Куәлік №16507-Ж. Журнал жылына 4 рет жарыққа шығады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) иб №15211



Pdf көрінісі
бет74/174
Дата21.10.2023
өлшемі3.54 Mb.
#481329
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   174
vestnik-pedagogika-4-69-2021-dlya-sajta

Зерттеу материалы және әдістері
Қазақ тілін үйренушінің басты мақсаты – 
қазақ тілінде өз ойын ауызша және жазбаша 
жеткізе алатындай дәрежеде игеру. Осыған бай-
ланысты қазіргі кезеңде тіл үйретудің әлемдік 
тәжірибесінде ең тиімді бағыт ретінде сөйлеу 
әрекетінің түрлерін өзара сабақтастықта, белгілі 
бір жүйеде пайдалана отырып, тілді деңгейлер 
бойынша оқытып үйретудің әдістемесі алдыңғы 
қатарға шықты. Бұл әдістеме, ең алдымен, оқыту 
материалдарын «қарапайымнан күрделіге қарай» 
ұстанымы бойынша орналастыру арқылы тілді 
үйренудің оңтайлы екендігін, тілдік дағдыларды 
қалыптастырудың тиімді жолдарын айқын 
дәлелдеп берді.
Жазбаша және ауызша сөйлеу белгілі бір 
тәр тіппен және жүйемен жүреді. Жазбаша 


75
Б.Б. Динаева және т.б. 
және ауызша сөйлеудегі қарым-қатынас тіл дің 
ереже леріне сәйкес талдау арқылы, яғни қабыл-
дау арқылы қалыптасады. Бұл тілдің күрделі 
құрылымын когнитивті, аффективті және 
психомоторлық құзырет шеңберінде қарас ты-
руды қажет етеді. Қазақ тілінің табиғатын, ішкі 
тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, әрі линг-
вистикалық, әрі коммуникативтік, әрі таным дық 
тест тапсырмаларын құру арқылы түлектің қазақ 
тілін меңгеру деңгейін бағалай аламыз.
Дәстүрлі лингвистикалық тестілеу әдістері 
бойынша тілдің құрылымдық грамматикасын 
білуі деңгейін анықтауға негізделген тест тап-
сырмалары әзірленеді. Коммуникативтік тест 
тапсырмалары қатысым жағдаяттарында пай-
даланылатын тілдік материалдарды екшеп, 
сұрыптап ала отырып, сол материалдар негізінде 
оқушының тілді қатысымдық мақсаттарға қол-
дана алуын тексеруге бағытталады. Коммуни-
ка тивтік тестілер қатысымдағы лексика-грам-
матиканы, тыңдап ұғуды, оқып ұғуды, жазып 
ұқтыруды, айтып ұқтыруды бағалауға бағыт-
талған тест тапсырмаларының кешенді жиын-
тығынан тұрады. Біздің бағалауға ұсынатын тест 
тапсырмаларымызда қазақ тілінің лексика-грам-
матикасы Қазтест жүйесіндегідей арнайы бөлік 
ретінде емес, Тыңдалым, Оқылым, Жазылым, 
Сөйлесім бөліктері тапсырмаларының ішінде 
жүреді. 
Мақаламызда қойылған міндеттерді шешу 
үшін отандық және шетелдік педагогикалық, 
психологиялық және философиялық әдебиет-
тер ді зерделеу негізінде зерттеу мәселесін 
тео риялық талдау; зерттелетін проблеманың 
базалық ұғымдарын айқындау мақсатында 
ақпа раттық-іздестіру жүйелеріндегі іздеу нәти-
же лерін талдау және жинақтау; ұғымдық-
терминологиялық талдау әдісі; жалпылау, мо-
дельдеу әдістерін қолдандық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет