Курсы және оқу семестрі І / І қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк


СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері



бет3/15
Дата14.06.2016
өлшемі2.92 Mb.
#134355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
5 СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

Ауызша жауап

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийлері

Ауызша жауап

Өте жақсы

95-100;


90-94

баллға сәйкес



Студент жауап беру кезінде ешқандай қателік немесе сәйкессіздік жібермегенде қойылады. Пәннің және басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолдана отырып, оқылатын пәннің теориясы мен концепциясына және бағыттарына сүйене отырып критикалық бағалау береді.

Жақсы

85-89; 80-84;

75-79 баллға сәйкес


Студент жауап беру кезінде маңызды қателік жібермегенде, студенттің өзінің түзетуімен принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, оқытушы көмегімен бағдарлама материалдарын жүйелей білгенде қойылады.

Қанағаттанарлық

70-74; 65-69;

60-64; 50-54

баллға сәйкес



Студент жауап беру кезінде принциптік сәйкессіздіктер мен қателіктер жібергенде, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен шектеліп, материалдарды жүйелеуде едәуір қиыншылық танытқанда қойылады.

Қанағаттанарлықсыз

0-49


баллға сәйкес

Студент жауап беру кезінде принциптік қателіктер жібергенде,сабақ тақырыбы бойынша негізгі әдебиетті қолданбаса, пәннің ғылыми терминологиясын пайдалана алмай, ойсыз, стилистикалық қателіктер жібергенде қойылады.

Презентация дайындау және қорғау

Бақылау түрі

Баға

Бағалау критерийлері

Презентация дайындау және қорғау


Өте жақсы

95-100;


90-94

баллға сәйкес



Презентация көлемі 15-20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша терең білімін көрсете білді. Сұрақтарды талқылау барысында ешқандай қателіктер жіберген жоқ.




Жақсы

85-89; 80-84;

75-79 баллға сәйкес


Презентация көлемі 15-20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, студенттің өз ойымен орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнды және ойлы. Презентацияны қорғау кезінде автор тақырып бойынша білімінің жақсы екенін көрсетті. Сұрақтар-ға жауап беруде аздаған қателіктер жіберіп, оны өзі түзеп отырды.




Қанағаттанарлық

70-74; 65-69;

60-64; 50-54

баллға сәйкес



Презентация көлемі 15-20 слайдтан кем емес, белгілінген уақытында, орындалған. 5-тен кем емес әдебиеттер көзі пайдаланылған. Слайдтар мазмұнсыз.Сұрақтарға жауап беру кезінде және талқылауда қателіктер болды.




Қанағаттанарлық-сыз

0-49


баллға сәйкес

Презентация белгіленген уақытта тапсы-рылған жоқ, көлемі 15-20 слайдтан аз. Әдебиеттер тізімі 5-тен кем. Слайдтар мазмұнсыз. Презентацияны қорғау кезінде автор көптеген қателіктер жіберді. Өз материалдарынан ауытқып кеткенде қойылады.

6 Тапсыру мерзімі: 3-апта
7 Әдебиет:

  1. Гистология: Оқу құралы төрт бөлімді / Ж.О.Аяпова. Алматы; «Кітап» баспасы.- 2005.

  2. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б.Абильдинов, Ж.О.Аяпова, Р.Н. Юй.-Алматы: «Эффект» баспасы, 2006.

  3. Гистология, цитология және эмбриология атласы: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. /П.Қазымбет, М.Рысұлы, Ж.Б. Ахметов.-Астана, 2005.

  4. Гистология: Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К-ХХІ, 2004.




ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Морфологиялық пәндер кафедрасы



044-42/18


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ


8 Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер)

Сұрақтар

  1. Талшықты дәнекер тіндерінің жасушааралық заттарының негізгі құрамдарын атаңдар.

  2. Болбыр және тығыз талшықты дәнекер тіндерінің құрамдық ұйымдасуындағы ерекшеліктерін атаңдар.

  3. Қан түзуші органдардың (лимфатикалық түйін, көкбауыр, қызыл сүйек кемігі) негізін түзуші және дамушы қан жасушасының микроортасын құраушы арнайы дәнекер тіндерінің түрін атаңдар.

  4. Дәнекер тіні мен қанның қандай жасушалық элементтері гомеостаз ұстап тұруға қатысады?

  5. Ақ және қоңыр май тіндерінің құрылымдық және қызметтік ерекшеліктерін түсіндіріндер.


Тесттер

1. Қоңыр май тінінің негізгі функциясы ...

  1. механикалық

  2. жылу бөліп шығару

  3. тіректік

  4. секреторлық

  5. қорғаныстық

2. Кілегейлі дәнекер тіні ... құрамында болады

  1. құлақ маңы безінің

  2. мұрын қуысы кілегейлі қабығының

  3. кіндік жібінің

  4. асқазанның

  5. ішек кілегей қабығының

3. Пигменттік дәнекер тіні ... кездеседі.

  1. көздің қасаң қабығында

  2. көздің склерасында

  3. асқазан кілегей қабығында

  4. көздің нұрлы қабығында

  5. бүйрек түтікшелерінде

4. Ретикулярлық дәнекер тіні ... стромасын құрайды.

  1. асқазанның

  2. қан жасау органдарының

  3. өкпенің

  4. жүректің

  5. бүйректің

5.Тығыз қалыптаспаған дәнекер тіні мыналарда кездеседі ...

  1. Көздің нұрлы қабатында

  2. Сүйектің қызыл кемігінде

  3. Сіңірде

  4. Жұмсақ қабатта

  5. Байламада

6.Плазмоциттерге жақсы дамыған органелла ...

  1. Түйіршікті эндоплазмалық тор

  2. Рибосомалар, полисомалар

  3. Гольджи аппараты



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Морфологиялық пәндер кафедрасы



044-42/18


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ




  1. Митохондриялар

  2. Лизосомалар

7. Фибробластарға жақсы дамыған органелла ...

  1. Бос рибосомалар

  2. Гольджи аппараты

  3. Митохондриялар

  4. Түйіршікті эндоплазмалық тор

  5. Лизосомалар

8. Тығыз қалыптасқан дәнекер тіні кездеседі ...

  1. Терінің торлы қабатында

  2. Сіңірде

  3. Бұлшық етте

  4. Сүйекте

  5. Эпителийде


Есептер

  1. Гематоксилин-эозинмен боялған талшықты дәнекер тінінің екі препараты берілген. Екеуінде жасушааралық затында айқын оксифилия анықталған. Бірақ бірінеші препаратта коллагенді талшықтар бір-біріне параллель, ал екіншісінде ретсіз орналасқан. Тіндері атаңдар.

  2. Лизосомалы маркерлі ферменттік (қышылдық фосфатазаны) анықтайтын арнайы бояуымен боялған болбыр талшықты дәнекер тінінің препараты берілген. Жасушалардың бір бөлігінде осы ферменттің белсенділігі жоғары, жасушаларды атаңдар және оның негізгі қызметі қандай?

  3. Метилді жасыл және пиронинмен боялған болбыр талшықты дәнекер тінінің препараты берілген. Кей жасушалардың цитоплазмасында айқын пиронфилия және ядро маңында ашық (боялмаған аймақ) көрінеді. Жасуша қалай аталады? Қызметтері қандай?

4



1. Тақырыбы: Бұлшықет тіндері. Бұлшықет тінінің жас ерекшеліктері мен қайта қалпына келуі

2. Мақсаты:

  • Бұлшық ет ұлпасына морфофункциональді сипаттама беру.

  • Көлденең жолақты және тегіс салалы бұлшық еттерді ажырата білу.

  • Жылдам және баяу бұлшық еттердің құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіре білу.

3. Тапсырма:

Кестені толтырыңыздар, бұлшықет тіндерінің құрылымдық-қызметтік бірліктерін атаңыздар.



Бұлшықет тіні

Құрылымдық-қызметтік бірлік

Құрылымдық-қызметтік бірліктегі ядроның сандары

Ядролардың орналасу орны (орталығында, перифериясында)

Тегіс










Қаңқалық










Жүректік










4 Орындау түрі: Тест тапсырмаларын орындау. Презентация



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Морфологиялық пәндер кафедрасы



044-42/18


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет