ҚҰЛАҚТЫҢ КҮТІМІ
Мақсаты: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау, ауруларың алдын алу, құлықтың жиналып қалу себебінен, есту қабілетінің төмендеуінің алдын алу, дәрілік ерітіндіні тамызу үшін.
Көрсетілімі: пациенттің ауыр жағдайда болуы, есту жолында құлықтың жиналып қалуы.
Қарсы көрсетілімдері: құлақ қалқанының, жоғарғы есту жолының қабыну процестері.
Дайындаңыз: стерилді: лотоктарды(стерилді және қолданған заттарға арналған), тамызғышты, пинцетті, мензурканы,мақта турундыларын, сүрткілерді, қолғаптарды; 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісін, сабынды ерітіндіні, ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.
Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы рет сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).
Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.
Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.
Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.
Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.
Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.
Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.
Сабынды су құйылған ыдысты дайындаңыз.
Пациентің басын тазаланатын құлақтың қарама-қарсы қарай бұрыңыз, астына лоток қойыңыз.
Лотоктарды дайындаңыз(стерилді және қолданылған материалдар үшін).Стерилді лотокка дәке сүрткілерін,турундаларды петцетпен ұстап салыңыз.
Сүрткіні жылы сабынды сумен ылғалдап алыңыз және құлақ қалқанын сүртіп шығыңыз, құрғақ сүрткімен кептіріңіз. (ластануын кетіру мақсатымен)
Стерилді мензуркаға алдын ала су моншасында жылытылған стерилді (Т- 36-37С) 3% сутегі асқын тотығын құйыңыз.
Пинцетпен алынған турунданы оң қолмен ұстаңыз және 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісінде ылғалдаңыз, ал сол қолмен құлақ қалқанын ету жолын түзету үшін артқа, жоғары қарай тартыңыз және турунданы айналмалы қимылдар жасап сыртқы есту жолына 1 см тереңдікке 2-3 минутқа енгізіңіз.
Құрғақ турунданы сыртқы есту жолына жеңіл айналмалы қимылдар жасап 1 см тереңдікке 2-3 минутқа енгізіңіз.
Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз– есту жолынан бөлінділері мен құлықтың шығуы қамтамасыз етіледі.
Қолданылған мақта турундалары мен сүрткілерді қолданылған материалдар жиналатын лотокқа салыңыз.
Екінші есту жолында дәл осындай реттілікпен тазалаңыз.
Қолданылған турундаларды, сүрткілерді ҚЖЖК-ге салыңыз, пинцетті, мензурканы, ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысқа салыңы
Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз.
Ескерту: құлақты тазалау үшін мақтаны қатты затқа орауға болмайды,есту жолы жарақаттануы мүмкін.
|
Достарыңызбен бөлісу: |