Куәлік №16507-Ж. Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) иб №15211



Pdf көрінісі
бет75/174
Дата21.10.2023
өлшемі3.54 Mb.
#481329
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   174
vestnik-pedagogika-4-69-2021-dlya-sajta

Әдебиетке шолу
ХХІ ғасырдың басында отандық статистика 
саласында сапаны зерттейтін квалиметриялық 
тәсіл қолданыла бастады. Ал қазір осы тәсіл 
білім беру жүйесінде педагогикалық квали-
метрия (немесе білім квалиметриясы) деп 
аталып, ғылыми индустрияны дамыту үшін 
қолданысқа енгізілді. Осы мақсатпен Ы. Алтын-
сарин атындағы Ұлттық білім академиясында 
2021 жылы Педагогикалық квалиметрия және 
халықаралық зерттеулер орталығы ашылып, 
өз қызметін бастады. Педагогикалық квалиме-
трия және халықаралық зерттеулер орталығы 
қызметінің мақсаты – Қазақстан Республикасы 
білім беру жүйесінің сапасын педагогикалық 
квалиметрия арқылы айқындау. Білім берудегі 
квалиметрия білімнің барлық саласындағы са-
паны қамтиды. Оған білім беру жүйелерінің 
жұмыс істеу және даму сапасы; оқу-тәрбие 
үдерісі, білім алушылар, оқытушылар кор-
пусы және т.б. жатады. Квалиметрияда білім 
беру үдерісінің сапалық және сандық сипат-
тамасы арасындағы байланысты нақты түсіну 
қажет. Осыған байланысты бағалау, аккредит-
теу, аттестаттау, сертификаттау, лицензиялау, 
әртүрлі деңгейдегі жүйелердегі аудиторлық 
қызмет міндеттері іргелі квалиметриялық және 
бағалау мәдениеті тұрғысынан шешілуі керек. 
Педагогикалық квалиметрияның негізгі міндеті 
– негізгі педагогикалық сипаттамаларды, соның 
ішінде оқушы білімінің сапасын өлшеу әдісін 
құру. Осы арқылы білім алушының білімін тез 
және сенімді бағалауға болады. 
Әлемнің технологиясы дамыған озық елдері 
өнімнің сапасын бақылауға көңіл бөлуі негізінде 
«квалиметрия» терминін экономика, өндіріс, 
дизайн, статистика салаларында ХХ ғасырдың 
басында қолдана бастаған. Америкадағы 
техни каның статистикасы жайлы еңбектерге, 
Жапониядағы сапаны бақылау эволюциясы тура-
лы еңбектерге шолу жасап, сапаны бақылаудың 
дамуы мен эволюциясын екі кезеңге жіктей 
отырып, Мосахико Тамаи «In search of higher 
quality in the Kingdom of Bahrain» деп атала-
тын еңбегінде квалиметрия туралы жан-жақты 
баяндаған (Tamai, 2004: 11) [5]. 
Өндірілген заттың сапасын бақылауда 
нәтижелі болған соң бұл «квалиметрия» ұғымы 
1960 жылдың ортасына қарай білім беру сала-
сында да қолданысқа ене бастады. Кейін 1968 
жылдан бастап профессор А.В. Гличевтің бас-
тауымен сапаны бағалаудың ұқсастық әдісінің 
жалпы әдістемелік негізі қаланды және оның 
теориялық жалпылауының қажеттілігіне жол 
берілді (Гличев, 1998: 54) [6].
Еліміздегі білім сапасын бағалаудың ұлт-
тық жүйесінің мазмұны, оның қағидаттары мен 
жүзеге асыру тәсілдері, Қазақстан Республи-
касын дағы білім сапасын бағалау жүйесінің 
қалып тасу кезеңдері Ж.К. Туймебаев, Т.О. Ба-
лыкбаев, С.М. Омирбаев, И.У. Сагиндиков, Л.Ф. 
Нефедовалардың «Национальная система оцен-
ки качества образования Республики Казахстан: 
принципы и перспективы развития» еңбегінде 
жан-жақты қарастырылады [7]. Квалиметриялық 
және бағалау құзыреттілігін қалыптастыру 
мәселелеріне ресейлік көптеген зерттеушінің 


76
Білім алушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейін квалиметриялық тәсілдер арқылы бағалау
жұмыстары арналған (А.А. Мирошничен-
ко [8], Е.В. Коробейникова [9], А.В. Маль- 
цев [10], Д.А. Примеров [11], Н.Б. Фомина 
[12], Э.Э. Кожевникова [13], В.В. Юшкова [14] 
және т.б.). А.А. Мирошниченко өз еңбегінде 
болашақ мұғалімдерді квалиметриялық даяр-
лау кезеңдерін бөліп көрсетеді (Мирошничен-
ко, 2017: 114) [8]. Жоғарыда аталған авторлар 
жалпы білім беру мекемелері басшыларының
педагогтердің, білім алушылардың және т.б. 
квалиметриялық құзыреттілігін қалыптастыруды 
қарастырады. «Квалиметриялық құзыреттілік» 
пен «квалиметриялық құзырет» ұғымдарының 
беретін мағынасы туралы бірыңғай пікірдің 
жоқтығын атап өткен жөн. Ғалымдар өз ең-
бектерінде оларды кейде синоним ретінде түсін-
діреді. Болашақ педагогтердің квалиметриялық 
құзыреттілігі олардың педагогикалық қызметін-
де квалиметриялық әдістерді сәтті қолдану үшін 
қажет жинаған білімдерінің, дағдыларының, 
машықтарының және практикалық тәжірибесінің 
жиынтығы ретінде түсіндіріледі (Коробей-
никова, 2007: 56) [9]. Педагогикалық жоғары 
оқу орны студенттерінің квалиметриялық 
құзыреттілігі деп квалиметриялық білімді
дағ дыларды, машықтарды және тұлғалық 
қасиеттерін болашақ кәсіби-педагогикалық 
қыз метінде табысты қолдану қабілетін атай-
мыз (Юшкова, 2012: 89) [14]. Зерттеушілер 
тұлғаның құзыреттеріне білім, дағды, машықты 
жатқызғанымен, мүдде, зейін, құндылықтар, 
эмоциялар, рефлексивті ойлау және т.б. сияқты 
адамның тұлғалық психологиялық сипаттама-
ларын ескермейді. Квалиметриялық бағалау 
құзыреттерінің мазмұнында бағалау мен 
өлшеу саласындағы білім мен дағдыларды ғана 
емес, сонымен бірге адамның қабілеттерін
оның құлшынысын, көзқарасын, ерік-жігерін, 
құндылықтары мен басқа да тұлғалық жеке 
қасиеттерін де қарастырған жөн. Бұл мәселені, 
біріншіден, квалиметриялық бағалау құзыретінің 
қалыптасуына негіз болатын психикалық 
қасиет (түйсік, қабылдау, темперамент және 
т.б.) пен тұлғаның сапасын дамытатын орта-
ны арнайы ұйымдастыру арқылы, екіншіден, 
«квалиметриялық бағалау құзыреті» ұғымын 
енгізу арқылы шешуге болады деп санаймыз 
(Панюшкина, 2019: 203) [15].
Бұны адам психикасының жеті саласының 
(зияткерлік, ынталандыру, эмоционалдық, ерік-
жігері, пәндік-практикалық, өзін-өзі реттеу және 
экзистенциалды сала) сипаттамасы кіретін жеке 
тұлға тұжырымдамасының (Гребенюк, 2000: 48) 
[16] аясында қарастыра аламыз. Бағалау үдерісіне 
психикалық саланың барлық компоненті 
қатысады, демек бағалауға қатысатын қажетті 
психикалық салалардың компоненттерін дамыту 
квалиметриялық бағалау құзыретінің дамуына 
мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет