5 СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:
Ауызша жауап
Бақылау түрі
|
Баға
|
Бағалау критерийлері
|
Ауызша жауап
|
Өте жақсы
95-100;
90-94
баллға сәйкес
|
Студент жауап беру кезінде ешқандай қателік немесе сәйкессіздік жібермегенде қойылады. Пәннің және басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолдана отырып, оқылатын пәннің теориясы мен концепциясына және бағыттарына сүйене отырып критикалық бағалау береді.
|
Жақсы
85-89; 80-84;
75-79 баллға сәйкес
|
Студент жауап беру кезінде маңызды қателік жібермегенде, студенттің өзінің түзетуімен принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, оқытушы көмегімен бағдарлама материалдарын жүйелей білгенде қойылады.
|
Қанағаттанарлық
70-74; 65-69;
60-64; 50-54
баллға сәйкес
|
Студент жауап беру кезінде принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен шектеліп, материалдарды жүйелеуде едәуір қиыншылық танытқанда қойылады.
|
Қанағаттанарлықсыз
0-49
баллға сәйкес
|
Студент жауап беру кезінде принциптік қателіктер жібергенде,сабақ тақырыбы бойынша негізгі әдебиетті қолданбаса, пәннің ғылыми терминологиясын пайдалана алмай, ойсыз, стилистикалық қателіктер жібергенде қойылады.
|
6 Тапсыру мерзімі: 13-апта
7 Әдебиет: -
Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді / Ж.О.Аяпова. Алматы; «Кітап» баспасы.- 2005.
-
Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.Н. Юй.-Алматы: «Эффект» баспасы, 2006.
-
Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005.
-
Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К-ХХІ, 2004.
8 Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер)
Сұрақтар
1. Эмбриогенезде бірінші гемоцитопоэз қайда басталады? Қандай қан жасушалары құралады?
2. Эмбрионалды кезеңде қандай органдарда гемоцитопоэз жүреді және қандай кезеңдерде болады?
3. Эмбрионалды гемоцитопоэздің постэмбрионалдан ерекшелігі?
Тесттер
1. Қызыл сүйектің кемігі ...
А) барлық ағзалардың қызметін реттейді
B) клетка аралық сұйықтың құрамын реттейді
C) қанның құрамын және иммунологиялық гомеостазды реттейді
D) гормон түзеді
Е) фермент синтездейді
2. Тимуста түзілмейтін заттар ...
А) Тимозин
B) В-лимфоциттер
C) Инсулин тәрізді фактор
D) Кальцитонин тәрізді фактор
E) Өсу факторы
3. Эритробластарды ... қоректендіреді
А) эритроциттер
B) фибробластар
C) эндотелоциттер
D) мегакариоциттер
E) макрофагтар
4. Остеогенді клеткалар ... орналасады
А) көк бауырда
B) лимфотүйінде
C) қызыл сүйек кемігінде
D) Бадамшада (миндалинде)
E) тимусте
5. Эпителиоретикулоциттер ... орналасады
А) көк бауырда
B) лимфотүйінінде
C) тимуста
D) бадамшада (миндалинде)
E) қызыл сүйек кемігінде
Есептер
1. Ересек адамдардың қан жасайтын органдарында мегакариоциттер табылған. Бұл қандай қан жасайтын орган? Мегакариоциттер қандай қызмет атқарады?
2. Қызыл сүйек кемігінде дамушы қан жасушалары аралша түрінде орналасады. Бірінші аралшалар макрофагтармен байланысты, екіншісінде макрофагтар жоқ. Бірінші және екінші аралшада қандай қан жасушалары дамиды? Макрофагтар аралшада қандай қызмет атқарады?
№ 14
1. Тақырыбы: Постэмбрионалды гемопоэз
2. Мақсаты:
-
Қан жасаудың унитарлық теориясын талдау.
-
Эмбрионалдық және постэмбрионалдық қан жасалу ерекшеліктерін сипаттау.
-
Қан жасау жасушаларының дифференсация кезіндегі ультрақұрылымдық және гистохимиялық өзгерістерінің негізгі заңдылықтарын түсіндіру.
3 Тапсырма
1 Адам қанындағы пішінді элементтер постэмбрионалды кезеңде қай жерде дамиды. Кестені құрастырыңдар.
Органдар
|
Пішінді элементтердің түзілуі
|
Қызыл сүйек кемігі
|
|
Айырша безі
|
|
Лимфатикалық түйіндер
|
|
Көкбауыр
|
|
Бадамша
|
|
Аппендикс
|
|
Солитарлы түйіндер
|
|
2 Постэмбрионалдық гемоцитопоэздің сызбасын талқылаңдар. Гемопоэтикалық жасушалардың класстарын дәптерге жазыңдар.
3 Бағаналы жасушалардың дифференцировкасын анықтаңдар және негізгі факторларын дәптерге жазыңдар.
4 Орындау түрі: Тест тапсырмаларын орындау
Достарыңызбен бөлісу: |