Критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді
бет 3/3 Дата 04.09.2023 өлшемі 1.42 Mb. #476551
Лекция 1 Критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді: 1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру; 2. Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру; 4. Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру; 5. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру; 6. Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларына (талдау, жинақтау, бағалау) жетуін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінің қорын құру; 7. Объективті, үздіксіз және нақты: 7. Объективті, үздіксіз және нақты: - білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы; - мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы ; - ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы; - басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпаратты беру; 8. Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және ақпараттар ұсыну үшін қолдану; 9. Әр білім алушының , жеке мектептің, барлық аудан, облыс және мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу бағдарламасын меңгеру мониторингін қолдану ; 10. Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін талдау жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау. КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық-әдістемелік құжаттар негізінде берілген: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта); Оқу бағдарламасы мен оқу жоспары ; Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері; Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәртібі; Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық ; Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық; Пәндерге қатысты қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы; Пәндерге қатысты жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар ; Пәндерге қатысты тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы. Достарыңызбен бөлісу: