Курсы және оқу семестрі І / І қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк


СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері



бет8/15
Дата14.06.2016
өлшемі2.92 Mb.
#134355
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
5 СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

Презентация дайындау және қорғау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийлері

Презентация дайындау және қорғау


Өте жақсы

95-100;


90-94

баллға сәйкес



Презентация көлемі 15-20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша терең білімін көрсете білді. Сұрақтарды талқылау барысында ешқандай қателіктер жіберген жоқ.




Жақсы

85-89; 80-84;

75-79 баллға сәйкес


Презентация көлемі 15-20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша білімінің жақсы екенін көрсетті. Сұрақтар-ға жауап беруде аздаған қателіктер жіберіп, оны өзі түзеп отырды.




Қанағаттанарлық

70-74; 65-69;

60-64; 50-54

баллға сәйкес



Презентация көлемі 15-20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнсыз.Сұрақтарға жауап беру кезінде және талқылауда қателіктер болды.




Қанағаттанарлық-сыз

0-49


баллға сәйкес

Презентация белгіленген уақытта тапсы-рылған жоқ, көлемі 15-20 слайдтан аз. Әдебиеттер тізімі 5-тен кем. Слайдтар мазмұнсыз. Презентацияны қорғау кезінде автор көптеген қателіктер жіберді. Өз материалдарынан ауытқып кеткенде қойылады.


6 Тапсыру мерзімі: 8-апта
7 Әдебиет:

  1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді / Ж.О.Аяпова. Алматы; «Кітап» баспасы.- 2005.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.Н. Юй.-Алматы: «Эффект» баспасы, 2006.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005.

  4. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К-ХХІ, 2004.


8 Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер)

Сұрақтар

  1. Тыныс алу жолдарының құрылысының ерекшеліктері.

  2. Кеңірдек және бронхтардың ішін қаптайтын қабаттың қандай жасушалары сілекей өндіреді?

  3. Қандай бронхтардың қабырғасының құрамында бездер және аралша тәрізді шеміршек бар?

  4. Тыныс алу жолдарының қай бөлігі өз қуысын өзгертеді және неліктен?


Тесттер

1. Меншікті мұрын қуысының эпителиінің клеткалары

А) кірпікшелі

B) апикальды-дәнді

C) базальды

D) бокалді

E) призмалы



2. Бронх қабырғасында болмайтын қабат

А) плевралық

B) меншікті пластинка

C) кілегей асты негізі

D) кілегейлі

E) фиброзды-шеміршекті





ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Морфологиялық пәндер кафедрасы



044-42/18


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

3. Өкпенің морфофункциональді бірлігі

А) ацинус

B) бронх

C) альвеола

D) бөлік

Е) сегмент



4. Майда бронхтың секреторлы клеткасының қызметі

А) сурфактантты ыдырату үшін фермент бөлу

B) хеморецепторлық

C) кілегей өндіру

D) пептидті гормон өндіру

E) камбиалды



5. Кеңірдектің көпқатарлы кірпікшелі эпителиі құрамында ... клеткасы болмайды:

  1. Панет

  2. Кірпікшелі

  3. Бокал тәрізді

  4. Эндокринді

  5. Базальді

6. Аэрогематикалық бөгет құрамына кірмейтін элемент:

  1. 1-типті альвеолацит

  2. 2-типті альвеолацит цитоплазмасы

  3. Сурфактант

  4. Базальды мембрана

  5. Эндотелий

7. Кеңірдекте, ірі және орташа бронхыларда мына қабат жоқ:

  1. Бұлшық етті

  2. Кілегейлі

  3. Кілегей асты негізгі

  4. Шеміршекті-фиброзды

  5. Адвентициялық

8. Мұрын қуысындағы қосымша қойнаулар ... жабылған

  1. Көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен

  2. Адвентициялық қабықпен

  3. Сероздық қабықпен

  4. Шеміршек қабықпен

  5. Көпқабатты жалпақ эпителиймен


Есептер

1. Тері кесіндісінде екі ұлпа көрінеді. Біріншісі қан тамырлары бар орган тереңінде жатқан араларында талшықты жасушааралық заттары бар жасушалардан тұрады. Екіншісі беткейінде жатады, қан тамырлары мен жасушааралық заттары жоқ, жасуша пластарынан тұрады. Бұл ұлпалардың қайсысы эпителиалды ұлпаға жатады?

2. Ядролары базалды мембранада әртүрлі орналасқан, бірақ барлығанда базалды мембранамен қатынасы бар жасушалар берілген. Бұл эпителийдің қай түріне жатады?

3. Эпителий пласты берілген: біреулері базалды мембранамен байланысты ал үстінгілерінде байланыс жоқ. Пластың жоғарғы беткейіндегі жасушалары алмұрт пішінді. Бұл эпителийдің қай түріне жатады?







ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Морфологиялық пәндер кафедрасы



044-42/18


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

9



1. Тақырыбы: Сілекей безінің, ауыз қуысының шырышты қабықшаның құрамындағы эпителидің құрылысының ерекшеліктері.

2. Мақсаты:

  • Ас қорыту органдарының қабырғаларының қабаттарын, тіндік құрамын ажырату.

  • Ас қорту органдарының құрылымдық гистофизиологиялық ерекшекліктерін олардың атқаратын қызметтері мен байланысты түрде түсіндіру.

3 Тапсырма

1. Ас қорыту жүйесінің қуысты органдарының жалпы құрылымдық жоспарын.

2. «Шырышты қабық» туралы түсінік.

3. Ұсақ және ірі сілдекей бездерінің жалпы құрылымдық жоспарын.



4 Орындау түрі: Ауызша жауап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет