Кредиттік технология бойынша оқитын студенттерге арналған көрсеткіш-анықтамалық


Университет қызметкерлерін қабылдау және жұмыстан шығару тәртібі



бет3/3
Дата30.06.2016
өлшемі2.82 Mb.
#167641
1   2   3

2. Университет қызметкерлерін қабылдау және жұмыстан шығару тәртібі
2.1. Қызметкерлер Университетпен ректор немесе ол бекіткен өкілетті тұлға тарапынан еңбек шартын жасау жолымен өздерінің еңбекке құқықтарын жүзеге асырады. Еңбек келісімшартының шарттары Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексімен, заңдармен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен, Ұжымдық келісімдермен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлатпауы қажет және онда құқық пен кепілдіктің деңгейін төмендететін шарттар болмауы керек.

2.2. Еңбек келісімшартын жасау үшін келесі құжаттар қажет:

1) жеке бас куәлігі немесе төлқұжат;

2) азаматтығы жоқ тұлғалардың тұруға рұқсат қағазы немесе жеке бас куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін);

3) тиісті білім мен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек келісімшартын жасау кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы бар екендігін растайтын құжат;

4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

5) әскери тіркеуге алу құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақыртылуға жататын тұлғалар үшін);

6) алдын-ала медициналық тексерістен өту туралы құжат (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және заңнамасына сәйкес осындай тексерістен өтуге міндетті тұлғалар үшін);

7) салық төлеушінің тіркеу номері мен әлеуметтік жеке код номерін беру туралы куәліктердің көшірмелері.

2.3. Университетте профессорлық-оқытушылар, әкімшілік-басқарма, әкімшілік-шаруашылық, оқу-қосалқы және басқа да қызметкерлер лауазымдары қарастырылған.

2.4. Азаматтық қызметкер лауазымына қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.

2.5. Үздіксіз оқу үдерісін сақтау мақсатында бір оқу жылынан артық емес мерзімге қос қызметтілік бойынша жұмысқа қабылдау кезінде азаматтық қызметкер лауазымын атқаруға Университетте конкурс бойынша іріктеусіз тиісті лауазымды атқаруға еңбек шартын жасауға рұқсат беріледі, ал заңға сәйкес жұмыс орны сақталатын уақытша жұмыста жоқ қызметкердің жұмысын атқаруға қабылдау бойынша еңбек шарты негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына дейін жасалады.

2.6. Қызметкер Университетте (ішкі қос қызметтілік) және (немесе) басқа жұмыс берушіде (сыртқы қос қызметтілік) негізгі жұмыстан бос уақытында басқа үнемі төленетін жұмыс атқару туралы еңбек шартын жасауға құқылы. Қызметкерлер Университет әкімшілігін қос қызметтілік бойынша жұмыс орны, жұмыс көлемі және атқаратын лауазымы жөнінде міндетті хабардар еткен жағдайда ғана басқа жұмыс берушіде заңмен бекітілген тәртіпте қос қызметтілік бойынша жұмыс атқара алады.

2.7. Жұмысқа қабылдау университет ректорының бұйрығымен ресімделеді, ол қызметкерге қол қою арқылы беріледі.

2.8. Жұмысқа қабылдау кезінде Университет әкімшілігі қызметкерді осы Ережелермен, қызметкердің еңбек қызметіне қатысты басқа да Университеттің жергілікті нормативтік актілерімен (соның ішінде тиісті құрылымдық бөлімше туралы ережемен, лауазымдық нұсқаулықпен, еңбекті қорғау нқұсқаулығымен, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелерімен де) және Ұжымдық келісімшартпен таныстыруға міндетті.

2.9. Еңбек келісімшартын тоқтату еңбек заңнамасында қарастырылған тәртіпте жүзеге асырылады.

2.10. Қызметкер өзінің еңбек шартын бұзатыны туралы Университет әкімшілігін алдын-ала ескертуі керек. Ескерту мерзімдері еңбек заңнамасымен анықталады. Аталған мерзімдерді есептеу жазбаша түрде тиісті өтініш берген күннен кейінгі күннен басталады. Ескерту мерзімінің аяқталу күні соңғы жұмыс күні, яғни жұмыстан шығу күні болып табылады. Егер ескерту мерзімінің соңғы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келетін болса, онда одан кейінгі жұмыс күні соңғы болып есептеледі.

2.11. Мерзімді еңбек шарты әрекет ету мерзімі аяқталғанда бұзылады. Университет әкімшілігі оның еңбек шарты мерзімінің аяқталатыны туралы жазбаша түрде жоқ қызметкердің міндетін атқару уақытына жасалған мерзімді еңбек шартының әрекет ету мерзімі аяқталған жағдайлардан басқа жағдайларда жұмыстан шығаруға үш күнтізбелік күн қалғаннан кешіктірмей ескерту керек.

2.12. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шарты ескерту мерзімі өткенге дейін тоқтатыла алады. Еңбек шартының тоқтатылуы университет ректорының бұйрығымен ресімделеді.

2.13. Қызметкердің талабы бойынша Университет әкімшілігі оған аталған бұйрықтан тиісті түрде расталған үзінді беруге міндетті. Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықты қызметкердің назарына жеткізу мүмкін мес немесе қызметкер онымен қол қойып танысудан бас тартқан жағдайларда бұйрыққа тиісті жазба жазылады.

2.14. Қызметкер тиісті міндеттерді орындағаннан кейін жұмыстан шығару күні әкімшілік қызметкерге жұмыстан шығару туралы жазба жазылған оның еңбек кітапшасын тапсырып және онымен есеп айырысуы керек.

3. Университет қызметкерлерінің негізгі міндеттері
3.1. Еңбек заңнамасында, білім туралы заңнамада, Университет Жарғысында, осы Ережелерде, ҚарМУ Этикалық нормалар кодексінде, Университеттің басқа да жергілікті нормативтік актілерінде, лауазымдық нұсқаулықтарда, еңбек шартында бекітілген міндеттерді орындау.

3.2. Дұрыс және адал ниетпен жұмыс істеу, еңбек тәртібін – Университеттегі тәртіп негізін сақтау, Университет әкімшілігінің өкімдерін уақытында және нақты орындау, барлық жұмыс уақытын өндірісті еңбекке пайдалану.

3.3. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, еңбектің өндірістік және санитарлық гигиенасы және өртке қарсы күзет бойынша, тиісті ережелер мен нұсқаулықтарда қарастырылған талаптарды сақтау.

3.4. Адам өміріне немесе денсаулығына, Университет мүлкінің сақталуына зиянды жағдайлардың пайда болуы, сонымен қоса қалыпты жұмысқа кедергі келтіретін немесе қиындық туғызатын басқа да жағдайлар (апат, басқа да төтенше жағдайлар) туралы Университет әкімшілігіне, немесе тікелей басшылығына хабарлау және оларды жою үшін қажетті шаралар қолдану.

3.5. Университеттің интеллектуалдық меншігіне қатысты оның заңмен қарастырылған барлық құқықтарын сақтау.

3.6. Жұмыс жабдықтарын, тхника мен құралдарды жарамды жағдайда сақтауға, өз жұмыс орнында тазалықты сақтауға, материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың бекітілген тәртібін ұстануға.

3.7. Университет мүлкін қорғауға, жабдықтар мен техниканы тиімді пайдалануға, құралдарға, өлшеу құрылғыларына, арнайы киімдерге және басқа да қызметкерлердің қолдануына берілетін заттарға ұқыпты болуға. Шикізаттар, материалдар, энергия, отын және басқа да материалдық ресурстарды ұқыпты және тиімді шығындау. Университетке үдеріс уақытында немесе еңбек қызметін жүзеге асыруға байланысты материалдық шығын келтірген жағдайда қызметкер еңбек заңнамасында қарастырылған тәртіпте материалдық жауапкершілікке тартылады. Басқа жағдайларда шығын азаматтық заңнамада қарастырылған тәртіпте өтеледі.

3.8. Өзін-өзі дұрыс ұстау, басқа қызметкерлерге оалрдың еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді жасамауға, Университеттегі қабылданған өнегелілік және этикалық нормаларды сақтауға, Университеттің іскерлік мәртебесіне нұсқан келтірмеуге, қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейін сақтауға.

3.9. Университетте оқытушылық қызметпен айналысатын қызметкерлер, сонымен қатар міндетті:

- оқу, әдістемелік жұмысты орындауға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және білім алушылардың өздік оқу және ғылыми жұмыстарын бақылауға;

- педагогикалық және ғылыми үдерістің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге, білім алушылардың терең білім алуына себептесуге;

- білім алушылардың бойында таңдаған дайындық бағыттары (мамандықтары) бойынша кәсіби сапаларын қалыптастыру;

- білім алушыларда өз бетімен жұмыс істеуді, бастамашыл болуды, шығармашылық қасиеттерді дамытуға;

- Университет беделін сақтау және арттыру жөнінде қам жеуге;

- өзінің кәсіби және жалпы мәдени деңгейін үнемі арттырып отыруға, Университетте бекітілген формаларға сәйкес бес жылда бір реттен кем емес өзінің біліктілігін арттыруға;

- Университеттің рухани құндылықтарына ұқыппен қарауға;

- ғалымдар ортасында жалпы қабылданған өнегелілік және этикалық нормаларды ұстануға.

3.10. Әрбір қызметкердің өзінің мамандығы немесе лауазымы бойынша орындайтын міндеттерінің шеңбері лауазымдық нұсқаулықтармен және ережелермен анықталады.

3.11. Жұмысқа келмеген жағдайда қызметкер мүмкіндігіне қарай Университеттің әкімшілігін жұмыс орнында болмауының себебі туралы хабардар етуге және жұмысқа келген алғашқы күні жұмыста болмау себебін түсіндіретін бекітілген үлгідегі құжат (медициналық анықтама, шақыру қағаздары, түсініктеме және т.б.) ұсынуға міндетті.
4. Әкімшіліктің негізгі міндеттері.
4.1. Еңбек заңнамасымен және білім, ғылыми және өндірістік қызметті ұйымдастыру және қамтамасыз ету саласындағы білім және ғылым туралы заңнамамен Университетке жұмыс беруші және білім беру мекемесі ретінде жүктелген міндеттердің барлығын орындауға.

4.2. Профессорлық-оқытушылар, әкімшілік-басқарма, әкімшілік-шаруашылық, оқу-қосалқы және басқа да қызметкерлер жұмысының тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.

4.3. Денсаулық пен қауіпсіз еңбек жағдайларын, жабыдқтардың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету.

4.4. Университеттің қаржылық қаражаттары аясында білім үдерісін, бөлмелерді жабдықтармен материалдық-техникалық қамтамасыз ету және жабдықтауды жүзеге асыру.

4.5. Білім үдерісінің тиісті әдістемелік қамтамасыз етілуі үшін шаралар қолдану. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптарына сәйкес оқу жоспарлары мен оқу пәндерінің бағдарламаларын әзірлеуді қамтамасыз ету.

4.6. Университетте бекітілген тәртіп бойынша келесі оқу жылына арналған Университет оқытушыларының педагогикалық жүктемелерінің көлемі мен бөлінуін бекіту.

4.7. Оқу жылының немесе басқа оқу кезеңінің басталуына дейін бір апта қалғаннан кешіктірмей оқытушыларға және білім алушыларға олардың сабақ кестелерін хабарлау.

4.8. Алкогольдік, есірткілік немесе уландырғыш заттармен мастанған күйдегі қызметкердің (білім алушының) жұмысқа (оқу сабақтарына) кіруіне рұқсат бермеу.

4.9. Еңбекті қорғау туралы заңнаманы сақтау, зиянды (аса зиянды), қауіпті, ауыр еңбек жағдайларымен жұмыс орындарын анықтау мақсатында жұмыс орындарына үнемі аттестаттау өткізуді қамтамасыз ету; зиянды еңбек жағдайларына байланысты уақытында жеңілдіктер мен өтемақылар беру.

4.10. Өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша қажетті шаралар қолдану, оқыту өткізу және қызметкерлер мен білім алушылардың қауіпсіздік техникасы, өндірістік гигиена және еңбек гигиенасы, орт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтардың барлық талаптарын білуін және олардың сақталуын үнемі қадағалау.

4.11. Бөлмелердің, жылу, жарық, желдеткіш жүйесінің, жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету.

4.12. Университет қызметкерлеріне еңбекақыны айына бір реттен сирек емес мерзімде төлеуді қамтамасыз ету.

4.13. Университеттің білім алушыларына стипендияны белгіленген мерзімдерде төлеуді қамтамасыз ету.

4.14. Бекітілген демалыс кестелеріне сәйкес Университет қызметкерлерінің барлығына уақытында демалыс беру.

4.15. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен басқа да қызметкерлері біліктіліктерінің жүйелі түрде арттырылуын қамтамасыз ету.

4.16. Ұжымда іскер, шығармашылық қарым-қатынастың орнауына себептесу, қызметкерлердің бастамасы мен белсенділігін барынша қолдау және дамыту; Университеттің және оның бөлімшелерінің қызметін жақсарту, беделін сақтау және арттыру бойынша қызметкерлердің ұсыныстарын уақытында қарастыру.

4.17. Университет басшылығы қызметкерлер мен білім алушылар үшін жеке мәселелері бойынша қабылдау уақыттарын бекітеді.


  1. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

5.1. Жұмыс уақыты дегеніміз қызметкердің осы Ережелерге және еңбек келісімшартының шарттарына сәйкес өзінің еңбек міндеттерін орындауы қажет уақыт, сонымен қоса заңға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс уақытына жататын басқа да уақыт кезеңдері.

5..2. Әкімшілік-басқарма, әкімшілік-шаруашылық, оқу-қосалқы қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағатты құрайды. Ауыр жұмыстарда, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан артық емес жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

5.3. Профессорлық-оқытушылар құрамы жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 36 сағатты құрайды.


5.4. Қызметкерлерді Университет басшылығының бастамасымен демалыс және мереке күндері жұмысқа шақыру ерекше жағдайларда еңбек заңнамасына сәйкес рұқсат етіледі.

5.5. Университетте жеке құрылымдық бөлімшелерге және қызметкерлердің жеке топтарына басшылықтың шешімімен бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс уақытының ерекше тәртіптері бекітілуі мүмкін.

5.6. Жұмыс уақытының аясында оқытушылар қызметтік міндеттерден, оқу жоспарларынан, оқытушылық қызметті жүргізетін педагогикалық қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларынан туындайтын оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарының барлық түрлерін жүргізуі керек.

5.7. Басшылық әр қызметкердің жұмыс уақытының есебін ұйымдастыруға міндетті. Педагогикалық қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы астрономиялық сағатпен есептеледі.

5.8. Университет қызметкерінің жұмысқа келмеген жағдайында құрылымдық бөлімше басшысы оны басқа қызметкермен алмастыру бойынша шаралар қабылдау керек.

5.9. Университет басшылығының бастамасы бойынша жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы шегінен тыс қызметкерлерді жұмысқа тарту еңбек заңнамасында қарастырылған жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жүзеге асырылады.

5.10. Университет қызметкерлеріне жыл сайынғы негізгі және қосымша демалыс беру негізі мен тәртібі, ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және мемлекеттік билік органдарының басқа да нормативтік актілерімен, Университет Жарғысымен, осы Ережелермен, Ұжымдық келісімшартпен және Университеттің басқа да жергілікті нормативтік актілерімен анықталады.

5.11. Қызметкерге отбасылық жағдайларына және басқа да себепті жағдайларға байланысты, оның өтініші бойынша, Университет ректорының рұқсатымен ақысыз демалыс берілуі мүмкін, ол ректордың бұйрығымен ресімделеді.




  1. Жұмыстағы табыстары үшін мадақтау

6.1. Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, жұмысты орындаудың жоғарғы сапасы, соның ішінде ерекше қиындықты және жедел жұмыстарды орындағаны үшін, бастамасы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін

Қызметкерлер мадақтала алады:

- ақшалай сыйақымен;

- алғыс жариялаумен;

- құрмет грамотасымен.

6.2. Ұжымдық келісімшартпен мадақтаудың басқа да шаралары қарастырыла алады.

6.3. Мадақтауды университет әкімшілігі қолданады. Мадақтаулар бұйрықта жарияланып, қызметкер назарына жеткізіледі және қызметкердің еңбек кітапшасына енгізіледі.




  1. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін шара қолдану

7.1. Қызметкердің еңбек тәртібін бұзғаны, сонымен қоса құқыққа қарсы айыпты орындамағаны немесе қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін тәртіптік шара қолданылады.

7.2. Қызметкердің тәртіптік теріс қылығы үшін жұмыс беруші келесі тәртіптік шараларды қолдануы мүмкін:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) Еңбек Кодексімен белгіленген жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу.

7.3. Жұмыс беруші тәртіптік шараны жұмыс берушінің акт шығару жолымен қолданады.

7.4. Жұмыс беруші тәртіптік шара қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы тәртіптік шара қолдануға кедергі бола алмайды. Қызметкердің аталған түсініктемені беруден бас тартуы жағдайында тиісті акт жасалады.

7.5. Тәртіптік шара түрін анықтау кезінде жұмыс беруші тәртіптік теріс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасау жағдайын, қызметкердің оған дейінгі және одан кейінгі тәртібін, оның еңбекке деген көзқарасын есепке алады.

7.6. Тәртіптік шараның әрекет ету мерзімі оны қолданған күнніен бастап 6 айдан аспауы керек.

7.7. Қызметкерге тәртіптік шара қолданған жұмыс беруші өз бастамасы, қызметкердің немесе оның тікелей басшысының сұрауы, қызметкерлер өкілілінің сұрауы бойынша оның мерзімінен бұрын күшін жоюға құқылы.


  1. Оқу тәртібі

8.1. Университеттің оқу сабақтары белгілі тәртіппен бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кесте бойынша өткізіледі.

8.2. Сабақ басталғаннан кейін барлық оқу және оларға жақын бөлмелерде оқу сабағының қалыпты барысы үшін қажетті тыныштық пен тәртіп қамтамасыз етілуі керек. Сабақ басталғаннан кейін дәрісханаға кіру және дәрісханадан шығу оқытушының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

8.3. Практикалық, семинарлық, зертханалық сабақтар өткізу үшін әрбір курс топтарға бөлінеді. Топ құрамы факультет деканының өкімімен белгіленеді.

8.4. Әрбір топта анағұрлым үлгеруші және тәртіпті студенттер қатарынан староста тағайындалады. Топ старостасы тікелей факультет деканына бағынады.

8.5. Топ старостасының қызметіне мыналар енеді:

- студенттердің оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысуының жеке есебі;

- дәріс барысында және басқа да сабақтарда топтағы оқу тәртібінің сақталуын, сонымен қоса оқу жабдықтарының ұқыпты пайдаланылуын қадағалау;

- студенттерді сабақ кестесіне енгізілетін өзгертулер туралы хабардар ету;

- дәрісхананы сабаққа дайындау үшін күн сайын кезекпен топ бойынша кезекші тағайындау.


8.6. Топ старостасы студенттердің оқу сабақтарына қатысуын есепке алу журналын жүргізеді.

8.7. Университетте студенттер білімін бақылаудың келесі түрлерібелгіленеді:

а) аталған пән бойынша ағымдық үлгерім бақылауы (бақылаудың түрлері мен нысандары пәннің оқу бағдарламасымен белгіленеді);

б) аралық аттестаттау (білім бағдарламасының оқу жоспарында қарастырылған сынақтар мен емтихандар);

в) қорытынды аттестаттау (мемлекеттік білім стандарттарымен қарастырылған қорытынды мемлекеттік емтихан және дипломдық жұмысты қорғау).

8.8. Аралық немесе қорытынды аттестаттаудан өту нәтижелері бойынша білім алушы Университет Жарғысында бекітілген тәртіпте академиялық үлгерімінің нашарлығы үшін ректордың немесе оның өкілеттілігіндегі басқа лауазымдық тұлғаның бұйрығымен Университеттен шығарылуы мүмкін.

8.9. Білім алушылардың демалысы тиісті білім бағдарламасының оқу жоспарымен белгіленеді.


  1. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері

9.1. Университетте білім алушы құқылы:



- мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

- мемлекеттік стандарттан басқа қосымша ақыға қосымша білім қызметтерін алуға;

- кітапхана және оқу залдарының базасындағы оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына еркін қол жеткізуге және пайдалануға;

- студенттік (оқушылық) өзін-өзі басқару органдарына қатысуға;

- өзінің пікірі мен сенімін еркін жеткізуге;

- өзінің адамгершілік қасиеттерін құрметтеуге.

9.2. Университетте білім алушылар міндетті:

- Университет Жарғысына сәйкес бекітілген тиісті білім бағдарламаларының, жеке жоспарлардың міндетті талаптарын орындауға, міндетті оқу сабақтарына қатысуға және пәндердің оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен қарастырылған тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде орындауға;

- білім саласындағы оқу, ғылыми үдерістерді, олардың ұйымдастырылуын және жүргізілуін реттейтін нормативтік актілер, Университет Жарғысының, осы Ережелердің, ҚарМУ Этикалық нормалар кодексінің, Университеттің басқа да жергілікті нормативтік актілерінің талаптарын орындауға;

- оқу жоспарлары мен бағдарламаларына және Университет Жарғысына сәйкес белгіленген мерзімде аралық және қорытынды аттестаттаудан өтуге. Жеке оқу жоспары бойынша білім алушылар аттестаттаудан Университет факультеттерінің декандары (басқа да бөлімдердің басшылары) бекітетін жеке кесте бойынша өтеді;

- қатысуға міндетті оқу сабақтарына келмеген жағдайда Университет факультетінің (басқа да құрылымдық бөлімше) басшылығын хабардар етуге және сабаққа келегн алғашқы күні қатыспау себептерін түсіндіретін белгілі үлгідегі (медициналық анықтамалар, шақыру, түсініктеме және т.б.) құжат ұсынуға;

- Университет мүлкіне ұқыппен қарауға, осы мүліктердің сақталуын қасмтамасыз етуге шаралар қолдануға. Университетке материалдық шығын әкелген жағдайда білім алушылар азаматтық заңнамаға сәйкес оны өтеуге міндетті;

- әскери есеп ережелерін сақтауға;

- білім беру мекемесінің оқытушыларына, қызметкерлеріне және білім алушыларына құрметпен және дұрыс қарауға;

- тәртіпті болуға, Университет аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауға;

- қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсізідігінің ережелерін сақтауға;

- Университетте бекітілген кіру тәртібін сақтауға, соның ішінде өзінің кіру қағазын (куәлігін) басқа тұлғаларға бермеуге және өзі басқа тұлғаға берілген кіру қағазын (куәлікті) пайдаланбауға.

9.3. Университет қызметкерлері мен білім алушыларына Ғылыми кітапханада қызмет көрсету тәртібі мен шарттары Университет ректоры бекіткен Ғылыми кітапхананы пайдалану Ережелерімен және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ғылыми кітапханасы туралы Ережемен анықталады.

9.4. Университетте шылым шегуге тыйым салынады.

9.5. Университет жатақханаларында тұратын тұлғалардың қосымша құқықтары мен міндеттір Университет жатақханаларында тұру ережелерімен және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдау келісімшартымен белгіленеді.

9.6. Жақсы үлгерімі, университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін студенттерге келесі мадақтаулар белгіленеді:

- алғыс жариялау;

- грамотамен марапаттау;

- бағалы сыйлықпен марапаттау;

- сыйақы беру.

9.7. Дәрісханалық сабақтарды 60 және одан да көп сағат себпсіз босатқаны үшін студент Университеттен шығарылуы мүмкін.

9.8. Оқу тәртібін (соның ішінде себепсіз сабақ босату), Ішкі тәртіп ережелерін (студенттің теріс қылықтар жасауы: сабаққа алкогольдік немесе есірткілік масайған күйде келуі, қоғамдық тәртіпті бұзуы және т.б.), ҚарМУ Этикалық нормалар кодексін және Жатақханада тұру ережелерін бұзғаны үшін студентке келесі тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін:

- ескерту;

- сөгіс;

- қатаң сөгіс;

- университеттен шығару.
10. Университет ғимараттарындағы тәртіп
10.1. Университет ғимараттарындағы тәртіп пен қолайлылыққа (жұмысқа жарамды жиһаздың, оқу жабдықтарының болуы, қалыпты температура мен жарықты қамтамасыз ету) проректор, бұл оның міндетіне лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес енеді, сонымен қоса тиісті бөлімшенің басшысы жауап береді. Оқу зертханалары мен кабинеттердегі жабдықтардың жарамдылығы мен оқу құралдарының сабаққа дайын болуына кафедра және зертхана, оқу кабинеттерінің меңгерушілері, әдіскерлер, лаборанттар жауап береді.

10.2. Университет аумағында тыйым салынады:

- тиісті бөлімшенің қалыпты жұмыс жасауын қиындататын әрекеттерге;

- шылым шегуге;

- спирттік ішімдіктерді пайдалануға;

- құмар ойындарға;

- мас күйде, алкогольдік, есірткілік немесе уландырғыш заттармен масайған күйде келуге;

- жануарлармен келуге (зерттеулік мақсаттардан басқа).

10.3. Университет ғимараттарында сырт киіммен және бас киіммен жүруге тыйым салынады.

10.4. Қызметкерлерді, білім алушыларды немесе басқа да тұлғаларды, сонымен қоса автокөліктерді Университет ғимаратына және аумағына кіргізу тәртібі, сонымен қоса мүлікті Университет аумағында ауыстыру немесе Университет аумағынан тыс жерге шығару тәртібі белгілі тәртіпте бекітілетін Университеттің нысандарында кіргізу тәртібін ұйымдастыру туралы Ережемен, Университет жатақханаларында тұру ережелерімен, сонымен қоса Университеттің Қауіпсіздік қызметінің келісімімен Университет бөлімшелерінде әзірленетін ережелермен анықталады.

10.5. Университет басшылығы оқу орнының күзетілуін, жабдықтардың, мүліктің және басқа да заттардың сақталуын, сонымен қоса оқу және тұрмыстық бөлмелерде қажетті тәртіпті қамтамасыз етуге міндетті. Мүліктің сақталуына, ғимараттың өртке қарсы және санитарлық жағдайына лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес жекелеген құрылымдық бөлімшелердің басшылары, ал қажет болған жағдайларда ректордың бұйрығымен тиісті лауазымдық тұлғалар жауап береді.

10.6. Мереке күндері және демалыс күндері, сонымен қоса төтенше жағдайларда тұрғын үй және тұрмыстық ғимараттарды қоса алғанда Университеттің барлық ғимараттарында Университет басшылығы ерекше жұмыс және мүлікті қолдану тәртібін бекітуі, сонымен қоса қызметкерлердің кезекшілік етуі енгізілуі мүмкін. Жұмыстан тыс уақытта бөлімшелерде жоспарланған сабақтар мен жұмыстарды жүргізуді құрылымдық бөлімше басшылары Университет Қауіпсіздік қызметінің бастығымен келіседі және ол ректордың бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.



10.7. Оқу ғимараты бөлмелерінің (кафедралар, дәрісханалар, кабинеттер, зертханалар) кілттері оқу ғимараты күзетінің кезекшісінде болуы тиіс және тиісті бөлімшелер қызметкерлеріне қол қою арқылы берілуі керек.




Оқу төлемақысы


  1. Ақылы бөлімде оқитын студенттердің төлем шарты келісім шартта көрсетілген. Аталған шарт талапкердің жоғары оқу орнына түсер кезінде толтырылады.

  2. Жоғары оқу орны басқа да негізгі оқу үдерісінде көрсетілмеген білім беру жағдайларын көрсете алады.

  3. Егер студент қайта оқу курсына қалып қойса, сессия барысында сыналмаған пәндер бойынша ғана оқу ақысын төлейді.

  4. Жазғы семестірге қалып қойған студент көрсетілген тариф бойынша қосымша ақы төлейді.

  5. Оқудан шығып қалған немесе басқа жоғары оқу орнына ауысқан студент академиялық айырмашылыққа қосымша ақы төлемін жасайды.

  6. Жоғары оқу орны мамандық түріне қарамастан бір кредит бағасын анықтайды.


Студенттерді несиелеу

Студенттерді несиелеу шарттары кестеде көрсетілген.


Қойылатын шарт

35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы, жеке тұлға

Банктік несие көлемі

«Альянс банк» АҚ-да ашылған жоғары оқу орнының шотына аудару жолымен жоғары оқу орнының төлем шотында көрсетілген академиялық кезең үшін оқу ақысының құнына сәйкес

Берілетін валюта

Теңге

Жылдық пайыздық мөлшер

Жылдық 9%

Комиссиялық сыйақы

Комиссиялар, жарналар және/немесе басқа да төлемдерден басқасы алынбайды, мысалы: 1) Оқуға несие ұсыну шарттарын Несие алушының бастамасы бойынша өзгертуге байланысты; 2) Оқуға несие алу бойынша Несие алушының міндеттерін бұзуы себебіне байланысты.

Мерзімі

15 жыл, бірақ жоғары оқу орнында толық оқу курсын аяқтаған сәттен бастап 10 жылдан артық емес.

Сыйақы және негізгі қарыз төлемінің жеңілдетілген мерзімі

Жеңілдетілген мерзім оқу барысы мен оны бітірген соңғы 6 ай ішінде жүреді. Сонымен қоса егер толық оқу курсын аяқтаған соң жедел әскери қызметке кетсе - қосымша 1 жыл, немесе жоғары оқу орнынан кейінгі оқуға түссе - 2 жыл; жүктілігіне және бала күтіміне байланысты демалысқа шықса - 3 жыл.

Үстемеақы

Әр төленбеген күнге 0,3% үстемеақы

Мерзімінен бұрын төлеуге мораторий

Мороторий жоқ, бірақ мерзімінен бұрын төлеудің ең аз сомасы бір айлық төлем көлемінде болады

Мерзімінен бұрын төлеуге айып сома

Жоқ

Төлем жасау кестесі

Әр ай сайын, қосымша сома мен негізгі төлем бірдей жүреді.

Несиелік төлем жасау тәсілі

Қолма – қол ақшамен, қолма-қол ақшасыз жеңілдетілген мерзім біткен соң

Несие берілуінің тәсілі

Транш бойынша бір көлемі ЖОО депозит кепіліне түседі, қалған бөлігі «Альянс банк» АҚ ашылған ЖОО-ның есебіне түседі. Депозит кепілі есебіне негізгі ақша мен қосымша үстемеден 5-35% көлемінде сома түседі.

Қарыз алушы міндетінің орындалу түрі

Жылжымайтын мүлік, егер жылжымайтын мүлік болмаса «Қаржы орталығы» АҚ кепілдік міндеттемесі негізгі транштың 65-95% көлемде. Депозит кепілдеме оның 5-35% үлесін құрайды.

Сақтандыру

Қарыз алушының өмірін бақытсыз жағдайлардан банкте тіркелген сақтандыру компаниясында сақтайды.

Студенттерді «Самұрық қазына әл ауқат қоры»

АҚ –ның қорынан мемлекеттік бағдарлама

негізінде несиелеуді жүзеге асыру

шарттары туралы Ережелерге қосымша
Құжаттар тізімі


  1. Кепілге жылжымайтын мүлік қойылған жағдайда:

1. Қарыз алушы/Кепіл беруші/Қамқорлыққа алушының, қарыз алушы/кепіл берушінің жұбайының жеке куәлігі (түпнұсқа)

2. Қарыз алушы/ Кепіл беруші/ Қамқорлыққа алушының, қарыз алушы/кепіл беруші жұбайының СТН (түпнұсқа)

3. Қарыз алушы/ Кепіл беруші/ ӘЖК (түпнұсқа)

4. Азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабы) нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе қарыз алушының/кепіл берушінің тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын анықтама. Тұрақты тіркеудің болмауы жағдайында студенттің оқитын елді мекенінен уақытша тіркелгені туралы анықтама.

5. Жылжымайтын мүліктің құқықтық негізін бекітетін құжаттар (көшірмелері):

- сату-сатып алу, жекешелендіру, айырбас, тарту ету шарты, құрылысы аяқталған соң нысанды пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының акті, аукциондық сату хаттамасы;

- мұрагерлік құқық туралы куәлік: сот шешімі және т.б.;

- ие болу негізіне байланысты: қабылдау-тапсыру актісі, кепілге берілетін мүлік құнын төлеу туралы құжаттар – егер оған ақылы түрде ие болса;

- меншік иесі көрсетілген және жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу органдарының белгісі қойылған ғимараттың/ пәтердің жоспары;

- жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және онымен жасалатын келісімдер (бұл құжат міндетті емес).

6. Қамтамасыз етуші тұлғаның кепілге берген мүлікті алу кезінде некеде болмағаны туралы өтініші (түпнұсқа) – егер кепілге беретін мүлікті алу кезінде некеде тұрмаған жағдайда беріледі.

7. Егер кепілге ұсынылатын мүлік заңды неке кезінде алынған болса, жұбайлардың жалпы біріккен меншігі тәртібі қолданылады:

- кепіл берушінің – жеке тұлғаның некені тіркеу туралы куәлігі/ некені бұзу жөніндегі куәлігі (нотариалды бекітілген көшірмесі)

- жұбайының нотариалдық расталған келісімі (соның ішінде бұрынғы жұбайының, егер некені бұзғаннан бері 3 жылдан кем уақыт өтсе және некені бұзу кезінде жұбайлардың біріккен меншігі болып табылатын мүлік бөліске салынбаса) – егер жұбайлар арасындағы келісіммен немесе сот шешімімен кепілдікке ұсынылатын мүлік жұбайлардың үлестік меншігі не біреуіне тиесілі немесе меншік құқығымен жұбайлардың әрқайсысына тиісті бөлікте тиесілі болып табылатындығы қарастырымаса ұсынылады.

Жұбайлардың арасында жасалған неке келісімшарты (нотариалдық расталған көшірмесі) – егер осы келісімшартта жұбайлардың біріне кеплідікке берілетін зат болып табылатын мүлікті өз бетінше қолдану бойынша құқығы анықталған болса.

Жұбайлар арасында жасалған ортақ мүлікті бөлу туралы келісім (нотариалдық көшірме) – егер мұндай келісіммен кепілдікке ұсынылатын зат болып табылатын мүлікті қолданудың басқа тәртібі анықталған болса (яғни жұбайлардың ортақ меншік тәртібі болмаса).

8. Банк акредиттеген тәуелсіз бағалау компаниясының мүлікті бағалау туралы есебі (түпнұсқа).

9. Қарыз алушы мен оның ата-анасының (қамқоршысының) тіркелген жері бойынша жылжымайтын мүлігінің жоқтығы туралы тіркеу органының анықтамасы.

10. Тіркеу органының мүлік бойынша қиыншылықтардың жоқтығы туралы анықтамасы (түпнұсқа).

11. Жоғары оқу орнымен оқу туралы келісімшарты (түпнұсқа).

12. Семестр үшін ақы төлеу есебі (түпнұсқа).

13. Оқитын жерінен қарыз алушының мамандығы, курсы және оқу түрі, орташа үлгерімі туралы ақпараты бар анықтама (түпнұсқа).

14. Ата-анасының қарыз алушының банк зайымының шартын толтыруға келісім-өтініші (егер қарыз алушы кәмелетттік жасқа толмаса), ата-анасы болмаған жағдайда қажет болмайды.

15. 1-кестеге сәйкес клиенттің әлеуметтік мәртебесін растайтын анықтама.
2. «Қаржы орталығы» АҚ мен жоғары оқу орны кепілдік ұсынған кезде:
1. Қарыз алушының, қарыз алушының жұбайының жеке куәлігі (түпнұсқа).

2. Қарыз алушының, қарыз алушының жұбайының СТН (түпнұсқа)

3. Қарыз алушының ӘЖК (түпнұсқа)

4. Азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабы) нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе қарыз алушының/кепіл берушінің тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын анықтама. Тұрақты тіркеудің болмауы жағдайында студенттің оқитын елді мекенінен уақытша тіркелгені туралы анықтама.

5. Қарыз алушы мен оның ата-анасының (қамқоршысының) тіркелген жері бойынша жылжымайтын мүлігінің жоқтығы туралы тіркеу органының анықтамасы.

6. Жоғары оқу орнымен оқу туралы келісімшарты (түпнұсқа).

7. Семестр үшін ақы төлеу есебі (түпнұсқа).

8. Оқитын жерінен қарыз алушының мамандығы, курсы және оқу түрі, орташа үлгерімі туралы ақпараты бар анықтама (түпнұсқа).

9. Ата-анасының қарыз алушының банк зайымының шартын толтыруға келісім-өтініші (егер қарыз алушы кәмелетттік жасқа толмаса), ата-анасы болмаған жағдайда қажет болмайды.

10. 1-кестеге сәйкес клиенттің әлеуметтік мәртебесін растайтын анықтама.

1-кесте


Студенттің әлеуметтік мәртебесі

Растайтын құжаттар

Жетім және ата-анасының асырауынсыз студенттер

Жергілікті атқарушы органның асырау және қамқорлық бөлімінен анықтама (ҚР Білім және ғылым министрлігінің құзырлығы)

Кемтар студенттер

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитеті аумақтық органының кемтарлық жөніндегі анықтамасы

Ата-анасы кемтар болып табылатын студенттер

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитеті аумақтық органының ата-анасының кемтарлығы жөніндегі анықтама

Көп балалы отбасынан шыққан студенттер

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балаларға берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатыны жөнінде анықтама

Табысы аз немесе толық емес отбасынан шыққан студенттер


Кент, ауыл, ауылдық округы әкімінен, қалалық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен табысы аз немесе толық емес отбасы екенін растайтын анықтама.

Ата-аналары зейнет жасына жеткен студенттер

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан ата-анасының зейнеткерлік мәртебесі туралы анықтама.



Кредиттік технология бойынша студенттерді оқыту бағдарлмасы
Оқу жоспары. Кредиттік технология бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрлігінің типтік бағдарламалары негізінде әзірленген оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарын Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры бекітеді. Мамандықтардың жұмыс оқу жоспарына пәндердің 3 тобы енеді:



  • міндетті оқытылатын және дер уақытында жалғасын табатын пәндер;

  • міндетті түрде оқытылатын, бірақ жалғасын таппайтын пәндер;

  • Студенттер өздері таңдайтын пәндер.

Жұмыс-оқу бағдарлмасына сәйкес студенттің жеке оқу-жоспары жасалады.

Студенттер жеке жұмыс жоспарының құрылуын эдвайзердің және тіркеушінің көмегімен жүзеге асырады. Эдвайзер шығарушы кафедра маманы бола отырып, студенттерді оқытудың жеке траекториясын таңдауда бағыт береді.

Тіркеуші студенттердің өтініштерін басшылыққа ала отырып, топтарды құрады және студенттер таңдаған пәндердің тиімділігін анықтайды.

Әр студент ақамдемиялық оқу жылының басында оқитын пәндердің силлабустарын, жеке жұмыс материалдарын және іс-тәжірибелердің бағдарламаларын алады.



Студенттің орташа балы (GPA). Рейтинг. Бақылау.

Студенттің үлгерімі бойынша орташа балл есептеледі. (GPA), оның ең жоғарғы көрсеткіші 4,0 балды құрайды.

Орташа балл студенттің қорытынды нәтижесі бойынша шығарылады. Өз кезегінде нәтиже балдық-рейтингілік жүйе бойынша бағаланады. Рейтинг – бұл балдық көрсетілімдегі студент қызметінің бағасы. Рейтингтік жүйені оқу үдерісінде дұрыс қолдану студенттің білімін, қабілетін, дағдыларын және жүйелік еңбегін бақылау әділдігінің артуына ықпал етеді, бұл алған білімнің беріктігінің кепілі болып табылады.

Студенттің оқу блогы ағымында әр түрлі жұмыстарға қатысқаны үшін алған балдарының сомасымен анықталатын рейтинг білім беру сапасының жалпы көрсеткіші ретінде танылады.

Студенттердің білімін үздіксіз рейтингілік бақылау оңтайлы үйлесімі өзара байланысты бақылаудың үш түрін құрайтын кезеңдерден өтеді: ағымдық, үй тапсырмасы, аралық және қорытынды. Бақылаудың әр түрі үшін студент белгілі балл жинауы керек, олардың жиынтығы қорытынды бағаны (қорытынды рейтинг) қалыптастырады.

Студенттер білімінің деңгейін анықтау мақсатында бақылаудың рейтингілік жүйесі әзірленді. ҚарМУ-да студенттің рейтингін анықтаудың 100-балдық шкаласы қолданылады. Мұндай шкала ондаған рейтингілік бірліктердің шегінен шықпастан студенттің білімінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.



Күндізгі оқу бөлімі студенттерін бақылау түрлері:

Ағымдық бақылау 10-20 балды құрайды және практикалық, зертханалық сабақтар аясында дәріс оқушының ассистентімен жүзеге асырылады.

Үй бақылауы 5-10 балды құрайды және студенттің оқу пәнін меңгеру деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін оның өз бетінше 2-3 жазбаша шығармашылық жұмысты орындауын қарастырады.

Аралық бақылау 15-30 балды құрайды және оны дәріс оқушы академиялық кезеңнің 7-8 және 13-14 апталарында өткізеді. Аралық бақылаудың нәтижелері арнайы ведомостіге енгізіледі.

Сырттай оқу бөлімі студенттерін бақылау түрлері:

Ағымдық бақылау 5-10 балды құрайды және оқытушымен семестр ағымында жүзеге асырылады (сабақтағы белсенділігі, талқылауға қатысу және т.б.)

Үй бақылауы 15-30 балды құрайды және өздік жұмыстық қорытындысын жасауға арналған және белгілі бір жазба жұмыстарын, бақылау тапсырмаларын (курс саясатына және ОӘК-де ұсынылған тапсырмаларды орындау кестесіне сәйкес) орындауды қарастырады, тапсырмаларды «Факел-1» ЭЕМ-ге арналған бағдарлама бойынша желіде тапсыруға рұқсат етіледі.

Аралық бақылау 10-20 балды құрайды және ҚарМУ базасында «Тестер» бағдарламасында немесе сканерлік өңдеу арқылы қағаз тасымалдаушыларда оқу пәндерінің негізгі бөлімдері бойынша тестілеу түрінде өткізіледі.
Күндізгі оқу бөлімі студенттеріне арналған рейтинг-шкала


Ағымдық бақылау

Аралық бақылау

Үй бақылауы

Жіберу рейтингісі

Қорытынды бақылау

Суммалық бақылау

10-20

15-30

5-10

30-60

20-40

50-100

Сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған рейтинг-шкала




Ағымдық бақылау

Аралық бақылау

Үй бақылауы

Жіберу рейтингісі

Қорытынды бақылау

Суммалық бақылау

5-10

10-20

15-30

30-60

20-40

50-100

Оқу курсы аяқталған соң емтихан түрінде қорытынды бақылау өткізіледі.

Қорытынды бақылауға жіберу рейтингісі ағымдық, аралық және үй бақылауларында алған балдардың сомасынан қалыптастырылады.

Қорытынды аттестаттау жұмыс оқу жоспарларына, академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады. Қорытынды аттестаттауды өткізу түрі емтихан болып табылады, ол негізінен тестілеу арқылы жүзеге асырылады.

Рейтинг-шкалаға сәйес пән бойынша білімді қорытынды бағалаудағы қорытынды аттестаттаудың үлесі 40% құрайды. Суммалық бақылауға сәйкес студент белгілі балды (баға) алады.

Емтихан 2-3 пән бойынша кешенді түрде өткізілуі мүмкін. Компьютерлік немесе бланкілік тестілеу кезінде емтихан тапсырушыға әрбір пән бойынша 20 сұрақ беріледі.

Тестілеу білім алушының білімін бақылауды «Тестер» автоматтандырылған ілеспе арқылы компьютердегі сияқты оптикалық сканердің көмегімен нәтижелерін өңдеу және шығару арқылы қағаз тасымалдаушыларда да жүзеге асырылады.

Мүмкіндікті түрлері студенттерді жазбаша және ауызша сұрау болып табылады.

Емтиханды ауызша немесе жазбаша түрде өткізу туралы соңғы шешімді факультет деканының себепті ұсынысы негізінде ҚарМУ-дың Ғылыми-әдістемелік кеңесі қабылдайды.

Студенттің оқу пәнін меңгеру деңгейін сипаттайтын қорытынды нәтиже БРС бағалау өлшемдеріне, 4-балдық білімді бағалау жүйесіне, бағалаудың әріптік эквиваленті шкаласына сәйкес емтихандық ведомостіден көрініс табады.




Әріптік жүйе бойынша баға

Балдар

%-дық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Үздік

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы


В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық



С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49




GPA студенттің таңдаған бағдарламасы бойынша жылдық деңгейінің орташа өлшемді бағасын білдіреді және мына формуламен есептеледі:


(кредит 1 х балл 1) + (кредит 2 х балл 2) + (кредит п х балл п)

GPA=---------------------------------------------------------------------------------

кредит 1+ кредит 2 + кредит п
Мысалы, оқу жылының ағымында келесі нәтижелерді көрсеткен студенттің GPA-сы 2,8 балға тең болады.


Пән

Баға

Балл

Кредиттер

1

A

4,0

3

2

B

3,0

3

3

D

1,0

3

4

C

2,0

3

5

B

3,0

2

6

A

4,0

3



GPA-ға сәйкес студент келесі курсқа көшіріледі. Барлық оқу кезеңіндегі барлық академиялық көрсеткіштер студенттің оқу жетістіктерінің банкісін қалыптастырады, ол транскрипт түріндегі кредиттік технологияны ұйымдастыру бойынша автоматтандырылған бағдарламада өзгереді.




Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша

білім алатын студентке арналған

ЖАДЫНАМА
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!
Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ға қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу түсіп Сіз тілдік бөлім есебімен мамандық бойынша электронды оқу-әдістемелік кешенге (курстық кейс) (CD-дискіде), сонымен қоса «Факел-1» автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламадағы

Сіздің дербес Web-бетіңізді ашуға мүмкіндік беретін логин мен парольге ие боласыз. Курстық кейсті, логин мен парольді алу үшін Сіз Сіздің факультеттің қашықтықтан оқыту үйлестірушісіне жолығуыңыз қажет.

Білім алу үшін Сізге компьютер және Интернет желісі қажет. Егер Сізде компьютер болмаса, Сіз ҚарМУ-дың Интернет-залын, мультимедиалық залдарын және компьютерлік сыныптарын пайдалана аласыз. «Факел-1» ЭЕМ-ге арналған бағдарламасында жұмыс істеу дағдыларын үйрену үшін сессия уақытында міндетті түрде «Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да қашықтықтан оқыту» атты үйрету семинарына қатысыңыз, оны Сіз үшін қашықтықтан оқыту орталығының қызметкерлері мен факультеттің үйлестірушілері өткізеді.
Қашықтықтан оқыту технологиясы

бойынша табысты білім алу үшін

Сіз білуіңіз қажет:
Курстық кейстің мазмұнына не кіреді

Курстық кестің құрылымына мыналар кіреді:



  • Білім алушыға арналған анықтамалық-көрсеткіш.

  • Мамандықтың жұмыс оқу жоспары.

  • Sillabus (меңгеру курсы оқу бағдарламасының сипаттамасы).

  • Курстың тақырыптық жоспары.

  • Дәріс сабақтарының тезистері.

  • Семинар және зертханалық сабақтардың жоспарлары.

  • СӨЖ және СОӨЖ жоспарлары.

  • Жазбаша жұмыстардың тақырыптары.

  • Оқыту белсенді әдістер мен оқытудың мультимедиалық технологияларын қолдануды жоспарлайтын оқу тақырыптарының тізімі.

  • Курс бойынша білімді өз бетінше бақылауға арналған тест тапсырмалары.

  • Емтихан сұрақтарының тізімі.


Курстық кейспен қалай жұмыс жасау керек

  1. Курстық кейс орналасқан каталогты өз дербес компьютеріңізге көшіріңіз; каталогты ашыңыз.

  2. index.htm. енгізу файлын ашыңыз. Сіздің алдыңызда курстық кейстің бас беті ашылады.

Курстық кейстің бас бетінің үлгісі 1 суретте көрсетілген.

1- сурет. Курстық кейстің бас беті
3 «Курс бойынша пәндер» гиперсілтемесін белсендіріп, «Курс бойынша пәндер» бетіне өтіңіз.

«Курс бойынша пәндер» курстық кейсі беттерінің үлгісі 2 суретте берілген.

«Басты парақ» гиперсілтемесінің көмегімен курстық кейстің бас бетіне оралуға болады.

«Кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім алатын студенттерге арналған анықтама-көрсеткіш» гиперсілтемесі.



2 – сурет. «Курс бойынша пәндер» беті.
«Жұмыс оқу жоспары» гиперсілтемесі мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспары орналасқан бетті белсендіреді.

«Пән №» жолындағы сандар пәндер тізбегінің нөмірлеріне сәйкес келеді. «» гиперсілтемесінің белсенділігі пәндердің тиісті бөлімімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

4. Курстық кейсті өз бетінше меңгеру барысында сізге ұсынылады:

- курстық кейс пәндерінің тізімімен танысу, пәндердің құрамы мен меңгеру кезегін анықтау;

- қандай да бір пән бойынша білімді бақылау (реферат, курстық жұмыс, сынақ, емтихан, дипломдық жұмыс) және бақылау тапсырмаларын тапсыру мерзімдерін анықтау, пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтармен танысу;


  • қурстық кейстің пәндерін кезекпен меңгеруге кірісу, оған қосымша пәнге қатысты ұсынылған әдебиеттермен және тиісті нормативтік актілермен жұмыс жасау;

  • сұрақтар мен кеңес үшін «Факел-1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламадағы форумда электрондық пошта арқылы тьютормен (курсты оқитын оқытушымен) байланысқа шығу;

  • білімін өз бетінше тексеру үшін бақылау сұрақтарына жауап беру, тест сұрақтарына жауап беру, жағдайлық есептерді, жаттығуларды және т.б. шешу арқылы өтілген оқу материалын бекіту.


«Факел-1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламада қалай жұмыс жасау керек
Internet Explorer адрес терезесінде www.idl.ksu.kz. қашықтықтан оқыту серверінің адресін көрсету керек.

«Тіркелген қолданушыға арналған кіру» сілтемесін көрсетуіңіз керек.

Енгізу терезесынде өзіңіздің жеке логиніңіз бен пороліңізді көрсетіңіз.

Студенттің жеке парағында Сіз мәзірді көресіз.

«Электронды деканат» гиперсілтемесі желілік сабақтардың кестесін көруге мүмкіндік береді:


«Кері байланыс» гиперсілтемесі келесі сервистерді ұсынады:



  • студент пен тьютордың электронды пошта арқылы байланысын;






  • бекітілген файлдардағы әр түрлі жазбаша, графикалық және тағы да басқа жұмыстарды қайта жіберу және алу (Word, Excel түрінде);






  • бекітілген файлдардың қолданушының компьютеріндегі қатты дискіде сақталуы;









  • ескірген мәліметтерді жою;



«Форум» гиперсілтемесі студент пен тьюторге «Сұрақ-Жауап» тәртібінде ұсынылған тақырып бойынша қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.

«Форум» гиперсілтемесін таңдаңыз.



Пәнді таңдаңыз.

Форум тақырыбын таңдаңыз.

Хабарлама қосыңыз.

«Жауап мәтіні» бөлігіне сұрақтың жауабын жазыңыз.

«Хабарландыру» гиперсілтемесі факультеттің, кафедралардың үйлестірушілерінің, тьюторлардың, «Факел-1» автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарлама администраторының барлық белсенді хабарландыруларын көрсетеді.
«Хабарландырулар» гиперсілтемесін таңдаңыз.

«Кейс» гиперсілтемесі мамандық бойынша курстық кейсті көруге мүмкіндік береді.

«Кейс» гиперсілтемесін таңдаңыз.

Пән мен курсты таңдаңыз.

«Студенттер» гиперсілтемесі топтардың тізімін көруге мүмкіндік береді.

«Студенттер» гиперсілтемесін таңдаңыз.



Сіздің алдыңызда берілген курс бойынша және сол топта оқитын студенттердің тізімі.


Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-да

қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша

оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісі келесі түрде ұйымдастырылған:



1 кезең. Күндізгі оқу бөлімі (тұрақты сессия). Тұрақты сессия кезінде оқытушылар академиялық сабақтар кестесіне сәйкес оқытады. Сол кезде студенттер оқытушылар мен академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың қашықтықтан оқыту орталығы қызметкерлерінің жетекшілігімен курстық кейс жұмыстарын және «Факел-1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ бағдарламасын игереді. Білім алушыларға виртуалды сабақтар және желілік консультациялар кестесі беріледі.

2 кезең. Қашықтықтан оқыту бөлімі (тұрақты және қысқы сессия аралығында). Білім алушылар өз беттерімен тьютордың жетекшілігімен білім алады: пәндер бойынша курстық кейстің оқу материалын меңгереді, СӨЖ және СОӨЖ кестесіне сәйкес бақылау жұмыстарын орындап тапсырады. Тьюторлар қашықтықтан оқыту бөлімі кезеңінде оқу үдерісінің желілік семестрлік кестесіне сәйкес, «Факел-1» автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның көмегімен тьюторлық сыныпта желілік сабақтар өткізеді.

3 кезең. Күндізгі оқу бөлімі (қысқы емтихандық сессия). Білім алушылар университетке келеді, академиялық сабақтарға қатысады, қысқы емтихандық сессияның кестесіне сәйкес бақылау және курстық жұмыстарын қорғайды, сынақтар мен емтихандар тапсырады.

4 кезең. Қашықтықтан оқыту бөлімі (қысқы және жазғы сессиялар аралығында). 2 кезеңмен бірдей.

5 кезең. Күндізгі оқу бөлімі (жазғы емтихандық сессия). 3 кезеңмен бірдей. Жазғы емтихандық сессияның қорытындысы бойынша білім алушылар келесі оқу жылының курстық кейсін алады.

6 кезең. Мемлекеттік емтихандарды күндізгі бөлімде тапсыру, дипломдық жобаларын қорғау (соңғы курста).
Рефераттар, бақылау және курстық жұмыстар
Әр түрлі жазбаша жұмыстарды (рефераттар, бақылау жұмыстары, курстық жобалар) қағаз тасымалдаушыларда тапсыру күшін жойған жоқ. Сіз сонымен қоса жазбаша жұмысыңызды Қазпошта арқылы «Факел-1» автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның көмегімен немесе университеттегі оқытушыға жібере аласыз.

Рефераттар, бақылау жұмыстары мен курстық жобаларды ашық түрде қорғау жоспарланған. Жазба жұмыстарын әзірлеу барысында Сіз тьютордан қажеттілігіне қарай қашықтықтан кеңес ала аласыз.



Желілік консультациялар
Егер пәнді өз бетіңізбен меңгеру және жазбаша жұмыстарды әзірлеу барысында Сізде сұрақтар туындаса, Сіз «Факел-1 автоматтандырылған қашықтықтан оқыту» ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның көмегімен тьютордан жедел консультация ала аласыз («Кері байланыс» және «Форум» мәзіріне гиперсілтеме). Сіз консультация алу үшін өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта байланысқа шыға аласыз, тьютор Сіздің хат-хабарыңызды қарайды да, үш жұмыс күннің ішінде Сіз жауап хабарламасын аласыз.

Артықшылығы: жеделдік, бар оқу жылының ағымында желілік консультация алу мүмкіндігі.


Сізді қызықтыратын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты қалай алу керек


  • академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Интернет желісіндегі ресми өкілдігінен www.ksu.kz мекен-жайы арқылы;

  • академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ қашықтықтан оқыту орталығының www.idl.ksu.kz сайтында;

  • академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың ақпараттық-білім порталынан www.znanie.ksu.kz мекен-жайы арқылы;

  • академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың қашықтықтан оқыту орталығынан: Қарағанды қ., Университет көшесі 28, 1 оқу ғимараты, 122, 129 каб., тел: 8(7212)770456, e-mail: idl@ksu.kz мекен-жайы бойынша

  • Сіздің факультеттегі қашықтықтан оқыту үйлестірушісінен.




Қосымша

Студенттердің өтініштердің үлгілері


____________ факультетінің деканы

________________________________ (А.Ж.Т.)

_______________ тобының студенті

____________________________ (А.Ж.Т.)


Өтініш
200__-200__ оқу жылының ________ семестріне маған келесі пәндерді бекітуіңізді сұраймын:

1. __________________________________________________

2. __________________________________________________

3. __________________________________________________

4. __________________________________________________

5. __________________________________________________

Студенттің қолы


Күні

____________ факультетінің деканы

________________________________ (А.Ж.Т.)

_______________ тобының студенті

____________________________ (А.Ж.Т.)

Өтініш
200__-200__ оқу жылының _______семестрі ағымында _____________________ пәнін меңгеру бойынша мені __________ ________________________________________________________

оқытушының ғылыми дәрежесін, атағын және аты-жөнін көрсету

тобына бөлуіңізді сұраймын.

Студенттің қолы
Күні




4. ҚОРЫТЫНДЫ
Құрметті студент, Сіз жоғары оқу орны мен мамандықты таңдауда қателескен жоқсыз.

Болашақтағы Сіздің шығармашылық қабілеттеріңіздің жүзеге асуы Сіздің ынта-ниетіңізге, табандылығыңызға, жауапкершілігіңізге, білім үдерісіне белсене араласуыңызға байланысты. Сауатты мамандар әрқашан қажет. Сізге оқуда табыс, қызықты студенттік өмір тілейміз, болашағыңыз жарқын болсын.




ЖОО

Студент

Кәсіпорын


Пошталық мекен-жайы:

100028, Қарағанды қ.

Университет к-сі, 28,

Сайт: www.ksu.kz

Тел/факс 8(7212) 77-03-84

1 Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ішкі тәртіп ережелерінен кайта басылған: ҚарМУ баспасы, 2008. – 38 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет