119
тіркестерін таптырады, бұл сӛйлем мынадай сӛздердің
тіркесінен тұрады: Ол құлақ түреді (қиысу), әлсін-әлсін
құлақ түреді (жанасу); машинаның даусына (матасу);
ақаусыз даусына (қабысу); таза даусына (қабысу); даусына
құлақ түреді (меңгеру).
Мұғалім әр сӛз тіркесінің қандай байланысу формасына
жататынын сұрайды. Сұрақтарға дұрыс жауап алғаннан кейін
қосымшасыз, орын тәртібі арқылы байланысқан сӛз
тіркестерін орын тәртібі
арқылы байланысқан тәсілге
жататынын айтады. Мұғалім сӛйлемдегі
әлсін-әлсін құлақ
түреді, ақаусыз даусына, таза даусына деген сӛз
тіркестерінің
бірі
-
қабысу,
екіншісі
–
жанасу
байланысындағы сӛз тіркестері болғанмен, қосымшасыз
немесе қатар тұрып, орын тәртібі арқылы байланысып
тұрғандықтан, оның осы тәсілге жататынын түсіндіреді.
4. Интонация арқылы байланысу
Бұл тәсіл бойынша сӛйлемдегі сӛздер ӛзара интонация,
яғни дауыс ырғағы арқылы бӛлініп айтылады. Мысалы:
Бұл -
картаға түспеген жер. Жібек – жақсы оқушы деген
сӛйлемдерді қарастыратын болсақ, алғашқы сӛйлемде
бұл
деген сілтеу есімдігінен кейін сәл кідіріс жасалып, іргелес
тұрған сӛзден дауыс ырғағы арқылы бӛлініп айтылады.
Соның нәтижесінде ол не?
деген сұраққа жауап беріп,
сӛйлемнің бастауышы болады. Екінші сӛйлемдегі
жақсы сӛзі
оқушы сӛзімен дауыс ырғағы арқылы ұласып,
жақсы оқушы
деген түрде бір леппен айтылады. Соның нәтижесінде
қандай? Сұрағына жауап беріп, анықтауыш болады. Мұндағы
бірінші сӛйлемнің бірінші сыңары – бастауыш, екінші
сыңары – баяндауыш болғандықтан, немесе жақ, шақ
жағынан
қиыса
байланысып
тұрғандықтан
қиысу
байланысына жатқызамыз да, екінші сӛйлемдегі
жақсы
оқушы тіркесін қабысу байланысына жатқызамыз. Жалпы
алғанда интонация сӛз тіркесіне емес, сӛйлемге тән қасиет.
Алайда, интонация сӛйлем мен сӛз тіркесін ажыратуда
ерекше қызмет атқарады. Салыстыралық:
Ағаш— отын
(сӛйлем),
ағаш отын (сӛз тіркесі
). Бұл — оқушы (сӛйлем
), бұл
оқушы (сӛз тіркесі). Сонымен, интонация сӛз тіркесі
құрамындағы сӛздерді байланысқа түсіретін амалдардың
120
біріне жатады. Бұл тәсілді ӛткенде оқушыларға үлестірме
қағаздарын таратып, әрқайсысымен жеке жұмыс істеуге
болады.
Бұдан кейін осы тақырыптардан ӛрбітіп, сӛз
тіркесінің
байланысу формаларын жақсы меңгерген оқушыға сӛз
тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасын меңгеру
қиынға соқпайды, керісінше, жаңа тақырыпты тез әрі оңай
қабылдайды. Сӛз тіркесін таптастыру тақырыбын ӛткенде
басыңқы сыңарының қай сӛз табынан жасалып тұрғандығы
айтылады, ал бағыныңқы сыңарының қай сӛйлем мүшесі
екендігіне қарап-ақ, оның қандай
қатынаста тұрғандығын
біледі.
Сӛз тіркесі тарауындағы күрделі тақырыптардың бірі –
күрделі сӛздер мен тұрақты тіркестер. Оқулықта осы екі
тіркестің айырмашылығы ғана айтылған. Ұқсас тұлғаларды
сӛз тіркесінен айыруда оқушылар кӛптеген қиыншылықтарға
тап болады. Күрделі сӛздерді сӛз тіркесінен ажырата
алмайды. Тілімізде негізгі мағыналарынан айырылып,
тұрақты тіркеске айналған сӛздерді, атаулық тіркестерді,
сӛйлемнің салалас қатарларын сӛз тіркесімен шатастыратын
жағдайлар кездеседі. Кӛбінесе сӛз
тіркесін, оның байланысу
формалары мен тәсілдерін білмейтін оқушылар оларды бір-
бірінен ажырата алмайды. Сӛз тіркесін күрделі сӛз, тұрақты,
атаулық тіркестерден т.б. ұқсас тұлғалардан ажырату үшін
сӛз тіркесінің негізгі шартын, яғни белгілерін еске салып, сӛз
тіркесіне ұқсас тұлғаларда сӛз тіркесіне тән қасиеттердің
болмайтындығы салыстырмалы түрде түсіндіріледі. Сӛз
тіркесіне ұқсас тұлғалар сӛз тіркесінің бір сыңары, яғни
басыңқы не бағыныңқы сыңары болып, оның құрамына
кіретінін
баса ескертіп, мысалдармен дәлелдейді. Олардың
негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын санамалап
кӛрсетіп, мысалдар арқылы дәлелдейді. Мұғалім сӛз
тіркесінің негізгі белгілерін терең түсіндірсе, сӛз тіркесінің
байланысу формаларын жақсы меңгертсе, онда сӛз тіркесін
ӛзіне ұқсас тұлғалардан ажырату қиынға түспейді.
Достарыңызбен бөлісу: