Курсы: 3-курс


Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет2/6
Дата19.04.2023
өлшемі3.67 Mb.
#472427
1   2   3   4   5   6
Камал слайдка (1)

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ғылыми жоба аясындағы зерттеу жүргізу барысында мәліметтер педагогикалық үрдісте оқушыларды үйретудің бастапқы кезеңіндегі жоғары маңыздылығы мен осы кезеңдегі спорттық-педагогикалық технологияларды жобалау (жоспарлау) жағдайлары мен тәсілдерінің жеткілікті түрде жасалғандығы арасындағы объективті қарама-қайшылық баскетболшы оқушыны қалыптастырудағы көкейтесті мәселе болып табылады.
Зерттеудің өзектілігін негіздей отырып, мәселені оңтайлы нәтижелер арқылы шешу үшін бірсыпыра себептерге байланысты тақырыптың шешімін таба қоймаған мәселелерді атап көрсеткен жөн деп білеміз:
- Түркістан қаласы облыс орталығы болған күнге дейін қала көлемінде баскетболдан спорттық үйірмелер аз болатын. Аталмыш кемшіліктерді шешуге ықпалды студенттерге материалдық жағынан қолдау жасалмаған;
- Еліміздің және шетелдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында «Дене шынықтыру және спорт» саласында білім алатын болашақ білімгерлерді мектеп қабырғасынан іріктеу шаралары жалпылама қолға алынбаған;
- Сабақтарда баскетбол бойынша оқушылардың әдіс-тәсілдік қимылдарын қалыптастыру барысында сенімді технологиялық көзқарас жасалмаған;
- Дене шынықтыру пәні мұғалімі мен оқушы арасындағы ақпараттар ағымын тиімді басқару тәсілдеріғ, мәліметтер мен хабарламалар түрінде нақтылана қоймағандықтан, үйрету қарқынын, дене бітімі жағдайы мен спорттық нәтижелерін едәуір төмендетеді.
Зерттеудің мақсаты:

  • Дене шынықтыру сабақтарында баскетбол ойыны әдістемесі негіздеріне

оқушыларды үйрету үдерісінің тиімділігін арттыру;

  • Түркістан қаласындағы жасөспірім мен балалар арасындағы баскетбол

ойынын дамыту;
- Түркістан қаласындағы мектеп оқушылары арасында татулықты нығайтып, жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау мен бұқаралық спортқа деген қызығушылығын арттыру;

  • Мектеп оқушыларына көп жағдайда қолданыла бермейтін (қолдануды

ескермейтін) әдістер мен ынталандыру шараларын (американдық әдіс, жаттығу барысында музыкаларды пайдалану, ойыншыларды айына бір рет баскетбол жайлы фильмдерге апару, түрлі жарыстарға көрермен ретінде қатыстыру, тәжірибелі жаттықтырушылардың мастер класына қатыстыру т.б.) ұйымдастырудағы тәжірибемді жоба аясында ұсыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет