Көрсетілімі: пациенттің ауыр жағдайы, көзден бөлінулердің болуы. Дайындаңыз



бет3/6
Дата20.03.2023
өлшемі24.22 Kb.
#470975
1   2   3   4   5   6
3 лекция үйдегі күтім

ТІС ПРОТЕЗІНІҢ КҮТІМІ

Мақсаты: тіс протездерін қолдану барысында болуы мүмкін, ауыз қуысының сілемейлі қабығының, қызыл иектің қабыну процесстерінің алдын алу.
Дайындаңыз: ауыз қуысын күтуге арналған барлық заттарды және арнайы: протезді ұстауға арналған сүрткілерді, протез салатын кесені, тіс шетенін, тіс пастасын, лотокты, қағаз сүрткілерді , «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК.
Міндетті жағдайлар: осы процедура ауыз қуысын әрбір күту шараларын жүргізгенде жасалады.

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.

  3. Пациенттен тіс протезін алуды сұраңыз (немесе өзіңіз алыңыз) және оны арнайы кесеге салыңыз.

  4. Қол жуғышқа тіс протезі,тіс шетені, тіс пастасы салынған кесені жақындатыңыз, сүрткілер мен сүлгіні дайындап тұрыңыз.

  5. Қол жуғыштың тұтқасын қағаз сүрткімен ұстап су құбырын ашыңыз.

  6. Тіс шетенін салқын сумен сулаңыз, оған тіс пастасын салыңыз, тіс протезін, қол жуғыштың үстінде ұстап тұрып, шетенді өзіңізден ары қарай бағытпен мұқият тазартыңыз.

  7. Тіс протезін ағынды су астында шайқаңыз.

  8. Тіс протезі салынған кесені шайқаңыз.

  9. Тіс протезін кесеге салыңыз.

  10. Қағаз сүрткінің көмегімен су құбырын жабыңыз.

  11. Пациенттен тіс протезін тағуын сұраңыз.

  12. Қолғаптарды шешіңіз, ҚЖЖК салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз


Ескерту:

    • егер пациент тіс протезін өзі ала алмайтын болса, сүрткіні бірінші және екінші саусақтармен алып, тіс протезін қатты ұстап, аздап шайқайтындай қимылдар жасап, ауыз қуысынан шығарып алады да суы бар кесеге салады.

    • Протез түнгі уақытта кеседе тұруы керек

    • егер пациент тіс протезін дәл осы мезетте тақпаймын десе– протезді кесеге салып, ол толық батып тұратындай қылып су құйып қояды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет