Кураторлық сағат: Тақырыбы: «Отбасылық құндылықтар-ұлттық құндылық» Мамандық: 0105000 «Бастауыш білім беру»



бет2/2
Дата13.12.2022
өлшемі82.81 Kb.
#467190
1   2
КУР ЧАС ТК 1 (1)

Қаулы қабылданды:

Берілген мәлімет іске асырылсын




Топ жетекшісі: Парманқұл Д.С.

Хатшы:
ТК-221 (г) тобы бойынша кураторлық сағатқа қатысқан білім алушылардың тізімі




ФИО студента

Қатысқандары

1

Абдыхан Аяулым Құрманәліқызы

+

2

Ануарбек Индира Құралқызы

+

3

Аптыхалық Айжан Бахтиярқызы

+

4

Арибжанова Лабар Шавкатжановна

-

5

Асилбек Махаббат Алимжанқызы

+

6

Абдиханова Ұлсана Ерланқызы

+

7

Әмірсейіт Гүлизат Нұрлыбекқызы

-

8

Әшірәлі Шынар Шерәліқызы

-

9

Әліш Назерке Дінмұханбетқызы

-

10

Бегебат Сара Дінмұхамедқызы

-

11

Бижігіт Анар Байтемірқызы

-

12

Досназарова Одинахон Сапарқызы

-

13

Еркебай Зарина Бекзатқызы

-

14

Жамалханқызы Ақмарал

-

15

Иманбердиева Нағима Айбековна

-

16

Кулахметова Сабохат Бахадырқызы

+

17

Мусурман Ирода Шавкатқызы

-

18

Мухамедали Аяулым Нурланкызы

-

19

Нұғыманқызы Ақниет

-

20

Орынбек Анел Бағдәулетқызы

-

21

Орынбек Жанел Бағдәулетқызы

-

22

Орынбекова Айгүл Хусанқызы

-

23

Садибекова Улбосын Сейдахметовна

-

24

Сүгірәлі Дилназ Нұралықызы

+

25

Сұлтанбек Айдан Сұлтанбекқызы

-

26

Тұрсынбай Әлия Жамалқызы

+

27

Тұрғанбай Жансезім Аянқызы

+

28

Түймебай Меруерт Досмұханқызы

+

29

Тойлыбай Гүлдиана Даниярқызы

+

30

Тәңірберген Бибінұр Бауыржанқызы

+

31

Шангбаева Дана Ермаханқызы

+

32

Абдыхан Аяулым Құрманәліқызы

+

33

Ануарбек Индира Құралқызы

+

34

Аптыхалық Айжан Бахтиярқызы

+










Отбасылық құндылықтар-ұлттық құндылық

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Демек көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік. 


Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағи­­дат қай дәуірде болсын өзгер­ген емес, өзгермек те емес. Елбасы «От­басы – Қазақстан қоғамы­ның дің­гегі, экономикадағы, мәдениет­тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе­ленің біздің қоғам үшін маңы­зын көрсетіп берді. 
Тәуелсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағы­тында қыруар шаруа атқа­рыл­ды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білім­ді ұрпақ қалыптастыруға бағыт­талған сындарлы саясатының нәти­ж­есінде ана мен баланы қолдау бойын­ша бағдарламалық құжаттар, гендер­лік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты. Басқасын айтпағанда көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл са­йын артып, көптараптанып келе жатқанын аңғару қиын емес. 
Бұл мақсаттарға тек 2017 жылғы республикалық бюджеттен 149,7 млрд теңге қаржы қарастырылған және ол жыл сайын кемінде 15%-ға артып келе жатыр. Әр жылы өтетін «Мерейлі отбасы» бай­қауын­да еліміздегі ең үлгілі отбасы­лар­дың өмірі насихатталып, түрлі айтулы марапатқа ие болуы да елі­мізде дәс­түрге айналған. Әрине отба­сы­­лық саясаттан бөлек отбасы­лық құн­дылықтар деген бар. Ол хал­қы­мыздың тарихымен бірге қай­нап, пісіп шыққан отбасылық дәстүр­лер, отбасы мәдениеті мен этикасы. Отбасының қалыптасуына, қоғам­ның қалыптасуы тікелей байланыс­ты. «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар рөлін айқындап тұрғандай. 
Қазақтың тарихында киелі отба­сының қасиетті ұрпақтары туралы, олардың ел өміріндегі алатын орны, сіңірген еңбегі, қалдырған рухани байлығы, үлгі боларлық тірліктері, өнегелі өмірлері туралы мысалдар көп. Уақытында бізге бай, феодал ретінде оқытылған Құнан­байдың өзі тегін адам болмаған­дығын еліміз егемендікке жеткенде ғана білдік. Кішкене артық сөйлеп кетіп «Мен сізден оздым әке, мені бүкіл қазақ таниды» деген Абайға, «Е, Абай, сен менен оздым деуің үшін әуелі мен құсап өзің сияқты ұл тудырып ал» деген сөзі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын өнегелі сөз емес пе? 
Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтары құлдырауға ұшырап бара жатқаны ащы да болса ақиқат. Қазіргі уақытта өмірге келген біздің балалары­мыз­­дың кіндігін кім кеспей жүр, бұ­рын жерге ғана көмілетін сол кін­дік қайда қалмай жатыр? Басқа­сын айтпағанда ұлдарымыздың сүндет тойын, мұсылмандыққа қадам басу сәтін қай жер болса, сол жерде, арақ-шарап араластырып, ысы­рап­­шыл­дықпен өткізуіміз қай ата­дан қал­ған дәстүрімізде бар еді? Өкініш­­­тісі, той өткізу бәсекеге ай­на­­­­лып, құдалық даңғазалыққа ұла­­­сып бара жатыр. Сол қыруар шы­­ғын­­ның үйленген жастардың ба­­қы­­ты­на емес, бақталастығына ай­­на­­лып, ақыры жақсылыққа апармай жат­­қан­дығын да көріп жүрміз. Бұған дәлел ретінде неке құрған жас отба­сы­­лардың арасындағы ажы­­ра­­су­­д­ың кейінгі жылдары аса қауіп­ті деңгейге жеткенін айтсақ та жеткілікті. Әрісінде қаншама адамның тағдыры бар. Қаншама жас сәбидің көз жасы, көңіл наласы бар. Әкесіз тәр­биеленген ұл мен қыздың жарым­жан тағдырына жалпы қоғам болып жауапты екенімізді ұмыта бас­т­а­ған сыңайлымыз. Батыстық оңа­шалаудың әсерінен бе, кейінгі кезде біреудің отбасындағы мәселеге мүл­дем бейжаймыз. Әркімнің жеке басы­ның шаруасы дейтінді шығар­дық. Әке мен шеше тым балажан бо­лып алды. «Ішіме сыйған бала сыр­­тыма да сыяды» деген сөз бүгінгі ата-ана­ның басты уәжіне айналған. Осы бір сұрқия сөздің қай дәуірден жет­­кенін кім білсін?... Астарынан жау­­гер­шілік заманның салқыны сезі­ле­ді. Ендеше бүгінгідей бейбіт заман­­­да мұн­­шалықты салмағы ауыр сөзге ар­­қа сүйеуіміз бекершілік екенін білсек.
Жоғарыда атап өткеніміздей, от­басылық өмір салтының құлдырап, құнсыздануы жалпы әлемдік тенденция. 2016 жылғы ажырасулардың деңгейі бойынша алғашқы ондыққа енетін елдердің басым бөлігі экономикасы дамыған Еуропа елдері екен. Зерттеушілер тіпті дәстүрлі құндылықтарын берік ұстанатын мұсылман елдеріне де бұл індеттің кең тарай бастағанын айтады. Бірақ бұл өркениетті елдердің өресін көрсетпейді. Дамыған сайын сол елдерге бар жағынан ұқсас болуымыз керек деген де дұрыс емес. Қайта әлем­дегі ең дамыған сегіз елдің қатары­на ене отырып өз салты мен дәс­түрін, рухани құндылықтарын, отба­сындағы мәдениетін сақтап отыр­ған Жапония, Оңтүстік Корея сияқ­ты елдерге еліктегеніміз жөн болар. Қандай бай, қаншалықты биік дәрежеде тұрса да иіліп сәлем салып тұрған, жымиып байсалдылық танытқан жапондық, не корей азаматын көріп тұрып таң қаласың. Алысқа ұзамай-ақ өзіміздің тамыр­лас туысымыз, көршілес өзбек халқы­ның кішіпейілділігі мен ең­бек­қор­лығы, үнемшілдігі, үлкенге құр­меті баршаға үлгі болатын ақ нәрсе. Сол көршілес жатқан Өзбек­стан­да некенің бұзылу деңгейі 10%-дан аспайды екен. Бұл елде де қиын­шылықтар бастан асады, тұрмысы төмен отбасылар да аз емес. Бірақ тұрмыс қиыншылығынан гөрі өзбек ағайындарда ар-ұят, намыс, ұрпақ­тың тағдыры биік тұрады. Бұл да отбасындағы тәрбиенің біз­дің қоғамымыз үшін қаншалықты ма­ңыз­дылығын көрсетсе керек. Тиі­сін­­ше әр елдің аталмыш мәселе­нің алдын алу үшін қоғамдық дең­гей­де көтерген бастамалары мен мем­ле­кеттік бағдарламалары бар.Бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Бала­ның тағдыры анаға тікелей байланысты. Соңғы кезде жаңа ғана туған баласын сәбилер үйінің алдында қалдырыпты, күл-қоқыстың арасына тастап кетіпті деген ақпараттарды көп естиміз. Көңіліміз құлазиды. Өзі туған сәбиін керексіз бір зат сияқты лақтырып кету үшін қандай адам болу керек? Баласын тастап кеткен әйелді де, сондай жағдайға душар еткен еркекті де ақтап алу мүмкін емес.Отбасылық саясатты қалып­тас­тыруда атқарылатын шаруалар әлі көп. Отбасылық құндылықтарды насихаттау және көп балалы отбасыларды ынталандыру бағытындағы жәрдемақы түрлерін әр кезеңнің талабына сай жетілдіріп отыру маңыз­ды мәселе. Мысалы, бес бала немесе бес баладан көп баланы дүниеге әкелген аналарға айлық еңбекақы тағайындау арқылы олардың ең­бек өтілін сақтап қалу мүмкіндігін қарастыру маңызды шаралардың бірі болар еді. Бұл өз кезегінде қоғам­да көп балалы отбасы болудың беде­лін бекемдеп, абыройын арттырары хақ. Аталмыш жәрдемақы түрінің әлеуметтік маңызын да ешкім жоққа шығара қоймас. Себебі бала тәрбиесімен айналысудан қиын, әрі маңызды, пайдалы әрі құнды еңбек бар ма? 
...Бір отырыста төрде отырған абыз ақсақалдың «дінімізден айы­ры­­лып, тілімізді ұмытып, ұлт ретін­де жойылып бара жатқанда бізді аман алып қалған қазақы кең пейі­лі­міз бен ақ дастарқанымыз» деген ұлағатты әңгімесін естіп едім. Түсін­ген адамға астары терең, маз­мұны мәнді сөз. Рас, кейінгі бір-екі ғасырдың төңірегінде қазақ қоға­мы жантүршігерлік зұлматты за­ман­дарды басынан өткерді. Мың өл­дік, мың тірілдік... Елімізді алып бәйтерекке теңеуіміз тегіннен-тегін емес. Замана дауылы сын тезі­не салғанда сол бәйтеректің белі бүгіл­ді, бұтасы үгілді, жапырағы төгіл­ді. Бірақ діңгегі құламай дін аман қалды. Себебі оның тамыры тереңге бойлаған. Тамыр дегені­ңіз – ол біздің өткеніміз, тарих бой­ғы тәжірибе құнарын ұлт бойына дары­тып, сол алып бәйтеректің діңге­гін нықтап, бұтасын көгертіп, жапы­рағын жайқалтатын жалғыз күш.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет