Көше бойлап келе жатқан аруға, Байқалғаны нанның жерде жатқаны



бет4/4
Дата15.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#137193
1   2   3   4

Өмірім менің...
Соншалық өмір қымбатсың,

Қаншалық жұмбақ болсаң да.

Сезімді тербер ырғақсың,

Кезімді мөлдір алсаң да.


Құпия болып қызықсың,

Күндерің көп-ау ұға алмас.

Өзіңді сұлу қыз ұқсын,

Бар сырын іштен шығармас.


Мейірімді болып көктемдей,

Жаз болып жайлы, жайдарлы.

Күз болып жеміс төккендей,

Кетесің қыс боп айбарлы.


Көркемсің өмір ғажапсың,

Өзіңді сүйдім беріле.

Еркін, шың-көңіл азатсың,

Шаттықпен берші өріле.


Айналдым өмір өзіңнен,

Бақыттың балын құраған.

Жалындап кеттім сезіммен,

Көрсетпе қайғы, сұранам.


Ризамын өмір өзіңе,

Сәнді еттің көңіл сарайын.

Имандылықты сезіне,

Адамдық атпен қалайын.


Сыйладым, келді сыйлы еткім,

Көп сыйдан бәлкім тыс қалдық.

Мәнісі барлық құрметтің,

Өмірге деген құштарлық!

23.10.2009жыл.

Ай-ару.

Қайдасың, сені сағындым?

Жүрегімді өртер жалын мұң.

Тағдырға тағы таңылдым.

Аңсарым ауып ынтығып,

Жанымда тылсым сыр тұнып,

Жаралы жандай жаңылдым.
Бейнеңді аңсап, көре алмай,

Өзіңді тағы жеңе алмай.

Өзіме есеп бере алмай.

Сағындым сазды үніңді,

Айтқыздың тағы шынымды,

Ынтығып, сөздер құралмай.


Мүлгіген түннен сыр күткем,

Ұйқымды аңсау үркіткен.

Ай-ару қарар түңліктен,

Ұйқыда жатқан өзіңді,

Мендегі мәңгі сезімді,

Тым биік қойғам тірліктен.


Ойлаумен сені таң да атты,

Сағыныш салды салмақты.

Түсірді еске сән бақты,

Мөлдір шық келер жанарға,

Бұлбұл да әнін салар ма,

Сарғайтты мені жан жақты.


Ұрынды қанша жарға бас,

Күндердің өзі қарбалас.

Өмірде тоқпыз, жан дағы аш.

Сиқырлы сезім серік боп,

Жандырған бойды көрікті от,

Жалынға құмар жанталас.

25.10.2009жыл.

Дара қыз.

Қанша уақыт біз бармадық гүл баққа,

Тәтті сәтті елес кетті ұрлап та.

Көңілімнің көкжиегі көлбеңдеп,

Жүрегімнің бір бөлігі сол жақта.
Шаш ағарды, ал сая бақ сарғайды,

Бізді көріп шырша көңілі марқайды.

Сол бір бақта көңіліміз көктем боп,

Албырт шақта уайым шерің тарқайды.


Сол бір жақта таптық жанның дауасын,

Құнығамыз жұтып таза ауасын.

Тынығамыз табиғатқа тамсанып,

Бойымызға тауып үндес жарасым.


Шырша иіліп, тал құшақтап қарсы алды,

Бұлбұл құстар жарияға жар салды.

Ағаш біткен тұра қалды тізіліп,

Еске салып сағынышты аңсарды.


Тек елеспен саябаққа барамыз,

Тек тілекпен жалғануда арамыз.

Жалындаған жастығыма жетелеп,

Бақтан сұлу қол бұлғайды дара қыз.

26.10.2009жыл.

Ізгі тілек.
Соншалықты ақкөңіл болармысың.

Жүректе жылылық боп қалар мүсін.

Жаныңды жүдететін жайсыз жай бар,

Ашылып соны ортаға салармысың?


Ту еттің мейірім мен еркіндікті,

Қалауыңды іш сезіп, жүрек ұқты.

Шеберлікпен шектеуге қарсы тұрсың,

Жасыра алмай бойдағы сұлулықты.


Өжет болып жаралған нәзіктіктен,

Өзіне жан шуақтың жолын күткен.

Досқа деген пейілі мүлдем бөлек,

Өзін-өзі ұмытар гүл боп тіптен.


Ай болып тұрғаныңмен аспандағы,

Қызжібек өзің бе едің дастандағы?

Көзіңнен барлық жанның жаны емделер,

Өзіңмен қуаныштың басталмағы.


Ерекше жаратылыс сырың бөлек,

Жаныңды жырым жүрсін мәңгі демеп.

Ай болып жарқырай бер аспаныңда,

Алаңдап саған қостым ізгі тілек!

26.10.2009жыл.
Жан сая.

Жаңбыр жауып төгілетін секілді,

Жаным аңсап ақ жауынын өтінді.

Жүрегімнің алып ұшып аңсары,

Самғап ұшып сая баққа бекінді.
Саябақтың сиқырынан сүріндім,

Дамыл таппай үдеуінде дірілдің.

Тамылжыған табиғатқа тартылып,

Жапыраққа жүрек болып іліндім.


Құрақ көлбеп, жеміс ағаш сый тосты,

Келіншек тал тербелумен күй қосты.

Ақ қайыңдар биші болып кеткенде,

Құшақ жайған көрдік ағаш-шын досты.


Қоштасарда қимай көзге жас алып,

Құштарлықтың сезілген-ді басы анық.

Тас мүсіндер сағынышты сездіріп,

Махаббаттан гүл өрілген қашалып.


Күн еңкейіп, қас қарайды сол замат,

Тылсым күйге көшті әсем мол ғажап.

Жанға жақын жылылықты жамылып,

Ен байлықты келе жаттық олжалап...

27.10.2009жыл.
Ақ ару.

Төбеден жауған ақ қарға,

Барады ару қуанып.

Өрнекті өткен шақтарға,

Жанымен жайсаң жұбанып.
Көңілінде көктем кешегі,

Асыққан арай, нұр бейне.

Сағыныш самал еседі,

Жүрек те мәңгі гүлдей ме?


Көз тігер көркем алысқа,

Тұп-тұнық таңмен тыныққан.

Жүретін ойы ғарышта,

Сұлудың сырын кім ұққан?


Мөлдірей қалды мөлтілдеп,

Талдырмаш ойды тербеді.

Көз тоймас керім, шын келбет,

Сезімге құлаш сермеді.


Айнала әппақ, оранған,

Сұлуға жүрек дір етті.

Сезіну үшін жаралған,

Қарашы мынау құдіретті.


Ақ қардан шашу шашылып,

Табиғат өзін аша алған.

Бар сырын іште жасырып,

Дүние жұмбақ қашаннан...


Әппақ қар бейне-ақ арың,

Жүректе өскен гүлсің сен!

Жадымда жылы жанарың,

Қай жақта қалқам жүрсің сен?

28.10.2009жыл.

Жан дауыс.

Екеуміз де екі жақта күн кештік,

Болғанымен жан жүректе үндестік.

Мен қуандым үнің келсе құлаққа,

Сен жұбандың шәкірт алса шын бестік.
Болған шығар албырт көңіл, білместік,

Жақын болып алыстардай тілдестік.

Қолда барға тілеулес боп қуандық,

Өмірде көп көре алмау мен күндестік.


Адамдықты алға қойдық, шын дестік,

Тау көңілмен қарапайым қырда өстік.

Құдірет-ай, бір-біріне жақын қып,

Үйлестірер бір-біріне тіркес қып.


Тілектеспіз, ешкім зиян шекпеді,

Талпындырды бізді Өмір мектебі.

Сағыныштың сабағында сарғайдық,

Көркейткенмен көңіліміздің көктемі


Алаңдатқан гүл-өмірдің сыры көп,

Өзің жақтан сезінемін жылы леп.

Мен өзіңді адаспай-ақ табармын,

О дүниеден қайта оралсам тірі кеп...

29.10.2009жыл.

Қазақтың ару қыздары!

Қазақтың қызы мақтаным,

Арайлап атқан ақ таңым.

Көркейіп ұшар шақтамын,

Үмітті тағы ақтадың!
Иманың тұнып жүзіңде,

Көкке ұштым қоңыр күзімде.

Үлбіреп, гүлдей үзілме,

Жүректе қалдың тізімде.


Болашақ айқын өзіңмен,

Баянды сыршыл сезіммен.

Хауа ана болған кезіңнен,

Бәрін де жеңдің төзіммен.


Келешек-ана алыптан,

Намыспен өзін танытқан.

Қасиет, шықпас қалыптан,

Ертеңгі сұлу анық таң!


Арыңмен биік асқақсың,

Биікке ерді бастапсың.

Жаныңмен жауды жасқапсың,

Егіліп, езіліп, таспапсың.


Сездірмей шаршағаныңды,

Өткізіп барша ағынды.

Аямай салып жаныңды,

Келесің сақтап қаныңды.


Жарқырар жүзі жақұт-ты,

Айқындар заман, уақытты.

Қазақтың ару қыздары,

Не деген сұлу, бақытты!!!



29.10.2009жыл.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет