Кудабаева перизат асанбаевна


Болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық



Pdf көрінісі
бет24/76
Дата18.11.2022
өлшемі2.94 Mb.
#465143
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76
ағылшын тілі

 
1.4 Болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық 
коммуникативтік 
қҧзыреттілігін 
қалыптастырудың 
қҧрылымдық-
мазмҧндық моделі 
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашада Қазақстан 
халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: ӛсім, реформалар, даму» 
атты жолдауында бҥгінгі жастарға: «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді 
болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жҧмыс пен сҧраныс бар ӛңірге батыл 
барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. 
Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның кҥні туған 
заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника 
меңгерген адам бҥгінгі кҥні озады», - деп атап кеткен [187].
Расында да, қазіргі таңда талмай ғылым іздеген адамның алдында ҥлкен 
мҥмкіндіктер тҧрғанын айтып ӛтуге болады. Ғылым жолында шет 
мемлекеттерге барып тәжірибе алмасу мақсатында оқып жҥрген жастардың 
алдында ҥлкен мақсат пен мҥмкіндіктер тҧр. Шет тілін меңгерген жастардың, 
соның ішінде ағылшын тілін меңгеру - бҥгінгі кҥннің талабы екені және ол 
қҧзыретті жастардың болашағы жарқын екені айтпаса да бәрімізге аян. 
Маман дайындау мен тәлім сапасын жақсартудың негізгі талаптары 
ретінде еуропалық ғылыми-педагогикалық қауымдастық тарапынан оқытудың 
қҧзыреттілік бағыты алға тартылған, «қҧзыреттілік» ҧғымы да 2010 жылға 


74 
дейінгі кезеңде қазақстандық оқыту ҥдерісін модернизациялау тҧжырымына 
енгізілген болатын. Осыған орай жоғары мектеп бҧл бағытты іске асыру мен 
тҥлектердің оқу-ҥйренімі аяқталғаннан соңғы жалпы да арнайы қҧзыреттілігін 
ӛрнектеуге байланысты маңызды міндеттердің шешімін табуы қажет. 
Зерттеу тақырыбына байланысты болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің 
мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастыру моделін 
анықтау бірқатар ҧғымдардың мәнін айқындауды талап етеді. Олардың 
қатарында, «қалыптастыру», «қалыптасу», «модель» ҧғымдары бар. 
Педагогикада «қалыптастыру» ҧғымы педагогикалық ӛзара байланыстағы 
«оқыту – білім беру – тәрбиелеу – шығармашылық іс-әрекет – даму – 
қалыптасу» категорияларының негізінде ашып кӛрсетіледі. «Қалыптасу» – 
адамды қоршаған экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық, 
психологиялық және т.б. барлық факторлардың тҥгелдей ықпал-әсер етуімен 
әлеуметтік тіршілік иесі ретінде ӛсіп, жетілу ҥдерісі. Қалыптасу адамның тҧлға 
ретінде кемелденуі, байыпты парасат деңгейіне жетуі болып табылады [188].
Сонымен «қалыптастыру» ҧғымы сыртқы факторлар арқылы ішкі сапалық 
қасиеттерді орнықтыруда кӛрініс табатындығымен сипатталады. Ал 
«қалыптасу» болса, негізінен ішкі факторлар арқылы жҥзеге асырылады және 
іс-әрекет нәтижесімен анықталады. Педагогикалық ҥдеріске, оның ішінде 
педагог пен білім алушыға қатысты қалыптастыру мен қалыптасу ҧғымдары 
мен оның аясындағы іс-әрекеттердің ӛзара байланысы мен ықпалының бар 
екендігін кӛруге болады.
Болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік 
қҧзыреттілігін қалыптастыру оқу-тәрбие ҥдерісіндегі білімді меңгеру мен 
іскерлікті (психомоторлы дағдыларды) және жеке тҧлғалық сапаларды 
қалыптастыру ҥдерісінен тыс жҥзеге асырылмайды және оқыту мен оқу 
ҥдерісінде орындалады.
Жоғарыдағы баяндаулардан қалыптастыру меңгертумен, қалыптасу 
меңгеру іс-әрекеттерімен байланыстылығын кӛреміз. Меңгеру дегеніміз – 
жинақталған әлеуметтік тәжірибенің тҧлғаның жеке басының игілігіне айналуы 
және сол арқылы тҧлғаның жеке басының қасиетіне айналуы [189], білімді 
ӛзіндік ету дегеніміз – тҥсіну, есте сақтау және қолдана білу, яғни, бҧрынырақ 
тҥсінгенді және есте сақтағанды тәжірибеде пайдалану мҥмкіндігі. 
Болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік 
қҧзыреттілігін қалыптастыру – бҧл болашақ ағылшын тілі мҧғалімдеріне 
қойылатын коммуникативтік талаптарды анықтау, олардың болашақ кәсіби іс-
әрекеттерін болжау мен дамытудың мҥмкіндігі ғана емес, жоғары оқу орны 
жағдайында болашақ мамандарды отандық жоғары білім беру жҥйесін 
реформалаудың жаңа шарттарында, жаңа инновациялық технологияларды 
ендіру жағдайында кәсіби даярлауды ықпалды жоспарлаудың негізгі элементі. 
Жасақталған модель оқу-тәрбие ҥдерісін жоспарлаудың және жоғары оқу 
орнының ғылыми-зерттеу ҥдерістерінің нәтижелілігін жоғарылатудың
бітірушілерді жҧмыспен қамтамасыз етудің әдіснамалық негізі болуы тиіс. 
Пcиxoлoгиялық cӛздiктe «Мoдeль» - oқу әpeкeтiн мoдeльдeу дeгeн ҧғымды 
бiлдipeдi. Oқу әpeкeтiн мoдeльдeу eкi acпeктiдeн тҧpaды: Бipiншici – oқу 


75 
ҥдepiciндeгi бiлiмдi мeңгepу бoлca, eкiншici – oқудaғы ic-әpeкeт элeмeнтiнeн 
тҧpaды. Coндa, бipiншi acпeктiдe мoдeль мeн мoдeльдeудi пcиxoлoгиялық бaғыт 
бiлiм жҥйeciнe eнгiзу бoлca, eкiншiдe – мoдeльдeудiң фopмacын, әдiciн 
қoлдaнылaтын әpeкeтiнiң epeкшeлiгiн студенттepдiң икeмдiлiгiнe қapaй 
бaғыттaуды кӛpceтeдi [190].
А.М.Новиков модельді сипаттай келе, оны негізгі нысан туралы жаңаша 
ақпарат беретін, танымдық мақсатқа таңдалған немесе қайта жасақталған 
қосымша нысан ретінде қарастырады [191].
В.А.Штоффтың айтуынша, модель – зерттеу нысанын бейнелеп
шығаратын және сол нысанның орнын басып, жаңа ақпарат бере білетін, ойда 
бейнеленіп немесе материалды тҥрде іске асатын жҥйесі болып табылады [192]. 
М. Вaртофскийдің «модель келешек іс-әрекетке бағдaрланған прототип. 
Модель мақсaтты іске aсыру және олaрды іске aсыратын қҧрaл-жaбдықтар 
болып тaбылaды» деп тҧжырымдайды [193]. 
Қазіргі заман ғылымында модель ҧғымын материалдық немесе 
тҧжырымдамалық жҥйе ретінде тҥсіндіреді: - біріншіден, қандайда бір формада 
тҥп нҧсқаның маңызды қасиеттері мен қарым-қатынасын бейнелеп, кӛрсетеді; - 
екіншіден, нақты берілген мағынада оның орнын басады; -ҥшіншіден, тҥп 
нҧсқа туралы жаңа ақпарат ҧсынады. 
Барлық материалдық немесе заттық модельдерде тҥп нҧсқаның орнын басу 
сәйкес қҧрылымның мінез-қҧлқы мен қызмет ҧқсастығы есебінен жҥзеге 
асырылады. 
«Модель» ҧғымы «модель қҧру» ҧғымымен тығыз байланысты. 
Модель қҧру – бҧл теориялық танымның маңызды категорияларының бірі, 
теориялық деңгейде тҥрлі белгілер, абстрактілік модельдер, эксперименталдық 
деңгейде – пәндік модельдер қолданылатын процестер мен қҧбылыстарды 
зерттеудің жанама әдісі, сондықтан педагогикалық зерттеулерде модельді қҧру 
және оны қолдану кеңінен пайдаланылуда. Маманды кәсіби даярлау моделі 
жалпы тҥрде болашақ маманның кәсіби іс-әрекетіне қажетті меңгерілетін білім 
кӛлемі мен оның қҧрылымының, маман ретіндегі кәсіби қасиеттер мен 
дағдылардың жалпы тҥрде сҥлбелік ӛрнектелуі деп тҥсінуге болады.
Жоғарыда айтылған ой пікірлерді тҧжырымдай келе, маман моделі 
қҧрылымы мен мазмҧнын ҥш бӛлікке бӛлуге болады: зерттелетін маман іс-
әрекеті ӛтетін әлеуметтік-кәсіби фон, мамандардың іс-әрекеттерінің негізгі 
аспектілері, мамандардың іс-әрекеттерінің психологиялық-педагогикалық 
сипаттары. Ал маман моделін қҧру келесі мақсаттарға табысты қол жеткізуді 
қамтамасыз етуге бағытталған: 
- маманның кәсіби әлеуметтік іс-әрекеті мазмҧны мен оны орындаудағы 
білім, іскерлік, дағдылар мен тҧлғалық сапаларды сипатын талдау; 
- білім беру мазмҧнын жобалау ҥшін негізделген бағдарлар мен 
критерийлерді анықтау, қажетті білім, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру 
мен болашақ маманның тҧлғалық сапасын дамытуды қамтамасыз ететін оқу-
тәрбие ҥдерісін ҧйымдастыруда тәжірибелік іске асырылуы; 
- кәсіби даярлау сапасы мен ЖОО бітірушісінің тҧлғалық дамуы 
деңгелерінің барынша осы модель талаптарымен сәйкестігін қамтамасыз ету; 


76 
- ЖОО имиджі мен оның бітірушілеріне берілетін дипломның беделін 
қалыптастыру, оны бітірушілердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін 
қамсыздандыру [191]. 
Зерттеу жҧмысы барысында болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің 
мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігін біртҧтас жҥйе ретінде 
мәдениетаралық қарым-қатынасты оқытуда қалыптастыру моделін қҧрдық. 
Модель болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің кәсіби білімді меңгеру 
ерекшеліктерін ескерумен қатар, олардың кәсіби және тҧлғалық ӛсуіне жағдай 
жасайды. Кәсіби оқытуды мәдениетаралық қарым-қатынас мән-мәтінінде қҧру 
болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік 
қҧзыреттілігінің қалыптасуына негіз болады. 
Болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік 
қҧзыреттілігін қалыптастырудың моделі қҧраушы бӛліктерге, компоненттерге, 
ішкі жҥйелерге бӛлінетін біртҧтас жҥйе ретінде қарастырылады. Сонымен 
қатар, ол: болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық 
коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық 
тәсілдері мен ҧстанымдарын нақтылау, мәдениетаралық коммуникативтік 
қҧзыреттіліктің мәні, компоненттерінің мазмҧндық толықтырылуы мен 
педагогикалық шарттарын анықтау; болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің 
мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастыруды ықпалды 
ҧйымдастыру (кезеңдері, технологиялары, әдістері, формалары, орталары); 
оның критерийлері мен кӛрсеткіштерін анықтау, оның қалыптасуының деңгейін 
бағалау ҥшін диагностикалық әдістемелерді іріктеу, оқыту бағдарламаларына 
тҥзетулер ендіруді қамтиды.
Болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік 
қҧзыреттілігін қалыптастыру моделінің мақсаты олардың мәдениетаралық 
коммуникативтік қҧзыреттілікке қабілеттілігін де қалыптастыруды кӛздейді: 
студенттердің мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігінің мәні мен 
мазмҧнын тҥсінуі; студенттің ӛзінің мәдениетаралық коммуникативтік 
қҧзыреттілігін қалыптастыруға ҧмтылысы, ден қоюы. 
Студент болашақ кәсібін меңгерудегі ӛз мақсаттарының нақтылығын 
саналы тҥрде танумен қатар, қойылған мақсаттардың тҧлғаның мҥмкіндіктері 
мен қабілеттеріне қаншалықты сәйкес келетіндігін тҥсініп, таңдалған мақсатқа 
жетуде бірбеткейлік танытуы тиіс.
Оқыту ҥдерісінде студенттердің білім деңгейлері мен ерекшеліктерін 
ескеру. Зерттеу проблемасына сәйкес жеке (индивидуальдық) тәсілді пайдалану 
келесідей бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, мәдениетаралық 
коммуникативтік 
қҧзыреттілікті 
қалыптастыру 
барысында 
алдымен 
студенттердің коммуникативтік қабілеттерінің деңгейлерін ескеру талап 
етіледі. Екіншіден, жеке тапсырмалар мен жобалар тақырыптарын қҧруда 
студенттердің 
қызығушылықтары 
мен 
бейімділіктерін, 
олардың 
қызығушылықтарын арттыратын іс-әрекеттер тҥрлерін ескермеуге болмайды. 
Егер тақырып қызықсыз әрі кәсіби тҧрғыда маңызды болмаса, тапсырманы 
орындау сапасы тӛмен болуы ықтимал. Ҥшіншіден, болашақ ағылшын тілі 
мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігін табысты 


77 
қалыптастыру ҥшін студенттердің мотивтері мен мақсаттарын зерттеп, сапалы 
деңгейде ескеру, әрі коммуникативтік іс-әрекеттің эмоционалдық тҧлғалық-
мәнді мотивациясын қалыптастыру қажет.
Біріншіден, бірқатар әлеуметтік жағдайларда ағылшын тілі адамдармен 
қарым-қатынас қҧрудың басты қҧралы болу мҥмкіндігі оқытудың 
қосжақтылығын анықтайды: бір жағынан мәдениетаралық қарым-қатынасты 
оқыту мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігі қалыптасқан ағылшын 
тілі мҧғалімдерін даярлау талап етіледі. Екіншіден, мәдениетаралық қарым-
қатынасты оқытудың тілді меңгеруге байланысты ӛзіндік ерекшеліктері бар. 
Осыған байланысты ағылшын тілін оқыту ҥдерісіне ықпал ететін объективті 
және субъективті факторлар бар. Мәдениетаралық қарым-қатынастыоқыту А.А. 
Леонтьевтің тҧлғалық-іс-әрекеттік теориясына негізделген оқыту әдістерін 
таңдауға байланысты [19]. 
Сонымен қатар, ағылшын тілін меңгеру ҥдерісіне оқу жҥктемесінің кӛлемі, 
мәдениетаралық қарым-қатынастыоқыту бойынша апталық сағат саны, топтағы 
студенттер саны, сабақ уақытында студенттердің сӛйлеу ҧзақтығы, оқулықтар 
мен анықтамалық әдебиеттер сияқты объективтік факторлар әсер етеді.
Мақсат – маңызды педагогикалық категориялардың бірі. Ол адам іс-
әрекетінің тәсілдері мен сипатын анықтап, жҥйе қҧрушы факторы сапасында, 
тҥрлі элементтерді анықталған жҥйеге кіріктіруші ретінде кӛрінеді. Мақсат 
мазмҧны кӛп жағдайда оның іске асырылуы, орталары шартымен анықталады. 
Аталған модель: нақты мақсатқа бағытталуымен – болашақ ағылшын 
тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігін «Болашақ 
маманның мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастырудың 
негіздері» атты элективті курс сабақтарының барысында қалыптастыру; 
модельдің барлық блоктары мен ішкі элементтері ӛзара байланысты, әрі 
анықталған мағыналық жҥктемеге ие және болашақ ағылшын тілі 
мҧғалімдерінің 
мәдениетаралық 
коммуникативтік 
қҧзыреттілігін
қалыптастыруға, яғни нәтижеге жҧмыс жасайды, бҧл оның тұтастығымен 
ерекшеленеді.
Маман моделін қҧру бҥгінгі кҥні ӛзекті мәселе болып табылады, оның бір 
себебі қазіргі кезде мемлекеттік кәсіби білім беру стандарттарында міндетті 
компоненттер саны азайтылып, кӛптеген білім беру мазмҧнына қатысты 
мәселелерді шешу жоғары оқу орнының қҧзырына берілуде. Оның себептері: 
- стандарттар нақты әлеуметтік-мәдени жағдайларда жасалады, ал 
сәйкесінше іскерлік сипаттары стандарттың жасалу уақыты аралығына тәуелді; 
- қазіргі әлем жылдам ӛзгеруде, сондықтан алдағы уақытта қоғамның 
нақты талаптары мен маман моделін қҧру, білім беру мазмҧнын ҧдайы 
жетілдіру мен жаңартудың қажеттілігі кҥн сайын ҧлғаюда. 
Зерттеу жҧмысымыздың мазмҧнына сәйкес біз болашақ ағылшын тілі 
мҧғалімдерінің 
мәдениетаралық 
коммуникативтік 
қҧзыреттілігін 
қалыптастыруға бағытталған әрекеттерінің деңгейлік сипаттамасын, яғни әр 
компоненттің деңгейлерге қатысты критерийлерін сипаттауды жӛн кӛрдік. 


78 
Мәдениетаралық 
коммуникативтік 
қҧзыреттіліктіңмaзмҧндық 
сипаттамасын зерттеу арқылы оның ҥш кoмпoнeнтi epeкшeлeндi: 
мотивациялық, мазмҧндық, іс-әрекеттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет