Көрсетілімі: пациенттің ауыр жағдайы, көзден бөлінулердің болуы. Дайындаңыз



бет6/6
Дата20.03.2023
өлшемі24.22 Kb.
#470975
1   2   3   4   5   6
3 лекция үйдегі күтім

ПАЦИЕНТТІ ҚЫРЫНДЫРУ

Мақсаты: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау
Көрсетілімі: пациенттің ауыр жағдайда болуы.
Қарсы көрсетілімі: бет әлпетінің жарақаты.

Дайындаңыз: суы бар ыдысты, компреске арналған сүрткіні , сүлгіні, ұстараны, қырындыруға арналған көбік жаққышты, қауіпсіз ұстараны, сықпа майды, қолғаптарды, ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

  2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы рет сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

  3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

  4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

  5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

  6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

  7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

  8. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

  9. Пациентке Фаулер қалпын беріңіз.

  10. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

  11. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.

  12. Үлкен сүрткіні жылы суда (Т-40-45ºС), ылғалдап, аздап сығып пациенттің бетіне 1 минутқа қойыңыз, содан кейін алып тастаңыз.

  13. Қырындыруға арналған жаққыштың көмегімен пациенттің бетіне, сықпа май жағыңыз.

  14. Пациентті терісін ұстара жылжитын бағытқа қарама-қарсы қылып, аздап тартыңқырап қырындырыңыз.

  15. Пациенттің бетін ылғалды сүрткімен сүртіп алыңыз, содан соң сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  16. Қырындыратын заттарды дезинфекциялайтын ерітіндіге салыңыз, сүрткілерді ҚЖЖК-ге тастаңыз.

  17. Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз.

  18. Қолыңызды жуып кептіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет