Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (110. 00-нысан) Жалпы ережелер



бет3/3
Дата08.07.2016
өлшемі436 Kb.
#185376
1   2   3

1011 – Қазақстан Республикасында орналасқан тауарларды сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде одан тыс өткізуден түскен табыстар;

1020 – Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен табыстар;

1021 – резидентке Қазақстан Республикасының шегінен тыс басқарушылық, қаржылық (тәуекелдерді сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру бойынша қызмет көрсетулерді қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (өкілдік және соттарда және алқалық органдарда мүдделерді қорғау бойынша қызметтерді, сондай-ақ нотариалды қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түскен табыс;

1022 – егер алынатын қызметтер осындай тұрақты мекеменің қызметімен байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент емеске Қазақстан Республикасының шегінен тыс басқарушылық, қаржылық (тәуекелдерді сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру бойынша қызмет көрсетулерді қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (өкілдік және соттарда және алқалық органдарда мүдделерді қорғау бойынша қызметтерді, сондай-ақ нотариалды қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түскен табыс;

1030 – Салық кодексінің 224-бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелген тұлғаның нақты орындалған (көрсетілген, сатылған) орнына қарамастан жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден, тауарларды сатудан түскен табыстары, сондай-ақ аталған тұлғаның резиденттен алатын өзге де табыстары;

1031 – Салық кодексінің 224-бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелген тұлғаның нақты орындалған (көрсетілген, сатылған) орнына қарамастан жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден, тауарларды сатудан түскен табыстары, сондай-ақ аталған тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент еместен, егер алатын жұмыстары, қызметтері, тауарлары осындай тұрақты мекемеге байланысты болса, олардан алатын өзге де табыстары;

1040 – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен табыс;

1041 – резидент шығарған бағалы қағаздарды сату нәтижесінде алынған құн өсімінен табыс;

1042 – Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғада, консорциумда қатысу үлестерін сату нәтижесінде алынған құн өсімінен табыс;

1043 – егер резидент емес заңды тұлғаның осындай акцияларының немесе активтерінің құнының 50 пайызынан астамын Қазақстан Республикасында орналасқан мүлік құрайтын болса, резидент емес шығарған акцияларды сату нәтижесінде алынған құн өсімінен табыс;

1044 – егер резидент емес заңды тұлғаның осындай қатысу үлестерінің немесе активтерінің құнының 50 пайызынан астамын Қазақстан Республикасында орналасқан мүлік құрайтын болса, резидент емес заңды тұлғада қатысу үлестерін сату нәтижесінде алынған құн өсімінен табыс;

1050 – талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін резиденттен қарызды талап ету құқықтарын беруден табыстар;

1051 – талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместен қарызды талап ету құқықтарын беруден табыстар;

1060 – талап ету құқығын сатып алған салық төлеуші үшін резиденттен қарызды талап ету құқықтарын беруден табыстар;

1061 – талап ету құқығын сатып алған салық төлеуші үшін Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместен қарызды талап ету құқықтарын беруден табыстар;

1070 – резиденттің мiндеттемелерiн, оның iшiнде жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға жасасқан келiсiмшарттар (шарттар, келiсiмшарттар) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiмшарттары бойынша орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсiмақылар)

1071 – резидент еместің, мұндай резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы қызметi барысында туындаған мiндеттемелерiн, оның iшiнде жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға жасасқан келiсiмшарттар (шарттар, келiсiмшарттар) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiмшарттары бойынша орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсiмақылар);

1080 – резидент заңды тұлғадан түсетін дивидендтер түріндегі табыстар;

1081 – Қазақстан Республикасында орналасқан пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер түріндегі табыстар;

1090 – мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын резидент емес үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемелерін орындау жүктелмеген сенімгерлікпен басқарушы-резиденттен мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тағайындау туралы акт бойынша алынған табыстар;

1100 – резиденттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар түріндегі табыстар;

1101 – егер резидент еместің берешегі оның тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне қатысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі немесе сонда орналасқан мүлкі бар резидент еместен алынған борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, сыйақылар түріндегі табыстар;

1110 – резидент эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі табыстар;

1111 – егер резидент еместің берешегі оның тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне қатысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі немесе сонда орналасқан мүлкі бар резидент емес эмитенттен алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі табыстар;

1120 – резиденттен алынатын роялти түріндегі табыстар;

1121 – егер роялти төлеу бойынша шығыстар осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент еместен алынатын роялти түріндегі табыстар;

1130 – Қазақстан Республикасында орналасқан мүлкін жалға беруден түсетін табыстар;

1140 – Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;

1150 – Қазақстан Республикасында туындайтын сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылар түріндегі табыстар;

1151 – Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылар түріндегі табыстар;

1160 – халықаралық тасымалдарда көліктік қызмет көрсетуден табыстар;

1661 – Қазақстан Республикасы ішінде көліктік қызмет көрсетуден табыстар;

1170 – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан құбыр жолдарын, электр беру желілерін (ЭБЖ), оптикалық-талшықты байланыс желілерін пайдаланудан алынатын табыстар;

1180 – жұмыс беруші болып табылатын резидентпен жасасқан еңбек шарты (келісімшарт) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін резидент емес жеке тұлғаның табыстары;

1181 – жұмыс беруші болып табылатын резидент емеспен жасасқан еңбек шарты (келісімшарт) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін резидент емес жеке тұлғаның табыстары;

1190 – өздерiне резидентке қатысты жүктелген басқарушылық мiндеттердi орындауға байланысты басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесiнiң немесе өзге де органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер. Бұл ретте мұндай тұлғалардың басқарушылық міндеттерін нақты орындайтын орнының маңызы жоқ;

1200 – жұмыс беруші болып табылатын резидент Қазақстан Республикасында тұруына байланысты төлейтін резидент емес жеке тұлғаның үстемақылары;

1201 – резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында тұруына байланысты жұмыс беруші болып табылатын резидент емес оған төлейтін үстемеақы;

1210 – жұмыс беруші (резидент немесе резидент емес) еңбек шартының (келісімшартының) негізінде немесе өзге де тұлға қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың негізінде шеккен, резидент емес жеке тұлғаны материалдық, әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге жұмсалған шығыстарды қоса алғанда, осындай жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін табыстары. Бұл ретте мұндай шығыстарға осындай жеке тұлғаның тамақтануына, тұруына, оның балаларын оқу орындарында оқытуға жұмсалатын шығыстар, оның отбасы мүшелерінің демалысқа барып-келуін қоса алғанда, демалуға байланысты шығыстар жатады;

1211 – өзге тұлға еңбек шартының (келісімшартының) негізінде немесе өзге де тұлға қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың негізінде шеккен, резидент емес жеке тұлғаны материалдық, әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге жұмсалған шығыстарды қоса алғанда, осындай жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін табыстары. Бұл ретте мұндай шығыстарға осындай жеке тұлғаның тамақтануына, тұруына, оның балаларын оқу орындарында оқытуға жұмсалатын шығыстар, оның отбасы мүшелерінің демалысқа барып-келуін қоса алғанда, демалуға байланысты шығыстар жатады;

1220 – резидент жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;

1230 – қалайша және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, мәдениет және өнер қызметкеріне: театр, кино артистеріне, радио, теледидар қызметкеріне, музыкантқа, суретшіге, спортшыға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетін табыстар;

1240 – резидент төлейтiн ұтыстар;

1241 – егер ұтыс төлемі тұрақты мекеме қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент емес төлейтiн ұтыстар;

1250 – Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызмет көрсетуден алынған табыстар;

1260 – Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi тегiн алу түріндегі табыстар;

1261 – Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi тегiн алудан табыстар;

1270 – туынды қаржы құралдары бойынша табыстар;

1280 – міндеттемені есептен шығарудан табыстар;

1290 – күмәндi мiндеттемелер бойынша табыстар;

1300 – лицензия негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерiн азайтудан табыстар;

1310 – сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан табыстар;

1320 – кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алынған табыстар;

1330 – тіркелген активтерді шығарудан түскен табыстар;

1340 – геологиялық зерттеу мен табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түскен табыстар;

1350 – кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша нақты шығыстар сомасынан артуынан түскен табыстар;

1360 – бірлескен қызметті жүзеге асырудан табыстар;

1370 – бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

1380 – оң бағамдық айырма сомасының қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнаманың талаптарына сәйкес айқындалған теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;

1390 – әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстар;

1400 – мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатудан түскен табыстар;

1410 – сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге де жағдайларда пайда алушы алған (алуға тиіс) мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түскен таза табыс;

1420 – ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;

1430 – Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде туындайтын басқа да табыстар.

2) Қазақстан Республикасынан тыс көздерден табыстар:

2010 – Қазақстан Республикасынан тыс, шет мемлекетте орналасқан тауарларды өткізуден түскен табыстар;

2020 – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен табыстар;

2021 – резидент емеске Қазақстан Республикасының шегінен тыс басқарушылық, қаржылық (тәуекелдерді сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру бойынша қызмет көрсетулерді қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (өкілдік және соттарда және алқалық органдарда мүдделерді қорғау бойынша қызметтерді, сондай-ақ нотариалды қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түскен табыстар;

2030 – Салық кодексінің 224-бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелген резидент еместен резидент алатын осындай мемлекетте жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден, тауарларды сатудан түскен табыстар, сондай-ақ өзге де табыстар;

2040 – Қазақстан Республикасынан тыс аумақта орналасқан мүлікті өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен табыстар;

2041 – резидент емес шығарған бағалы қағаздарды сату нәтижесінде алынған құн өсімінен табыстар;

2042 – Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан резидент емес заңды тұлғада, консорциумда қатысу үлестерін сату нәтижесінде алынған құн өсімінен табыстар;

2043 – егер резидент емес заңды тұлғаның осындай қатысу үлестерін немесе активтерінің құнының 50 пайызынан астамын Қазақстан Республикасында орналасқан мүлік құрайтын болса, резидент емес шығарған акцияларды сату нәтижесінде алынған құн өсімінен табыстар;

2044 – егер резидент емес заңды тұлғаның осындай қатысу үлестерінің немесе активтерінің құнының 50 пайызынан астамын Қазақстан Республикасында орналасқан мүлік құрайтын болса, резидент емес заңды тұлғада қатысу үлестерін сату нәтижесінде алынған құн өсімінен табыстар;

2050 – талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін резидент еместен қарызды талап ету құқықтарын беруден табыстар;

2060 – талап ету құқығын сатып алған салық төлеуші үшін резидент еместен қарызды талап ету құқықтарын беруден табыстар;

2070 – резиденттің мiндеттемелерiн, оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға жасасқан келiсiмшарттар (шарттар, келiсiмшарттар) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiмшарттары бойынша орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсiмақылар);

2080 – резидент емес заңды тұлғадан түсетін дивидендтер түріндегі табыстар;

2081 – Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер түріндегі табыстар;

2090 – мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындаудың басқа жағдайларында пайда алушы болып табылатын резидент үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде салық міндеттемесін орындау жүктелмеген резидент емес сенімгерлікпен басқарушыдан мүлікті сенімгерлікпен басқаруды белгілеу туралы акті бойынша алынған табыстар;

2100 – резидент еместен алынан борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда сыйақылар түріндегі табыстар;

2110 – резидент емес эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі табыстар;

2120 – резидент еместен алынатын роялти түріндегі табыстар;

2130 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан мүлкін жалға беруден түсетін табыстар;

2140 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;

2150 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс туындайтын сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылар түріндегі табыстар;

2151 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс туындайтын тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылар түріндегі табыстар;

2110 – резидент еместен алынатын, халықаралық тасымалдарда көліктік қызмет көрсетуден табыстар;

2161 – резидент еместен алынатын, Қазақстан Республикасының шегінен тыс көліктік қызмет көрсетуден табыстар;

2170 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан құбыр жолдарын, электр беру желілерін (ЭБЖ), оптикалық-талшықты байланыс желілерін пайдаланудан алынатын табыстар;

2180 – жұмыс беруші болып табылатын резидентпен жасасқан еңбек шарты (келісімшарт) бойынша Қазастан Республикасының шегінен тыс қызметтен түсетін резидент емес жеке тұлғаның табыстары;

2181 – жұмыс беруші болып табылатын резидентпен жасасқан еңбек шарты (келісімшарт) бойынша Қазастан Республикасының шегінен тыс қызметтен түсетін резидент жеке тұлғаның табыстары;

2190 – өздерiне резидент емеске қатысты жүктелген басқарушылық мiндеттердi орындауға байланысты басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесiнiң немесе өзге де органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер. Бұл ретте мұндай тұлғалардың басқарушылық міндеттерін нақты орындайтын орнының маңызы жоқ;

2200 – резидент жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұруына байланысты жұмыс беруші болып табылатын резидент емес оған төлейтін үстемеақы;

2201 – резидент жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс тұруына байланысты жұмыс беруші болып табылатын резидент оған төлейтін үстемеақы;

2210 – еңбек шарты (келісімшарт) негізінде жұмыс беруші (резидент немесе резидент емес) төлеген резидент жеке тұлғаның материалдық, әлеуметтiк игiлiктерін қоса алғанда, материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасының шегінен тыс қызметінен резидент жеке тұлғаның табыстары. Бұл ретте мұндай шығыстарға осындай жеке тұлғаның тамақтануына, тұруына, оқу мекемелерiнде оның балаларын оқытуға шығыстар, олардың отбасы мүшелерiнiң демалысқа барып-келуін қоса алғанда, демалуға байланысты шығыстар жатады;

2211 – қызмет көрсетуге (жұмыстарды орындауға) шарт негізінде өзге тұлға төлеген резидент жеке тұлғаның материалдық, әлеуметтiк игiлiктерін қоса алғанда, материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасының шегінен тыс қызметінен резидент жеке тұлғаның табыстары. Бұл ретте мұндай шығыстарға осындай жеке тұлғаның тамақтануына, тұруына, оқу мекемелерiнде оның балаларын оқытуға шығыстар, олардың отбасы мүшелерiнiң демалысқа барып-келуін қоса алғанда, демалуға байланысты шығыстар жатады;

2220 – резидент емес жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;

2230 – қалайша және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, мәдениет және өнер қызметкеріне: театр, кино артистеріне, радио, теледидар қызметкеріне, музыкантқа, суретшіге, спортшыға Қазақстан Республикасынан тыс қызметтен төленетін табыстар;

2240 – резидент еместер төлейтiн ұтыстар;

2250 – Қазақстан Республикасынан тыс тәуелсiз жеке (кәсiби) қызмет көрсетуден алынған табыстар;

2260 – Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан мүлiктi тегiн алу түріндегі табыстар;

2261 – Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан мүлiктi тегiн алудан табыстар;

2270 – туынды қаржы құралдары бойынша табыстар;

2280 – міндеттемені есептен шығарудан табыстар;

2290 – Қазақстан Республикасынан тысқарыда шеккен күмәндi мiндеттемелер бойынша табыстар;

2300 – резидент еместен алынатын, лицензия негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерiн азайтудан табыстар;

2310 – резидент еместен алынатын, сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан табыстар;

2320 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алынған табыстар;

2330 – Қазақстан Республикасынан тыс тіркелген активтерді шығарудан түскен табыстар;

2340 – Қазақстан Республикасынан тыс геологиялық зерттеу мен табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түскен табыстар;

2350 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша нақты шығыстар сомасынан артуынан түскен табыстар;

2360 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс бірлескен қызметті жүзеге асырудан табыстар;

2370 – бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

2380 – оң бағамдық айырма сомасының қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы Заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;

2390 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстар;

2400 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатудан түскен табыстар;

2410 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы не сенімгерлікпен басқару туындаудың өзге де жағдайларында пайда алушы алған (алуға тиіс) мүлікті сенімгерлікпен басқарудан табыс;

2420 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде туындайтын басқа да табыстар.

62. Валюта кодын толтыру кезінде «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – Шешім) бекітілген 23 «Валюталар жіктеушісінің» қосымшасына сәйкес валюта кодтауды пайдалану қажет;

63. Ел кодын толтыру кезінде шешімге 22 «Әлем елдерінің жіктеуіші» қосымшасына сәйкес елдерді кодтауды пайдалану қажет.

64. Декларацияны толтыру кезінде халықаралық шарт (келісім) түрлерін мынадай кодтауды пайдалану қажет:

01 – Табыстар пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция;

02 – Ислам Даму Банкiнiң құрылтай шарты;

03 – Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары жөніндегi келісім;

04 – Азия Даму Банкінің құрылтай шарты;

05 – Жаңа Үкіметтік ғимараттың құрылысы жобасына грантты пайдалану бойынша келісім;

06 – Қаржылық ынтымақтастық туралы келісім;

07 – Өзара түсiнiстiк туралы меморандум;

08 – Континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім;

09 – Халықаралық қайта құру және даму банкiнiң келісімі;

10 – Халықаралық валюталық қордың келісімі;

11 – Халықаралық қаржылық корпорацияның келісімі;

12 – Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі конвенция;

13 – Еуропалық Қайта құру және Даму банкiн құру туралы;

14 – Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы;

15 – Орталық Азия университетін құру жөніндегі шарт;

16 – Инвестициялар кепiлдiгiнiң көп жақты агенттiгiн құру туралы;

17 – «Нұр–Мүбарак» ислам мәдениетінің Египет университеті туралы келісім;

18 – Әуе қатынасы туралы келісім;

19 – «Агросервистік қызметті қолдау» жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің грантын беру туралы келісім;

20 – «Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау» жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Yкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiм;

21 – Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция;

22 – Өзге де халықаралық келiсiмшарттар (келiсiмдер, конвенциялар).



___________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет