123
сӛйлемді дұрыс оқуына мән беруіміз қажет. Себебі,
сӛйлемнің тыныс белгісі әр түрлі болып келуі мүмкін.
Мысалы:
1. Мынау қоян атыпты.
2. Мынау қоян атыпты!
3. Мынау қоян атыпты?
Сӛйлемді интонациясына қарай түсіндіргенде бір сӛйлем
алып, сол сӛйлемді әртүрлі интонациямен айтып, сӛйлемнің
түрін байқатып, интонацияның мәнін,
ерекшелігін байқатып
түсіндірген тиімді. Сӛйлем мүшелерінің талдану тәртібін әр
уақытта ескертіп отыру керек. Синтаксисті ӛту арқылы
оқушы жазу тілі мен ауызекі сӛйлеу
тілінің маңызын игере
түседі. Оқушыға сӛйлемдегі сӛздердің бәрі грамматикалық
байланысқа түсе бермейтінін, сӛйлемді талдағанда оқшау
сӛздердің сӛйлем мүшесі бола алмайтынын жете түсіндірген
жӛн. Синтаксистік
талдау кезінде оқушылардың тез, дұрыс
талдау дағдысын қалыптастыру керек. Шартты белгілерді
саналарында берік қалыптастыруға күш салу қажет. ―Сӛйлем
мүшелерін ӛткенде, мұғалімнің бір кӛңіл
аударатыны
сӛйлемдегі сӛздердің орын тәртібі. Қазақ тілінде сӛйлем
мүшелерінің орын тәртібі үлкен рӛл атқарады. Баяндауыш
және анықтауыш мүшелердің орны тұрақты болады да, басқа
мүшелердің орны ауыса береді.‖ [53.209].
Достарыңызбен бөлісу: