар», «Негізгі құралдардың қалған кіші топтары» және «Негізгі құралдар бойынша барлығы» деген бөлімдерінде 110.06.008 жолында көрсетілетін сатып алынған технологиялық жабдықтардың құны есепке алынбайды.

55. «Материалдық емес активтер» деген бөлімде:

1) 110.06.005А жолында өткен салық кезеңі үшін 110.06.005I жолынан көшірілетін есепті салық кезеңінің басындағы кіші топтың материалдық емес активтерінің құндық теңгерімінің шамасы көрсетіледі;

2) 110.06.005В жолында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамалық актісі мен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелеріне сәйкес кіші топтың материалдық емес құралдарының қайта бағалау сомасы көрсетіледі;

3) 110.06.005С жолында есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған, тегін алынған, сондай-ақ жарғылық капиталға салымы ретінде түскен және жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын материалдық емес активтердің құны көрсетіледі. Көрсетілген материалдық емес активтердің құны Салық кодексінің 106-бабына сәйкес айқындалады. Бұл бағанда, сондай-ақ Салық кодексінің


110-бабы 2-тармағына сәйкес екі еселенген нормамен амортизациялық аударымдар сомасы есептелген материалдық емес активтердің қалдық құны көрсетіледі;

4) 110.06.005D жолында материалдық емес активтерді өткізуден, қаржы лизингіне, жарғылық капиталға салым ретінде беруден, сондай-ақ есептен шығару, бүліну, жойылу, жоғалу кезінде сақтандырылған материалдық емес активтер бойынша алынған және/немесе алуға жататын сома көрсетіледі;

5) 110.06.005Е жолында есепті салық кезеңінің соңындағы кіші топтың материалдық емес активтерінің құндық теңгерімінің шамасы көрсетіледі (110.06.005А және 110.06.005В және 110.06.005С – 110.06.005D);

6) 110.06.005 F жолында есепті салық кезеңі үшін есептелген амортизациялық аударымдар сомасы көрсетіледі (110.06.005Е х 110.06.005К);

7) 110.06.005 G жолында Салық кодексінің 111-бабы 2-тармағына сәйкес немесе қолданылатын салық режимі мен Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелеріне сәйкес есепті салық кезеңінің аяғындағы шамасы 300 айлық есептік көрсеткіштен кем соманы құрайтын кіші топтың теңгерімдік құны көрсетіледі;

8) 110.06.005Н жолында Салық кодексінің 111-бабы 1-тармағына сәйкес немесе қолданылатын салық режимі мен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелеріне сәйкес егер есепті салық кезеңінің аяғында осы кіші топтың барлық тіркелген активтері жойылса, 110.06.005Е жолында көрсетілген сомаға тең есепті салық кезеңінің аяғындағы кіші топтың теңгерімдік құны көрсетіледі;

9) 110.06.005І жолында Салық кодексінің 108-бабы 2-тармағында көзделген түзету есебімен (110.06.005E – 110.06.005F – 110.06.005G –
110. 06.005Н) және амортизациялық аударымдар сомасына кемітілген есепті салық кезеңінің аяғындағы кіші топтың теңгерімдік құны ретінде айқындалатын кіші топтың құндық теңгерімі көрсетіледі.

10) 110.06.005J жолында амортизацияның шекті нормалары пайыздарда көрсетіледі;

11) 110.06.005К жолында салық төлеушілер қолданатын материалдық емес активтер бойынша амортизацияның нормалары, бірақ
110.19.005J жолында көрсетілген шектен жоғары емес пайызда көрсетіледі.

56. «Өзгелері» деген бөлімде:

1) 110.06.006 жолы кіші топтың құндық теңгерімінен шығарылған тіркелген активтер құнының асып кетуінен түскен табысты көрсетуге арналған;

2) 110.06.007 жолы Салық кодексінің 113-бабы 4 және


5-тармақтарына сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс, жалға алу келісімшартына сәйкес жалға беруші жүргізген және жалға беруші өтемеген жалға алған негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығыстардың сомасын көрсетуге арналған;

3) 110.06.008 жолы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамалық акті мен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт ережелеріне сәйкес белгіленген амортизация нормасының шегінде өндірістік мақсатта пайдаланатын сатып алған технологиялық жабдықтардың құнының сомаларын көрсетуге арналған;

4) 110.06.009 жолы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заңнамалық акті мен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт ережелеріне сәйкес белгіленген пайдалану мерзімімен өз құрылысы бойынша шығыстарды көрсетуге арналған.

110.06.004F және 110.06.008C жолдарының шамасы 110.01.037А жолына көшіріледі.

110.06.005F жолының шамасы 110.01.037В жолына көшіріледі.

110.06.004J және 110.06.005H жолдарының шамасы 110.01.037D жолына көшіріледі.

110.06.004I және 110.06.005G жолдарының шамасы 110.01.037Е жолына көшіріледі.

110.06.004G және 110.06.007I жолдарының шамасы 110.01.037G жолына көшіріледі.

110.06.006 жолының шамасы 110.01.008 жолына көшіріледі.

110.06.008D жолының шамасы 110.01.037Н жолына көшіріледі.

110.06.009С жолының шамасы 110.01.037I жолына көшіріледі.


9. Алғаш рет пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар – 110.07-нысанын жасау

 

57. Бұл нысан салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға енгізілген және қолданылатын салық режиміне және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт ережелеріне сәйкес шегерімге жатқызылуы тиіс жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды айқындауға арналған.



Салық кодексінің 110-бабы 2-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдарын салық төлеуші шегерімге жатқызған кезде, осы нысан үш жыл ішінде жиынтық жылдық табыс алу мақсатында тіркелген активтерді пайдалануды растау үшін келесі үш салық кезеңіне беріледі.

58. «Алғаш рет пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар» бөлімінде:

110.07.001 жолы Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған.

110.07.001В жолының шамасы 110.01.037С жолына көшіріледі.

 

10. Салық салуда жеңілдігі бар елде алынған табыс – 110.08-нысанын жасау



 

59. Осы нысан резидент салық төлеушінің Салық кодексінің 130-бабына сәйкес резидент салық төлеушінің салық салынатын табысына қосатын салық салуда жеңілдігі бар елдерде орналасқан және (немесе) тіркелген резидент емес заңды тұлғалардың пайдаларының жалпы сомаларын айқындауына арналған. Салық салуда жеңілдігі бар елді айқындау Салық кодексінің 130-бабы


2-тармағында көзделген

60. «Есептік көрсеткіштер» деген бөлімде:

1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

2) В бағанында салық салуда жеңілдігі бар елдерде орналасқан және (немесе) тіркелген, жарғылық капиталында салық төлеуші-резиденттің үлесі 10%-тен көп үлесті құрайтын резидент емес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

3) С бағанында осы Қағидалардың 62-тармағына сәйкес В бағанында көрсетілген резидент емес салық төлеушінің резиденттік елінің коды көрсетіледі;

4) D бағанында В бағанында көрсетілген резидент емес салық төлеушінің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі;

5) Е бағанында резидент салық төлеушінің В бағанында көрсетілген резидент еместің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі пайызда көрсетіледі;

6) F бағанында осы Қағидалардың 61-тармағына сәйкес резидент еместің пайда сомасы айқындалған валюта коды көрсетіледі;

7) G бағанында В бағанында көрсетілген резидент емес заңды тұлғаның оның шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша айқындалған шоғырландырылған пайда сомасы шетел валютасында көрсетіледі. В бағанында көрсетілген резидент еместің пайдасының жалпы сомасы осы Декларацияға қоса берілген сол сияқты резидент еместің шоғырландырылған қаржылық есептілігімен расталады;

8) Н бағанында 100% ((GхЕ)/100%) G және Е бағандарының деректерінің туындысына қатынасы ретінде айқындалатын Қазақстан Республикасының салық төлеуші-резидентінің салық салынатын кірісіне қосылатын пайда сомасы шетел валютасында көрсетіледі;

9) I бағанында В бағанында көрсетілген резидент емес заңды тұлғаның салық кезеңінің соңғы күніне валюта айырбасының нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютада қайта есептелген Н бағанында көрсетілген пайда сомасы көрсетіледі.

 

 11. Табыстардың, валюталардың, елдердің, халықаралық келісімдер түрлерінің кодтары



 

61. Декларация толтыру кезінде мынадай табыс түрлерін кодтауды пайдалану керек.

1) Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар:

1010 – Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды өткізуден түскен табыстар;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет