Курсы және оқу семестрі: II курс, III семестр



жүктеу 460.43 Kb.
бет3/3
Дата11.07.2016
өлшемі460.43 Kb.
1   2   3

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Жағдайлық есеп

Екі жұмызшы медпунтке келіп автоклав авариясына балтырының күйікке ұшырағаның айттыШарттары-бастын ауруы,күйік орналасқан жерде-домбығу,ауырсыну. Тексергенде А. науқаста балтырының гиперемиясы,терісі домбыққан, ал Б.науқаста балтырының гиперемиясы,терісі домбыққан және таза сүйықтықпен толған көпіршік аңықталды. Екі науқасқа науқастық қағаз берілді,ал олар емдеу шарттарын орындамаған.

3 күннен кейін А.пациент жағдайы қалпына оралды,ал Б. пациенттің жағдайы нашарлады: ісігі тарап кетті,көпіршіктің іші ірінді ( бактериалды анализ өткізгенде-алтын стафилоккок), дене температурасы 38,9оС.

Сұрақтар

1.Пациенттерде қандай патологиялық процесс дамиды?

2.Екі пациенттін патологиялық процесстін екі түрде өтуі неге байланысты?

3.Б. пациенттің симптомдарының даму механизмі қандай?

6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Гипоксия – бұл ... .

А) дерттік серпіліс

В) дерттік жағдай

С) типтiк дерттік үрдіс

Д) ауру


Е) симптомокомплекс

2.Сыртқы ортада оттегiнiң парциалдық қысымның төмендеуiнен болатын

гипоксия ... деп аталады.

А) циркуляторлық

В) экзогендік

С) тiндiк

Д) қандық

Е) эндогендiк

3.Экзогендiк нормобариялық гипоксия ... пайда болады.

А) желдетiлмеген бөлмеде болғанда

В) барометрлiк қысым жоғарылағанда

С) барометрлiк қысым төмендегенде

Д) ауада рО2 жоғарылағанда

Е) тауға шыққанда

4.Экзогендік нормобариялық гипоксия ... дамиды.

А) жабық бөлмелерде болуда

В) тауға шығуда

С) барометрлік қысымның жоғарылауыда

Д) барометрлік қысымның төмендеуіде

Е) ауадағы рО2 жоғарылауыда

5.Экзогендiк нормобариялық гипоксиядағы қан құрамы өзгерiстерге ... тән.

А) гипоксемия

В) гипокапния

С) алкалоз

Д) гиперлипидемия

Е) гиперпротеинемия

6.Экзогендiк гипобариялық гипоксия ... байқалады.

А) жоғары биiкке көтерiлгенде

В) водолаздарда

С) шахтада

Д) наркоздық аппараттардың бұзылуында

Е) су асты қайықтарда

7. Қызбаның бiрiншi сатысында температураның тез көтерiлiуi ... қабаттасады.

А) бұлшық ет дiрiлi және қалтыраумен

В) терiнiң қызаруымен

С) тахипноэмен

Д) қан қысымының төмендеуiмен

Е) терлеудiң күшеюiмен

8.Қызбаның бiрiншi сатысында ... байқалады.

А) жылу шығарудың азаюы мен жылу өндiрудiң күшеюi

В) жылу өндiру мен жылу шығарудың күшеюi

С) жылу өндiру мен жылу шығарудың азаюы

Д) жылу шығарудың өзгермеуi, жлыу өндiрудiң күшеюi

Е) жылу өндiрудiң азаюы жылу шығарудың күшеюi

9.Қызбаның үшiншi сатысында жылу берудiң жоғарылауы ... байланысты.

А) тер бөлiнудiң жоғарылауымен

В) перспирация үрдiстерiнiң басылуымен

С) зат алмасуыдың күшеюiмен

Д) вазоконстрикциямен

Е) артериялық қысымның жоғарылауымен

10.Қызбадағы дене температурасының кризистiк түсуi ... қауiптi.

А) коллапс дамуымен

В) гипергидратация дамуымен

С) жүрек жиырылуының жиiлеуiмен

Д) қан қысымының артуымен

Е) асқазан iшек жолының күшеюiмен


Әдістемелік өндеу №4

1.Тақырыбы: Өспелер: этиолоия, канцерогенез сатылары. Өспелер: онкогенез концепциясы.

2.Мақсаты: өспелердің дамуымен байланысты жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты

  • канцерогенездің патогенетикалық тізбектерін зерттеу;

  • өспе атипизімінін негізгі түрлерін;

  • қатерлі және қатерсіз өспелердін айырмашылықтарын сипаттау;

  • қалыпты жасушаның өспелік жасушаға трансформация механизмдерін түсіндіру;

  • өспе прогрессиясынын механизімін түсіндіру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Өспелер: жалпы сипаттамасы, заманауи медицинадағы онкологиялық аурулардың мəні.

2. Өспердің биологиялық ерекшеліктері, атипизм түрлері, пайда болуы.

3. Өспелер этиологиясы: химиялық, физикалық, биологиялық ,канцерогендер.

4. Канцерогенез сатылары: инициация, промоция, прогрессия.

5. Химиялық, физикалық жəне вирустық онкогенездің мəні.

6.Онкоген концепциясынын тұжырымдамасы бойынша ісіктер трансформациясынын патологиялық механизмдері.

7. Қатерлі жəне қатерсіз ісіктер: салыстырмалы сипаттама.

8. Өспелер мен организм арасындағы өзара байланысы: метостаз таралу механизмі, өспе кахексиясы жəне қайталануы.

9. Организмнің антибластомалық резистенттілігі, иммундық емес жəне иммундық механизмдері.

10. Өспеалды (обыралды) жағдайлар, өзгерістер.

11. Өспелерді алдын алудың жəне емдеудің патогенездік принциптері.



5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Жағдайлық есеп

46 жасар науқастын шағындары: жиі несеп шығаруы, несеп құрамында қан бар және жалпы адинамиясы.Тексергенде:өспенің өсуы, онда атипиялық жасушалар табылды. Науқас 10 жыл аса тоқыма комбинатының бояу цехнде істеген. Ол цехта анилинды бояуларды қолданады.

Сұрақтар

1.Пациентте өспенің кай түрі дамиды?

2.Өспеге кандай өсуі тән?

6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Өспе этиологиясында химиялық заттардың ролiн алғаш экспериментте

дәлелдеген ... .

А) Ямагива, Ишикава

В) Раус

С) Бантинг және Бест



Д) Шоуп

Е) Л.А.Зильбер

2.Өспелер этиологиясында вирустардың ролiн алғаш экспериментте

дәлелдеген ... .

А) Раус

В) Ишикава

С) Л.М.Шабад

Д) Ямагива

Е) Л.А.Зильбер

3.Ең дұрыс тұжырым – ... болады.

А) канцероген - өспе шақыратын ықпал

В) канцероген - өспе жасуша өндiрiлетiн зат

С) канцероген - онкоген

Д) канцероген - өспе туындататын, тек қана химиялық ықпал

Е) канцероген - онковирустың генi

4.Эндогендi химиялық канцерогендерге ... жатады.

А) оттегінің еркін радикалдары мен азот тотығы

В) хош иiстi көмiрсулар

С) нитрозаминдер

Д) аминоазоқосындылар

Е) қарапайым химиялық қосындылар

5.Қатерлi өспелердiң алғашқы негiзгi белгiсi ... болады.

А) инвазиялық өсу

В) кахексия

С) өспенiң организмге жүйелiк әсерi

Д) қайталануы

Е) Пастер эффектiсiнiң әлсiреуi

6.Тiннiң инфильтрациялық өсуi ... байқалады.

А) қатерлi iсiкте

В) гиперплазияда

С) гипертрофияда

Д) қатерсiз iсiкте

Е) регенерацияда

7.Өспе тiнiнiң химиялық құрылымының қарапайым дамуы ... деп аталады.

А) анаплазия

В) күрделенуi

С) конвергенция

Д) гипертрофия

Е) дисплазия

8.Өспенің қатерлiлiк дәрежесiнiң артуы ... деп аталады.

А) өспенің үдеуi

В) промоция

С) иммортализация

Д) инициация

Е) өспенің трансформация

9.Қатерлi өспелер жасушаларының биохимиялық атипизмiне ... тән.

а) Пастер эффектiсiнiң әлсiреуi

б) нуклеотидтiк полимеразалардың белсендiлiгiнiң жоғарылауы

в) жасушада тiнге арнайы нәруыздар түзiлуiнiң жоғарылауы

г) изоферменттiк қарапайымдану

д) онконәруыздардың қарқынды түзiлуi

А) а, б, г, д

В) б, в, г

С) а, б


Д) б, г, д

Е) а, б, д

10.Қатерлi өспеге тән биологиялық ерекшелiктерге ... жатады.

а) жасушалардың бағынбай өз бетiнше өсiп-өнуi

б) Хайфликтiң бөлiну лимитiнiң жоғалуы

в) экспансиялық өсу

г) түйiсулiк тежелудiң жоғалуы

д) инвазиялық өсу

А) а, б, г, д

В) а, б, г

С) а, б, в, г, д

Д) а, в


Е) а, б, в
Әдістемелік өндеу №5

1.Тақырыбы: Аллергия: жіктелуі, этиологиясы, патогенезі. Аллергия: этиологиясы, сатылары, Джелл и Кумбс бойынша І, ІІ, ІІІ, ІV типті аллергиялық аурулардың патогенездік айырмашылығы.

2.Мақсаты: аллергиялық серпілістердің дамуымен байланысты клиникалық және модельді жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету.

3.Оқыту мақсаты

  • аллергиялық серпілістердің себебі және даму механизмдерін зерттеу;

  • аллергиялық серпілістердің жіктелуін зерттеу;

  • аллергиялық серпілістердің сатыларын білү.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Аллергендер туралы ұғым, этиологиясы, жіктелуі.

2.Аллергиялық аурулардың таралуы, өсу себептері.

3.Сезімталдықтын артуының түрлері. Аллергияның Джелл жəне Кумбс бойынша жіктелуі.

4.Аллергияның сатылары, иммундық реакциялар, патохимиялық, патофизиологиялық (клиникалық көріністері).

5.Анафилаксиялық шок, поллиноз, бронх демікпесі, дəрілік аллергия, сарысу ауруының жалпы сипаттамасы.

6. Аутоиммундық аурулар: анықтамасы, түрлері, біріншілікті жəне салдарлық аутоагрессиялар.

7. Аллергиялық ауруларды этиотропты жəне патогенездік жолдармен емдеудің жəне олардың алдын алудың негізгі принциптері.



5.Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмысты орындау, зерттеу нәтижелерін талқылау.

Жағдайлық есеп

Антибиотикті инъекция түрінде жасап, 20 минуттан кейің, балтыр флегмонасымен аурыатын науқас шағым айтты:қорқыныш сезімі,мазасыздық,бетінің қызаруы,қан қысымы 180/90 мм.с.б.

Ендігі 20 минуттан кейін науқастын жағдайы нашарлады: әлсіздік,есінің шатасуы,қалтырау,қан қысымы 75/55 с.б.

Сұрақтар

1.Пациентте қандай жағдай дамыды?

2.Ем жолдары қандай?



Тәжірибелік жұмыс

Мақсаты: Артюс феноменінің даму механизмін тұжырымдау және көріністерін зерттеу.

Сабақ басталғанға дейінгі 20-30 күн бұрын қоянға 5-6 күн үзілісімен 5 рет 3-5 мл көлемде қалыпты жылқы сарысуын стерильді түрде тері астына қайталап енгізеді. Артюс феноменіне тән тері жамылғысының айқын көріністері кезеңінде қоянды демонстрациялайды. Сары су егудің уақыт интервалын және дозасын, орналасуын және жасырын кезеңінде сары суды еккеннен кейінгі тері патологиялық өзгерістерінің көріністерін анықтайды. Локализациясын, тіннің зақымдану деңгейін айналасындағы тері реакциясын, және ол жерде ісінудің, ауырсынудың барын анықтайды.

Келесі сұрақтарға жауап бере отырып қорытынды жасайды:

1.Артюс феномені аллергиялық серпілістің қай түріне жатады?

2.Артюс феноменінде тері зақымдануына қандай факторлардың әсері шешуші роль атқарады?



6.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.

7.Бақылау

Тесттер

1.Джелл мен Кумбс бойынша аллергиялық серпiлiстердiң жiктелу негiзiнде ...

жатады.

А) аллергиялық серпiлiстердiң патогенезi



В) аллергиялық серпiлiстердiң клиникалық көрiнiсiнiң пайда болу уақыты

С) аллергиялық серпiлiстердiң этиологиясы

Д) аллергиялық серпiлiстердiң ауырлық дәрежесi

Е) клиникалық көрiнiстерiнiң сипаты

2.Аллергиялық серпiлiстердiң иммундық сатысының негiзiнде ... жатады.

А) антидене титрi азаюы

В) аллергиялық медиаторлардың түзiлуi

С) аллергиялық медиаторлардың әсерiне Т-лимфоциттердiң түзiлуi

Д) антидененiң

Е) сезiмталдығы жоғары Т-лимфоциттер, антидене түзiлуi

3.Аллергиялық серпiлiстердiң патохимиялық сатысы ... сипатталады.

А) аллергиялық медиаторлардың бөлiнуiмен

В) бұлшық ет жиырылуымен

С) тамыр қабырғасының өткiзгiштiгiнiң жоғарылауымен

Д) иммундық кешендер түзiлуiмен

Е) микроциркуляция бұзылуымен

4.Аллергиялық серпiлiстердiң патофизиологиялық сатысы ... сипатталады.

А) биологиялық белсендi заттардың әсерiнен ағзалармен тiндер

құрылымы және қызметiнiң бұзылыстарымен

В) биологиялық белсендi заттардың әсерленуiмен

С) иммундық кешендер түзiлуiмен

Д) антидене түзiлуiмен

Е) сезiмталдығы жоғарылаған лимфоциттердiң түзiлуiмен

5.Организмнiң сенсибилизациясы ... дамиды.

А) аллерген алғаш түсуi кезiнде

В) анафилаксиялық шок өткергеннен кейiн

С) аллергендермен иммунотерапиядан кейiн

Д) анафилактогендi қайтадан ендiрген кезде

Е) аллергеннiң шешушi мөлшерлерiн ендiргеннен кейiн

6.Енжар сенсибилизация ... дамиды.

А) арнайы антидене немесе сезiмталдығы жоғарылаған Т-лимфоцит енгiзгенде

В) аллергендi қайталап енгiзгенде

С) организмге гаптен түскенде

Д) меншiктi тiндер зақымданғанда

Е) нәруыздық заттарды көк тамырға енгiзгенде

7.Аллергиялық серпілістердің реагинді түрінің дамуына қатысатын

иммуноглобулиндер ... классынан болады.

А) Е


В) М

С) А


Д) С

Е) Д


8. Аллергиялық серпілістердің иммунокешендікі түрінің дамуына қатысатын

иммуноглобулиндер ... классынан болады.

А) Е

В) М


С) А

Д) С


Е) Д

9.Реагиндер иммуноглобулиндерге ... жатады.

А) Е класының

В) М класының

С) G класының

Д) D класының

Е) А класының

10.Аллергиялық серпiлiстердiң реагиндiк түрiнiң иммунологиялық сатысы ...

сипатталады.

А) иммуноглобулин Е түзiлуi және оның мес жасушалардың бетiне бекуiмен

В) жасушаға лизосомалдық ферменттердiң зақымдаушы әсерiмен

С) мес жасушаларды түйiршiксiзденуiмен



Д) медиаторлардың бөлiнуiмен

Е) клиникалық көрiнiстерiмен
1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет