Кудабаева перизат асанбаевна



Pdf көрінісі
бет22/76
Дата18.11.2022
өлшемі2.94 Mb.
#465143
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76
ағылшын тілі

Audio&Video подкастының бір ерекшелігі сӛйлеушінің сӛйлеп отырған 
мәтіні тыңдаушының кӛз алдында жҥріп отырады. Яғни, студенттер тек тыңдап 


66 
қана қоймай, сонымен қатар, оқып отырады. Бҧл әрекет студенттің мәтінді 
толық тҥсінуіне кӛмегін тигізеді.
Мысалы, Episode 1: ―UK life‖ тақырыбан алар болсақ, онда Британияның 
спорттық ойындар тҥрлері туралы айтылады. Айтылып қана қоймай, қосымша 
тапсырмалар беріледі. Яғни, «guessing» тапсырмасы берілген. Әр эпизод 
аяқталған соң, жаттығулар тізбегі (Exercises) беріледі.
Онда 1-7 дейін тақырыпқа қатысты сҧрақтар беріліп, TRUE/FALSE 
тапсырмасы орындалады. Яғни, студент тыңдап отырған мәтіннің 
дҧрыс/бҧрыстығын белгілейді [180]. 
Осы секілді мәдениетаралық коммуникацияға байланысты мәтіндердерді 
студенттерге тапсырма ретінде беруге болады, онда студенттер әр тҥрлі халық 
ӛкілдерінің арасындағы әңгіме, сҧхбат барысында тҥрлі айтылған сӛздеріне, 
мәдениет ерекшеліктеріне, қимыл қозғалыс пен ым-ишара қарым-
қатынасындағы ерекшеліктерге байланысты мәтін соңында берілген әр тҥрлі 
тапсырмаларды орындауына мол мҥмкіндік бар.
Келесі подкасттың тҥрінің ауқымы ӛте кең. Оның біздің елімізде кӛптеген 
қолданушылары бар. Бҧл подкаст LinguaLeo деп аталады. Бҧл подкаст 5 негізгі 
бӛлімдерден тҧрады: 
1. Тапсырмалар. 
2. Жиынтықтар. 
3. Жаттығулар. 
4. Грамматика. 
5. Профиль. 
Аталмыш подкаст белгілі бір уақыт аралығында жаңарып, тҥрленіп, 
тапсырмалары да қызықтай тҥседі. Бҧл подкаст тҥрі жаттығулардың барлық 
тҥрлерін кең ауқымда қамтыған, яғни, қолданушының барлық танымдық 
әрекеттеріне бағытталған. Кіріспесіде алдымен қолданушының тілдік деңгейін 
тест арқылы анықтап, соған байланысты кҥнделікті жаттығулар мен 
тапсырмалар беріп отырады. 
Болашақ мамандардың мәдениетаралық қҧзыреттілігін қалыптастырудың 
ӛзектілігі мен қажеттілігі қазіргі жастардың басқа мәдениет ӛкілдерімен 
ғаламтор желісіндегі тҥрлі сайтта байланысының қарқынды ӛсуімен 
айқындалады. Сол себепті, болашақ мамандардың басқа халықтар ӛкілдерімен 
дҧрыс әрі тиімді мәдениетаралық қарым-қатынас орнату ҥшін олардың 
даярлығы жоғары деңгейде болғаны абзал. Бҧл ретте, әр тҥрлі мәдениеттер 
ӛкілдерінің арасында тҥсініспеушіліктің негізгі себептері лингвистикалық 
аспектідегі қателердің болуынан емес, мәдениетаралық қарым-қатынастағы 
стратегиялық қателер мен бӛтен елде мінез-қҧлық нормаларының ережелерін 
білмеу, қимыл қозғалысы мен ым-ишара қарым-қатынасы белгілерінің 
мағынасын ажырата алмау салдарынан болатынын ескеру қажет[181]. 
Студенттердің 
мәдениетаралық 
коммуникативтік 
қҧзыреттілігін 
қалыптастыру 
мақсатында 
«Болашақ 
маманның 
мәдениетаралық 
коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастырудың негіздері» атты элективті 
курс бағдарламасын енгізу жӛнінде алдыңғы бӛлімде сӛз қозғайтын боламыз. 
Аталған курс мазмҧнына әр тҥрлі мәдениеттердегі ым-ишара мен қимыл 


67 
қозғалыстарының ерекшеліктерін айқындау сипатталған болатын, пән 
силлабусының ішінде дәрістер тақырыбының бірі осы мәселеге арналған. 
Аталған дәріс мәтіні Қосымша Ә-де кӛрсетіледі. Дәріс тақырыбы: «Әр тҥрлі 
елдер мәдениетіндегі қимыл, ым-ишара қарым қатынасы». Аталған дәрісте ым-
ишара қарым-қатынасындағы негізгі ҧғымдарға тҥсінік беріле отырып, тҥрлі 
елдер мәдениетіндегі адамдар арасындағы жиі кездесетін ым-ишара белгілерін 
топтастырып, мағынасына қарай жҥйелеп сурет тҥрінде кӛрсетілген (сурет 11).
Сурет 11- Ым-ишара қарым-қатынасының бірыңғай жҥйесі
Дәріс мәтінінде әр тҥрлі елдегі ым-ишара мағынасы сипатталып 
жазылған. Осы тҧста біздің айтқымыз келіп отырғаны, подкаст заманауи 
технологиясын пайдалана отырып, ым-ишара қарым-қатынасының бірыңғай 
жҥйесі бейнеленген суретті студенттер ӛз смартфонына жҥктеп алып, шет елге 
шығып жатқан жағдайда әбден пайдалануына мол мҥмкіндік бар. Аталған сурет 
аудиоподкаст тҥрінде жҥктеледі. Академиялық ҧтқырлық немесе кез-келген 
бағдарлама бойынша шетелге шыққан кез келген білім алушы болсын, 
оқытушы болсын іскер азаматтар немесе жай ғана қарапайым халық бҧл суретті 
ӛз қажетіне қарай қолдана алады.
Жоғарыда 
аталған 
подкасттардың 
смартфондағы 
кӛріністері 
қосымшадакӛрсетілген. Суретте кӛрсетіліп отырғандай алдымен миға шабуыл 
тапсырмасы орындалады. Сол арқылы жаңа сӛздерді меңгерту мақсатында 
білім алушыға аударма, қҧрастырма, тыңдау арқылы аудару, сӛзді әріптеп жазу 
сияқты тапсырмалар беріледі. Бҧл подкасттың тағы бір ерекшелігі тіл 
игерушілердің ӛз тілінде белгілі бір тақырыпты талқылағаны жайлы бейне 
жазбалары беріліп отырады. Бҧл бейне жазбалар TedTalks деп аталатын бӛлімде 
орналасқан. Бейне жазбаларда әлемге әйгілі әнші де, жазушы да, журналист 
немесе бизнесменнің сӛзі жазылуы да мҥмкін. Яғни, бҧл подкасттың 
қолданушының тағы бір қызығушылығын тудыратын ерекшелігі осында. 


68 
Сонымен қатар, мәтіндер, мәтіндерге қатысты тапсырмалармен қатар, 
грамматикаға ерекше мән берілген. 
Қорыта айтатын болсақ, подкаст заманауи технологиясы студенттердің 
мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастыруда заманауи 
технологиялардың ішіндегі ең озық тҥрі десе болады, оқытушының мҧндағы 
міндеті студенттерге сабақтың тиісті кезеңінде ҧтымды пайдалана білуі болып 
табылады. 
Студенттердің 
мәдениетаралық 
коммуникативтік 
қҧзыреттілігін 
қалыптастыру жҧмысының тиімді ӛтуі ағылшын тілі сабақтары барысында кейс 
стади технологиясын қолдануымен сипатталады.
«Сase» сӛзі ағылшын тілінен «жағдай», «жағдаят» деп аударылса, 
«технология» – қандайда бір ғылымда қолданылатын интеллектуалдық 
қҧралдардың, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Шетелдік әдебиеттерге, 
еңбектерге жҥгінетін болсақ, оларда бҧл технологияны «case study method» деп 
берген, ал ол сӛзбе сӛз аударғанда «кейс стади амал–тәсілі» деген ҧғымды 
береді. 
Бҧл технологияның басты ерекшелігіне білім берудің басқа 
технологияларымен біріктіріп, қосып, тиімді тҥрде жҥргізу жатады. Кейс-
технологияны қҧрастыру басты-басты мынандай принциптерге сҥйене 
отырылып жасалынды: 
1) Модeльдеу - модельдік ситуацияны қҧрастыру; 
2) Жҥйелік талдау - қойылған мәселелі жағдайды талдау; 
3) Экспериментті ойлау, жобалау-білім алу әдісін және «ситуация» әдісімен 
ойлап ӛзгерту; 
4) Сипаттау әдісі-сипаттау ситуациясын қҧру; 
5) Проблемалық есептер - мәселелі жағдайдың негізін қҧраушы проблемаларды 
шешу жолдары; 
6) Жіктеу әдісі- ситуацияны қҧрастырушы қасиетін, жақтарының реттік санын 
қҧрастыру; 
7) Ойын әдісі-ситуациядағы басты кейіпкерлердің нҧсқаларын кӛрсету; 
8) Миға шабуыл - ситуацияға қатысты идеяларды дамыту
9) Дискуссия-мәселені шешу барысындағы пікір алмасу[182]. 
Кейске қойылатын талаптар: 
- анық, нақты, тҥсінікті мазмҧндалуы керек; 
- мәселелігімен, оның ең басты ӛзегін мәнерлеп, айқын кӛрсету; 
- жағымды, жағымсыз жақтарында мысалмен кӛрсете білу керек; 
- студенттердің талабына сәйкес таңдап, керекті мазмҧнын, ақпараттарды 
жеткілікті беру; 
- проблемалық ситуацияның айқындығы, оның біліктілігі. 
Кейс стади технологиясының басты рӛлі студенттердің шығармашылық 
белсенділігін арттыра отырып, сӛйлеушінің сӛйлеу мәдениеті мен ойлау 
қабілетін дамыту. 
Кейс стади технологиясын нақты жағдаяттар талдау әдістемесі деп те 
атауға болады. Бҧл әдістеменің мәні едәуір қарапайым: оқытуды ҧйымдастыру 
ҥшін нақты жағдаяттарды бейнелеу қажет. Білім алушыларға шыни ӛмірлік 


69 
жағдаят талдауға беріледі. Берілген жағдаят тек практикалық мәселені 
бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар сол мәселе шешімінде қолданылатын 
білім кешенін анықтайды. 
Кейстің зияткерлік ӛнім ретінде шығатын қайнар кӛзі бар. Бірінші қайнар 
кӛзі ӛмір болып табылады. Кейстің негізі ретінде екіншіден білім беру жҥйесі 
қарастырылады. Ол кейс стади тәсіліне интегралданған басқа әдістердің 
мақсаттары мен міндеттерін айқындайды. Ал кейстің ҥшінші негізі – ғылым. 
Тӛменде кейспен жҧмыс жасауға ҧйымдастырылған тҥрлі әдістерді 
интегралдаудың мҥмкін жолдары кӛрсетіледі.
Кейс стади тәсілімен біріктіре қолданылған әдістер: ҥлгілеу, жҥйелік 
талдау, «Миға шабуыл», пікір–талас,ойын әдісі, мәселелік әдіс,бейнелеу әдісі 
Кейс стади тәсіліндегі сипаты: жағдаят ҥлгісін қҧрастыру, Жағдаятты 
жҥйелі ҧсыну және талдау, Жағдаятқа байланысты ойларды жалпылау, 
Мәселені шешу жолдары туралы ойлармен алмасу, жағдаяттағы 
кейіпкерлердің тҥрлі мінез–қҧлық нҧсқаларын бейнелеу, жағдаяттың тҥп 
негізінде жатқан мәселені айқындау, жағдаятты сипаттау 
Қандайда болмасын жаңа технологияларды білім беру саласында қолдану 
кӛптеген факторларға тәуелді. Сол себепті кейс технологиясын шетел тіліне 
оқыту ҥрдісінде тиімді қолдану, біріншіден, шетел тілі пәні мҧғалімінің кәсіби 
қҧзыреттілігіне байланысты. Екіншіден, бҧл технологияға арналған дайын 
оқыту материалының аздығы немесе жоққа тән болуы. Американ бизнес және 
экономика институтының оқытушысы П.Экман: «In working with cases I worth 
an independence of thinking» –деген, яғни танымның, ойлаудың тәуелсіздігі 
басты назарда болатынын айтады. Сондықтан кейс стади тәсілінде басты назар 
студенттердің ҧсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала қҧрастырылған) 
жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа ӛзіндік баға беріп, ӛзінің ой-пікірін 
нақты әрі толық айтып беруі. Шәкірттің жекетҧлғалық қабілеттерін жетілдіруге 
аударылады. Бҥгінгі шеттілдік білім берудің мақсаты мен нәтижесі 
«мәдениетаралық 
коммуникативтік 
қҧзыреттілігін» 
қалыптастыру 
болғандықтан, кейсте қолданылатын материалдар оқылып жатқан тілдің ҧлттық 
бейнесінде, мәдениеттер арасындағы айырмашылық пен ҧқсастықтарын 
кӛрсететін контекстте болғаны жӛн, себебі шетел тілі жаңа парадигмаға сәйкес 
когнитивтік–лингвомәдени біліктілік деңгейінде оқытылуы тиіс [178]. 
Тӛмендегі кейсті ағылшын тілі сабақтарында мәдениетаралық 
коммуникация тақырыбы аясында ӛтілетін сабақ барысында қолдануға болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет