Курсы: , семестрі: Пәннің циклі: бп компоненті: жк


Пәннің академиялық сипаттамасы



бет2/6
Дата23.02.2024
өлшемі481.5 Kb.
#492973
1   2   3   4   5   6
Силлабус ЦАИУ каз 2023

1.Пәннің академиялық сипаттамасы
«Адам дамуының психологиясы» курсы «Жалпы психология» мен «Даму психологиясы» атты екі пәннін қосындысынан тұрады. Бұл курс студенттердің психологиялық дүниетанымы мен көзқарастарын кеңейту және психологиялық таным бойынша білімдерін тереңдету мақсатымен кұрылған және студенттердің психологиялық даярлығы жүйесінде маңызды орын алады. Психика дамуының механизмдері мен заңдылыктарын білу білім саласындағы, сондай-ақ қоғамның басқа да түрлі салаларында жұмыс атқаратын психологтың практикалық іс-әрекетінің негізі болып табылады.
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты: «Адам дамуының психологиясы» курсының мақсаты- студенттердің жалпы психология курсы білімдерін игеру, психологиялық құбылыстарды жүйелі талдау іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру негізінде олардың психологиялык ойлауын дамытуды, сонымен қатар, студенттерді олардың кәсіби психологиялық даярлығын күшейтуге және психологиялық білімнің маңызды салаларының бірі даму психологиясын терең оқып-зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және практикалық білімдермен қаруландыру.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері

  • психологиялық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру;

  • әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдау үрдісінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту;

  • даму психологиясы саласындағы зерттеулерді құрудың әдіснамалық, теориялық және әдістемелік негіздері жөнінде білімдермен қамтамасыз ету.



1.3 Пререквизиттер: Психология тарихы
1.4 Постреквизиттер: Жас ерекшелік психологиясы



    1. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушының қалыптасатын құзыреттері

Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы келесі құзыреттерді қалыптастырады және көрсетеді
Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы келесі құзыреттерді қалыптастырады және көрсетеді

-адам тұлғасы мен іс-әрекетінің даму динамикасы мен құрылымын білу керек;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет