Куәлік №16507-Ж. Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) иб №15211



Pdf көрінісі
бет73/174
Дата21.10.2023
өлшемі3.54 Mb.
#481329
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   174
vestnik-pedagogika-4-69-2021-dlya-sajta

Ключевые слова: педагогическая квалиметрия, коммуникативная компетентность, навыки, 
оценивание, критерий.
Кіріспе
Жас ұрпақтың мемлекеттік тілде, ұлтаралық 
қатынас тілінде және әлемдік тілдердің бірінде 
еркін сөйлесе алатын, бәсекеге қабілетті білім, 
білік дағдыларының болуы оның халықаралық 
білім мен ғылым саласының жаңалықтарын 
терең игеріп, әлемді тану арқылы өз қабілетін 
ашып, қоғамда өз орнын табуына кең жол 
ашады. «Егер біз бәсекеге қабілетті мемлекет 
ретінде өзімізді көрсеткіміз келсе, онда қазақ
ағылшын және орыс тілдерінде еркін сөйлейтін 
ұлт болуымыз керек» деген сөзді Елбасы 2004 
жылы айтқаны халыққа мәлім (Назарбаев, 2014) 
[1]. Халқымыздың үш тілді білуі қажеттігі тура-
лы осы идеология Қазақстан Республикасында 
білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында [2], «100 
нақты қадам» Ұлт жоспарының 79-қадамында 
[3], Қазақтан Республикасы 2011-2020 жылдарға 
дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасында да 
[4] көрініс тапты. Үш тілде білім берудің жүйесі 
жоғары сыныптар мен ЖОО-да кезең-кезеңімен 
қазақ, ағылшын тілдерінде оқытуға көшу жүзеге 
асырылып, оң нәтижесі көрініп келеді.
Тарих құпиясына тереңірек үңілер болсақ, 
үштілділік саясаты түркі халықтары, соның 
ішінде қазақ халқы үшін аса тың жаңалық емес 
десек те болады. Сонау Алтын Орда заманын-
да, одан да ертеректегі ислам діні келген ІХ 
ғасырлардан белгілі болғандай, түркі тайпа-
лары араб, парсы, шағатай тілдерінде еркін 
хат алысып, сөз маржанын тізіп, поэзиялық 
туынды жазған, бұйрық-жарлық таратып, 
ханға дат айтқан. Шығысында Қытай, баты-
сында ағылшын, төскейінде орыс халқымен 
шекараласып, мемлекетаралық мәселелерді 
дипломатиялық тұрғыда шешкен елдің ұрпағы 
– қазақ халқы үшін көптілділік дипломатиялық 
қасиеттердің бірі боп танылса керек, деген-
мен бабаларымыз сол көптілдікті өз ана тілінен 
жоғары бағаламаған, түркі тілін асқақтата білген. 
Әлемдік жаҺандану заманында да қазақ тілінің 
үштілді білім беру саясаты арқылы басымдық 


74
Білім алушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін квалиметриялық тәсілдер арқылы бағалау
алуын мақсат ету өте орынды. Тіліміздің дамуы 
мен әлеуметтік, қоғамдық қажеттілікпен кеңінен 
қолданысқа ие болуы осы тілді оқыту әдістемесі 
негізінде ғана емес, сонымен қатар бағалау 
жүйесімен де байланысты екені мойындайтын 
жайт. Сондықтан қазақ тілінің шын мәніндегі 
мемлекеттік тіл тұғырына нықтап орнығуы 
үшін білім берудегі бағалау жүйесін, білім 
салаларының әр деңгейіндегі түлектің қазақша 
еркін сөйлей алу сапасын педагогикалық квали-
метрия саласы арқылы нықтай аламыз.
Қазіргі Қазақстан Республикасына қазақ 
тілін жетік деңгейде меңгерген тұлға қажет. Бұл 
– әлеуметтік тапсырыс. Қазақстандық тұлғаның 
мемлекеттік тіл – қазақ тілін жетік меңгеруі 
дегеніміз – тұлғаның қазақ тілінің әлеуетін 
толық қолдана білуі, оны басқа тілдермен са-
лыстыра білуі, өз ойын, соның ішінде ғылыми, 
философиялық тұжырымдарды қазақ тілінде 
жеткізе алу құзыреті. Тұлғаға коммуникативтік 
құзыреттіліктің негізі болып саналатын тілді 
білу құзыреті аса қажет. 
Білім алушының тілді меңгеру құзырет-
тілігіне:
● Ауызша сөйлеу мәдениетінің болуы;
● Естігенін түсіне білуі;
● Оқығанын түсіне білуі;
● Ойын жазбаша жеткізе білуі;
● Естігенін, оқығанын, жазғанын түсініп, 
ой-пікір қалыптастыруы, өз ойын басқаларға 
ұтымды жеткізе білуі;
● Ғылыми коммуникацияға түсіп, зерттеу 
жүргізе білуі;
● Алған білімін өмірде қолдана білуі жатады. 
Қазіргі қазақтілді мектептерде қазақ тілі пәні 
лингвистикалық білімді бірінші орынға қой май, 
тілді қолдану машығын үйретеді. Пәнді оқыту 
коммуникативтік құзыреттілікке бағыттал ға-
ны мен, қазақ мектебіндегі оқушылардың қазақ 
тілінің құрылымын, лингвистикалық заңды-
лығын меңгеруінде кемшін түсіп жатқанын 
соңғы зерттеулер көрсетіп отыр. Дұрысында, 
қазақ тілі пәні лингвистикалық білім беруді 
қайта қолға алуы керек деп санаймыз. 
Ал, керісінше, қазіргі өзгетілді (орыстілді) 
мектептердегі қазақ тілі көп жағдайда тек грам-
матикалық тұрғыда оқытылып, коммуника тивтік 
құзыреттілікке бағытталса да, нәтижесі көңіл 
қуантарлық емес. Осы себептен қазақ тілінде са-
уатты оқып, жазып, жалпы ойды түсіне алатын 
мектеп түлегі сөйлеуге келгенде қатты қиналады, 
қазақ тілінде сөйлей алмайды. Сондықтан мек-
теп бітіруші түлектердің қазақ тілін меңгеру 
деңгейін оқыту тіліне қарамастан, ҚАЗТЕСТ 
жүйесінің жаңа форматы бойынша дайындалған 
емтихан сұрақтарымен өлшеу қажет. Жаңа фор-
мат бойынша емтихан барысында оқушының 
қазақ тілінде еркін сөйлеуі, өз ойын толық 
жеткізе алуы, сауатты жаза алуы, белгілі бір 
тақырып бойынша пікірі тыңдалып, бағаланады. 
Бұлайша бағалау түлектің қазақ тіліндегі 
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. Коммуникативтік құзыретке 
ие түлек – мемлекетіміздің болашағы. Түлек-
тер дің тілді білу деңгейін бағалау арқылы 
мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтеміз. 
Осылайша ҚАЗТЕСТ жүйесін еліміздегі білім 
беру жүйесінің құрамдас бөлігіне айналдырып, 
білім деңгейін бағалаудың квалиметриялық 
өлшемшартын әзірлейміз. 
Орта білім жүйесінде қазақ тілін білу, мең-
геру, қолдану деңгейін анықтайтын, жетіл ді-
рілген тәсілдер мен әдістер бойынша дайын-
далған шынайы бағалап сертификаттау жүйесі 
осыған дейін болмаған. Осыған байланысты 
тұлғаның қазақ тілінен алған білімі мен тілді 
меңгеру деңгейін өлшеп бағалайтын, орта мек-
тепті бітіргенде аттестатпен бірге қазақ тілін 
меңгергенін дәлелдейтін сертификат алып шығу 
жүйесін енгізуді қолға алуымыз керек. Әлемдік 
тәжірибеде тұлғаның тілді меңгеру деңгейін 
анықтау оқытуды бағалаумен байланысты 
түсін діріліп келді, алайда оқыту жүйесі бағалау 
жүйесімен біртұтас болғанымен, бағалау жүйесі 
оқытудан әлдеқайда күрделі үдеріс екендігі 
анықталып отыр. Тілді бағалау жүйесінің өзіндік 
қыр-сыры, ескеретін ерекшеліктері, оңтайлы 
әдіс-тәсілдері жан-жақты қарастыруды қажет 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет