Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы



жүктеу 17.71 Kb.
Дата03.03.2016
өлшемі17.71 Kb.


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы

2011 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарттың 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдар тізбесінің бекітілгені туралы хабардар етсін және бір ай ішінде өзгерістері туралы хабардар етсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Н.Назарбаев

Президенті

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 23 мамыр

№ 819
Қазақстан Республикасы Президентінің

2014 жылғы 23 мамырдағы

№ 819 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН




Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың

тізбесі



  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі – уәкілетті орган

  2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

  3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

  5. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)



____________________________


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет