Соғыс және аңшылық арбалары бейнеленген жартастағы суреттер
(б.з.д. II—I ғғ.); 1, 5, 6 — Арпаөзен, 2, 3, 4, 7 — Қойбағар
Көшпеліліктің
шығу
тегі. Көшпеліліктің
шығуы, көпшілік жағдайда,
географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір
нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір
климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи
ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына
байланысты.
Көшпелілік
белгілі
бір
геофизикалық,
табиғи-
климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және
құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық
ылғалдың мөлшері 200—400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға:
Қазақстан, Монғолия, Жоңғария, Араб түбегі, Оңтүстік-батыс, Оңтүстік Азиядағы шөлдер
мен шөлейтті аймақтар, Африка континенті жатады.
Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары,
Үстірт,
Торғай,
Жем
жоталары,
Бетпакдала,
Балқаш
маңы
далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле
Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл аймақтардағы өзен-
сулардың
маңайында,
әсіресе
осы
аймақтар
мен
отырықшы-
егінші мәдениеттер шекараларында маргиналдық аймақтар қалыптасты. Оларға тән
шаруашылық-мәдени тұрпат — жартылай көшпелі шаруашылық пен мәдениет. Мұндай
аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің, Жайықтың бойлары,
Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың
маңайы жатады. Жоңғар, Іле, Қырғыз Алатауындағы тау бөктерлерінде жылына 500
миллиметрден астам ылғал түседі. Бұл өңірлерде, әсіресе өзен-көлі сулары маңайында,
ежелден егіншілік пайда болып, отырықшы мәдениет қалыптасқан. Құнарлы топырақты,
жұмсақ климатты Сыр бойы, Шу, Талас аймақтарында қола дәуірінен бастап-ақ егіншілік
дамып, орта ғасырларда біршама дамыған қала мәдениеті қалыптасқан. Дегенмен де
осы егіншілік, отырықшы мәдениет қалыптасқан аймақтардың өз ішінде де мал
шаруашылығы егіншілікпен қатар дамып, жалпы алғанда, бұл өңірлердің де шаруашылық-
мәдени тұрпаты жартылай отырықшы, жартылай көшпелі болған. Әр заманда климаттық
ауытқуларға, тарихи-саяси, этномәдени ахуалдарға байланысты бұл өңірлерде бірде
отырықшы, жартылай отырықшы егіншілік шаруашылық пен тұрмыс қалыптасса,
(мөлшермен VI—XIII ғғ. аралығы), ал енді бір замандарда (қола, ерте темір дәуірі, соңғы
орта ғасырлардан XX ғ. басына дейін) жартылай көшпелі, кей аудандарында тіпті көшпелі
шаруашылық мәдени тұрпаты қалыптасты.
Палеоклиматология ғылымында әрбір континенттің өз ішінде ұзақ мерзімдік
климаттық ауытқулармен қатар 100—200 жылдар бойы ауысып келіп отыратын климаттық-
табиғи жағдайлар жиі кездеседі. Осындай табиғи-климаттық өзгерістер ұлан-байтақ
жерімізді ежелден мекендеген халықтың (ал біз солардың тегін, мәдениетін жалғастырушы
екенімізде шүбә болмауы керек) шаруашылық мәдени кескінінің, түрлерінің әр замандарда
белгілі бір өзгерістерге ұшырап отыруына міндетті түрде әсер еткен.
Достарыңызбен бөлісу: |