Критериалды бағалауды оқытудың Қызметі мен ұстанымдары



Дата26.09.2023
өлшемі2.53 Mb.
#478733
критериалды бағалау қағидалары

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ҰСТАНЫМДАРЫ

  • «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері» әдістемелік құралында қазіргі бағалау жүйесінің атқаратын қызметтерін айқындаған:
  • 1. Нормативті қызмет, біріншіден, оның оқу табыстылығына және оқу орнын бітіруіне сәйкес мемлекеттік өлшеммен бекітілген нақты білім алушының жетістіктерін тіркейді. Екіншіден, жеке оқушының, мектеп сыныптарының үлгерімін, олардың дайындық деңгейлері мен мұғалім жүмысының сапасын әкімшілік бақылау.
  • 2. Ақпараттық-диагностикалық қызмет, оқыту процесіне барлық қатысушылардың арасындағы мазмұндық байланыстардың, оқушылардың мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясын, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық рефлексиясының негізгі сәттерін қамтиды. Бағалау білім беру процесіндегі нақты сыныптарда жағдайдың дұрыстығы, жеке оқушылардың амандығын ойлауға мүмкіндік береді.
  • 3. Ынталандыру қызметі, оқушылар қызметін ынталандырумен байланысты, бұл қосымша анықтауларды қажет етпейді. 
  • Критериалды бағалау мұғалімдерге арналған қағидаттық ұстанымдарды тұспалдайды:
  • 1. Баға арқылы оқушының өзі емес жасаған жұмысы ғана бағаланады. 
  • 2. Оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен салыстырылады.
  • 3. Нақты тапсырмалардың түрлілігі және жақсы орындалған тапсырманың анық және дұрыс сипаттамасының болуы.
  • 4. Оқушыларға өлшемдер алдын ала айтылады.
  • 5. Оқушы өзінің жетістік деңгейін өзі анықтап, өзін бағалай алатындай баға коюдың нақты алгоритмі әзірленуі керек. Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз жұмыстарын рефлексиялауды көздейді. Рефлексия оқушының тұлғалық дамуының, оқушы ретінде дамуының қажетті құраушысының міндетті шарты болып табылады.
  • 6. Өзін-өзі бағалауға ауысуға талпыну мақсатында, бағалау процесіне оқушыларды қатыстыру.
  • 7. Нені оқытты соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийлері – оқу мақсатының нақты көрінісі.
  • 8. Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары аталмыш пән бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалаудың критерийлері болып табылады және оқушылардың жеке жұмыстары барысында анықталған нәтижелерін жалпылауға мүмкіндік туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет