75
Б.Б. Динаева және т.б.
және ауызша сөйлеудегі қарым-қатынас тіл дің
ереже леріне сәйкес талдау арқылы, яғни қабыл-
дау арқылы қалыптасады. Бұл тілдің күрделі
құрылымын когнитивті,
аффективті және
психомоторлық құзырет шеңберінде қарас ты-
руды қажет етеді. Қазақ тілінің табиғатын, ішкі
тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, әрі линг-
вистикалық, әрі коммуникативтік, әрі таным дық
тест тапсырмаларын құру арқылы түлектің қазақ
тілін меңгеру деңгейін бағалай аламыз.
Дәстүрлі лингвистикалық тестілеу әдістері
бойынша тілдің құрылымдық грамматикасын
білуі деңгейін анықтауға
негізделген тест тап-
сырмалары әзірленеді. Коммуникативтік тест
тапсырмалары қатысым жағдаяттарында пай-
даланылатын тілдік материалдарды екшеп,
сұрыптап ала отырып, сол материалдар негізінде
оқушының тілді
қатысымдық мақсаттарға қол-
дана алуын тексеруге бағытталады. Коммуни-
ка тивтік тестілер қатысымдағы лексика-грам-
матиканы, тыңдап ұғуды,
оқып ұғуды, жазып
ұқтыруды, айтып ұқтыруды бағалауға бағыт-
талған тест тапсырмаларының кешенді жиын-
тығынан тұрады. Біздің бағалауға ұсынатын тест
тапсырмаларымызда қазақ тілінің лексика-грам-
матикасы Қазтест жүйесіндегідей арнайы бөлік
ретінде емес,
Тыңдалым, Оқылым, Жазылым,
Сөйлесім бөліктері
тапсырмаларының ішінде
жүреді.
Мақаламызда қойылған міндеттерді шешу
үшін отандық және шетелдік педагогикалық,
психологиялық және философиялық әдебиет-
тер ді зерделеу
негізінде зерттеу мәселесін
тео риялық талдау; зерттелетін проблеманың
базалық ұғымдарын айқындау мақсатында
ақпа раттық-іздестіру жүйелеріндегі іздеу нәти-
же лерін
талдау және
жинақтау;
ұғымдық-
терминологиялық
талдау әдісі;
жалпылау,
мо-
дельдеу әдістерін қолдандық.
Достарыңызбен бөлісу: