Амблиопия— көзілдірік немесе контакті линзілер көмегімен коррекцияға берілмейтін көру анализаторының бұзылысы нәтижесінде дамыған пайда болуы әр түрлі көру нашарлауы
Амблиопия— көзілдірік немесе контакті линзілер көмегімен коррекцияға берілмейтін көру анализаторының бұзылысы нәтижесінде дамыған пайда болуы әр түрлі көру нашарлауы. Қыли көз Қыли, қылилық, гетерофория (strabіsmus) — көз ақауы; екі көздің көру бағытының бір нүктеде түйіспеуі.Қыли көздің бұлшық еттерінің қиысу қызметінің бұзылуы әсерінен пайда болады. Әдетте екі көздің қалыпты қызметі 2 — 3 жаста орнығады. Қыли осы жастағы балаларда жиі кездеседі. Көздің қалыпты жағдайының бұзылуы жарақат, бас сүйектегі ми аурулары, психикалық зақым (қорқу), көздің оптикалық ақауы (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік), сондай-ақ, жұқпалы аурулар (қызылша, күл, скарлатина, тұмау, т.б.) әсерінен болады Балалардағы көрудің бұзылысы – үлкен соцаолды-гигиеналық мәселе Көру бұзылыстары тамақтану факторларымен дәрумендер жеткіліксіздігі, табиғи факторлар, климатка байланысты. Көру мүшесінің дамып-жетілуіне тұқымқуалаушылықтың және жүйке жүйесінің әсері зор. Көрудің туа біткен бұзылуының этиологиясы: • патогендік агенттердің эмбрионалды даму кезеңіндегі әсері (токсоплазмоз және басқа жұқплы, қабыну процестері, зат алмасудың бұзылуы); • тұқымқуалаушылықтың әсер етуі көздің аномалды дамуына әкеліп соғады – а) микрофтальм – көз құрлымының дөрекі өзгеруі, көрудің едәуір төмендеуі және бір немесе екі көз көлемінің кішіреюі; б) анофтальм – туа біткен көзсіздік; в) катаракта – шыны тәрізді көздің мөлдір денесінің бұлдырауы. • көздің туа біткен аурулары - көздің тор қабығының пигментті дистрофиясы (дегенерация), көру аймағының кішірейіп оның толық жойылуы ерекшелігі және астигматизм – аномалды рефракция, яғни көздің икемделу қасиетінің бұзылуы. • туа біткен зарарсыз ми ісіктері Жүре пайда болған аномалдар туа біткендерге қарағанда аз таралған. Бұл халыққа көрсетілген емді – профилактикалық көмектің жақсарғанына және денсаулық ақтаудың жетістіктеріне байланысты. Жүре пайда болған аномалдылықтың этиологиясы: